О введении временного запрета на вывоз керосина Қолданыста
Басқа 0
Керосинді әкетуге уақытша тыйым салуды енгізу туралы
2008 жылғы 25 қаңтардағы Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеудің бірыңғай шаралары туралы келісімнің 9-бабына және 2009 жылғы 9 маусымдағы Үшінші елдерге қатысты бірыңғай кедендік аумақта тауарлардың сыртқы саудасын қозғайтын шараларды енгізу және қолдану тәртібі туралы келісімнің 8-бабына сәйкес, мұнай өнімдерінің ішкі нарығында күрделі тапшылықты болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Арнайы бензиндерден (КО СЭҚ ТН 2710 11 210 0 - 2710 11 250 0) басқа, керосинді (КО СЭҚ ТН коды 2710 19 21 0 0 - 2710 19 250 0) әкетуге алты ай мерзімге тыйым салынсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағының орындалуы бойынша бақылауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулының 1-тармағында көрсетілген тыйым салуды енгізу туралы кеден одағына қатысушы мемлекеттерді, сондай-ақ Кеден одағы комиссиясының Хатшылығын хабардар етсін;
Тармақша 2
2) Кеден одағы комиссиясының қарауына осы қаулының 1-тармағында көрсетілген шараларды кеден одағына қатысушы басқа да мемлекеттердің қабылдауы туралы ұсыныс енгізсін.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетінің Хатшылығына Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу жөніндегі шаралар туралы күнтізбелік он төрт күн ішінде хабарласын.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік үш күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.