Об утверждении Правил осуществления социальных выплат отдельным категориям граждан Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.03.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру Ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заңының 6 бабына сәйкес, аудан әкімінің өтінішін қарастырып және жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бастығының ақпаратын тыңдап, Сандықтау ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыруға ұсынылған Ережені №1 қосымшаға орай бекітсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімді бақылауды әлеуметтік мәселелер жөніндегі аудан мәслихатының тұрақты комиссиясына жүктесін.
Тармақ 3
3. Осы шешім Ақмола облысының Сандықтау ауданының Әділет басқармасында тіркеуден өткеннен кейін және «Сандыктауские вести» газетінде жарияланғаннан кейін күшіне енеді.
Басқа 4
2005 жылдың 18 наурызында № 15/2 аудан мәслихаты сессиясының бекітілген шешіміне 1 қосымша Жеке категориядағы азаматтарға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Нақты жеке категориядағы азаматтарға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру ережесі (бұдан әрі-Ереже) бюджеттік 451007000 «Жеке категориядағы тұлғаларға жергілікті органдардың өкілдерінің шешімі бойынша әлеуметтік төлемдер», бағдарламасы бойынша төлемдерді ұйымдастыру тәртібін реттейді
Тармақ 2
2. Ережені қабылдау үшін Қазақстан Республикасының 23 қаңтар 2001 жылғы № 148 «Қазақстан Республикасында мемлекеттік жергілікті басқару туралы» Заңы және 24 сәуір 2004 жылғы № 548 Қазақстан Республикасының бюджет кодексі құқықтық негіз болып табылады
Тармақ 3
3. Ереженің қызметі реттелетін Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңының қатысына таратылмайды
Тармақ 4
4. Әлеуметтік көмек мемлекеттік мерекелерде және жалпы аудандық шараларда ақшалай қаражатпен, ақысыз тамақтануға, жеке куәлігін рәсімдеуге, стационарда емделуге, медициналық мекемелерде қаралуға, дәрі-дәрмекті сатып алуға және емделу орнына дейінгі жол ақы, жұмыссыздар мен кәмелеттік жасқа толмаған балаларды жерлеу түрінде көрсетіледі
Тарау 2. 2. Төлемдерді алу құқығы
2. Төлемдерді алу құқығы
Тармақ 5
5. Төлемдерді алу құқығын игеретіндер:
Тармақша 1
1) Өмірлік ауыр жағдайға тап болған орта жан басына шаққандағы кірісі күн көріс деңгейінен аспайтын және жедел әлеуметтік қолдауға мұқтаж жағдайлары анықталған отбасылары (азаматтары), сонымен бірге мереке күндері жеке санаттағы азаматтар болып табылады;
Тармақша 2
2).Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оған тенестірілген тұлғалар, тыл еңбекерлеріне, әскери-интернационалистер, зейнеткерлер, 16 жасқа дейінгі мүгедек-балалар, жетім балалар, «Мать героиня» медалдарымен және «Күміс алқа», «Алтын алқа» аспаларымен марапатталған көп балалы аналар;
Тармақша 3
3) Өртін нәтижесінде, басқада жағдайларда зардап шеккен отбасылары (кіріс саналмайды)
Тармақша 4
4) Жұмыссыз азаматтар мен кәмелеттік жасқа толмаған балаларды жерлейтін отбасылары
Тарау 3. 3. Төлемдер бойынша жұмыстарды ұйымдастыру
3. Төлемдер бойынша жұмыстарды ұйымдастыру
Тармақ 6
6. Төлемдер бойынша жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында аудандық мәслихат депутаттарының санынан, Сандықтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, қоғамдық мүшелерден және басқа да ұйымдардың өкілдерінен комиссия құрылады. Комиссияның жеке құрамы мен саны аудандық маслихаттың шешімімен бекітіледі. Комиссия отырысы айына бір реттен кем емес Сандықтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде өткізіледі. Комиссияның негізгі міндеттері болып табылатындар:
Тармақша 1
1) әлеуметтік көмекті көрсету туралы азаматтардың өтініштерін қарастыру;
Тармақша 2
2) көмек сұраған отбасының (азаматтың) қамтамасыз етілген деңгейін және әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын тексеру;
Тармақша 3
3) әлеуметтік көмекті тағайындау немесе бас тарту туралы шешім қабылдау.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік көмекті көрсетудің тәртібі мен мөлшері
4. Әлеуметтік көмекті көрсетудің тәртібі мен мөлшері
Тармақ 7
7. Әлеуметтік төлем ақша түрінде жылына бір рет бір отбасының мүшесіне (азаматқа) беріледі.
Тармақ 8
8. әлеуметтік төлемді алуға үміткер тұлғалар Сандықтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне өтініш тапсырады. Өтінішке келесі құжаттар тапсырылады:
Тармақша 1
1) төлқұжат немесе жеке куәлігі, ӘЖК, СТН;
Тармақша 2
2) отбасының құрамы туралы анықтама;
Тармақша 3
3) өткен тоқсандағы кірісі туралы анықтама;
Тармақша 4
4) әлеуметтік төлемге мұқтаж екендігін растайтын құжат
Тармақша 5
5) отбасының материалды жағдайы туралы акті
Тармақша 6
6) банктегі есеп шотының нөмірі
Тармақ 9
9. 5 тармақтың 4 кіші тармағында көрсетілген тұлғалар әлеуметтік көмек алуға келесі құжаттарды тапсырады:
Тармақша 1
1) өтініш
Тармақша 2
2) отбасы туралы анықтама
Тармақша 3
3) өлуі туралы анықтама
Тармақша 4
4) өлуі туралы куәлік
Тармақша 5
5) ӘЖК, СТН, банк шоты, жеке куәлігі
Тармақ 10
10. Көмек көрсету туралы өтінішті талап етпей-ақ және материалдық-тұрмыстық тексеріс актісіңсіз, мемлекеттік мерекелерде және аудандық іс-шараларда аудан әкімімен келісілген, тізімнің негізінде жүргізіледі.
Тармақ 11
11. Әрбір нақты жағдайда төлем мөлшері комиссиямен анықталады. 5 тармақтың 1 кіші тармағында және 5 тармақтың 2 кіші тармағында көрсетілген тұлғалар үшін 20 айлық есептеу көрсеткішінен аспауы керек, 5 тармақтың 3 кіші тармағында көрсетілген тұлғаларға комиссиямен анықталады, бірақ 40 айлық есептеу көрсеткішінен аспауы керек, ал 5 тармақтың 4 кіші тармағында көрсетілген тұлғалар үшін 10 айлық есептеу көрсеткішінен аспауы керек
Тарау 5. 5. Төлемдерді қаржыландыру.
5. Төлемдерді қаржыландыру.
Тармақ 12
12. Әлеуметтік төлемдердің шығыстарын қаржыландыру 451007000 «Жеке категориядағы тұлғаларға жергілікті органдардың өкілдерінің шешімі бойынша әлеуметтік төлемдер» бюджеттік бағдарлама бойынша осы мақсаттар үшін аудандық бюджетте қарастырылған қаражаттың шегінде жүргізіледі.
Тарау 6. 6. Төлемдерді жүзеге асыруды бақылау
6. Төлемдерді жүзеге асыруды бақылау
Тармақ 13
13. Әлеуметтік төлемдерді бақылау және есеп беру жөніндегі Қазақстан Республикасының бюджет кодексіне сәйкес жүзеге асырылады