О порядке выплаты единовременной помощи участникам, инвалидам Великой Отечественной войны и другим категориям граждан Күшін жойған
Басқа 0
Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгедектеріне және басқа да санаттағы азаматтарға бір жолғы көмек төлеу тәртібі туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес, сондай-ақ облыстық мәслихаттың 2005 жылғы 11 ақпандағы № 3С-10-2 «Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгедектеріне және басқа да санаттағы азаматтарға біржолғы материалдық көмек төлеу туралы» шешімін орындауда аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жергілікті атқарушы органдардың Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгедектеріне біржолғы материалдық көмек беру Ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Аудандық экономика және каржы бөлімі трансферттердің мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы Ақмола облысы Жарқайың ауданы әділет бөлімінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және кезекті басылымда міндетті түрде жариялануға тиісті.
Басқа 4. Ұлы Отан соғысына қатысқандарға, мүгедектеріне және де басқа азаматтар категориясына жергілікті орындау органдарымен бір жолғы көмек төлеу Ережесі
Жарқайың ауданы Әкімдігінің
2005 жылғы «13» сәуір № 162
қаулысымен бекітілген
Ұлы Отан соғысына қатысқандарға, мүгедектеріне және де басқа азаматтар категориясына жергілікті орындау органдарымен бір жолғы көмек төлеу Ережесі
Ұлы Отан соғысына қатысқандарға, мүгедектеріне және де басқа азаматтар категориясына жергілікті орындау органдарымен бір жолғы көмек төлеу тәртібін негізгі ереже белгілейді.
Тармақ 1
1. Аудандық жұмыстылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Ұлы Отан соғысына қатысқандарға, мүгедектеріне, кәмілетке жетпеген концлагер тұтқындарына, ҰОС жылдары тылда еңбекке құштарлығы және адал қызметі үшін медалімен марапатталған азаматтарға және «Ленинград қоршаны үшін» медалімен марапатталғандарға және қайтыс болған әскердің екінші рет тұрмыс құрмаған жесірлеріне бір жолғы көмек 451015019 аудан бағдарламасы «Ұлы Отан Соғысы ардагерлеріне және мүгедектеріне бір жолғы көмек төлеу» облыстық қаржы трансфертік мақсаттық ағым есебінен 2005 жылғы 15 сәуіріне дейін ақша аударылынады.
Тармақ 2
2. Ұлы Отан соғысына қатысқандарға, мүгедектеріне және оларға теңестірілгендерге мемлекеттік зейнет ақы төлеу орталығынан әлеуметтік төлем алушы 2005 жылғы 31 наурыздың жағдайына жинақ тізіміне қарай бір жолғы көмек төлеу жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Аудандық жұмыстылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Ұлы Отан соғысына қатысқандар, мүгедектер және де басқа азаматтар категориясының 2 тармақта көрсетілген органдарымен берілген тізімін құрастырады.
Бір жолғы көмек төлеудін, құрастырылған тізімі бойынша қаржы Жарқайың ауданының пошта байланысының торабындағы жеке шотына аударуымен жүзеге асырылады
Тармақша 1
1) Ұлы Отан соғысына қатысқандарына, мүгедектеріне әр біріне 10000 теңгеден;
Тармақша 2
2) Кәмілетке жетпеген концлагер тұтқындарына, ҰОС жылдары тылда еңбекке құштарлығы және адал қызметі үшін медалімен марапатталғандарға;
Ленинград қоршаны мерзімінде жұмыс істегендерге және «Ленинград қоршаны үшін» медалімен марапатталған азаматтарға;
қайтыс болған әскердің екінші рет тұрмыс құрмаған жесірлеріне 5000 теңгеден.