Об утверждении Правил по содержанию кошек и собак в населенных пунктах Ерейментауского района Қолданыста
Басқа 0
Ерейментау ауданының елді мекендерінде мысық пен ит ұстауға арналған ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Ерейментау аудандық Мәслихаты ШЕШТI:
Тармақ 1
1. Ерейментау ауданының елді мекендерінде мысық пен ит ұстауға арналған ереже (қосымша) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Бұл шешім Ерейментау ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін және ресми жарияланған сәтінен бастап күшіне енеді.
Басқа 3
2005 жылдың 29 наурызындағы
№ С-16/6 шешіміне қосымша
Ерейментау ауданының елді мекендерінде мысық пен ит ұстау ЕРЕЖЕЛЕРІ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Бұл Ереже Ерейментау ауданының аумағында үй хайуанаттарын, атап айтқанда мысық, ит ұстауды бір ізге түсіру мақсатымен жобаланған және осы Ережені бұзғаны үшін заңды және жеке тұлғалардың жауапкершілігін көздейді.
Тармақ 2
2. Ереже, меншік үлгісіне қарамастан, мысық пен ит ұстайтын жеке және заңды тұлғалардың бәріне бірдей қолданылады.
Тармақ 3
3. Бұл Ереже Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңымен, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексімен және Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңымен сәйкестендіріліп жобаланған.
Тарау 2. 2. Мысық пен итті ұстау
2. Мысық пен итті ұстау
Тармақ 4
4. Мал ұстайтын үй иелері үй хайуанаттарын ұстауға арналған санитарлық-гигиеналық, ветеринарлык ережелерді ескеруге тиісті.
Тармақ 5
5. Аулада ит ұстаған сәтте, иелері оның қашуына мүмкіндік бермеуге, көршісінің ауласынан алысырақ орында ұстауға міндетті. Иттің бар екенін растайтын аулаға кіреберіс қақпада ескерту тақтайшасы ілінуге тиісті. Ұсталатын ит пен мысықтың санына шек қойылмайды, дегенмен ол көршілерге қолайсыздық тудырмауға тиісті.
Тармақ 6
6. Жанында иесі болмай, көше мен өзге қоғамдық орындарда бейсауат жүрген ит аулануы шарт. Бақылаусыз жүрген осындай үй жануарлары ауланып, көзі жойылатын болады.
Тармақ 7
7. Дүкеннің, аурухананың алдында иелері байлаулы күйде тұмылдырықпен қалдырғаннан өзге, қоғамдық орында ертіп жүрген адамы жоқ ит, мысық бақылаусыз болып есептеледі.
Тарау 3. 3. Мысық пен ит иелерінің міндеттері:
3. Мысық пен ит иелерінің міндеттері:
Тармақ 8
8. Мысық пен иттің иелері:
Тармақша 1
1) асырауындағы хайуаның биологиялық ерекшеліктерімен сәйкестендіріп ұстауға, аяушылықпен қарауға, ас-сусыз қалдырмауға, ауырған сәтте ветеринардың көмегіне дер кезінде жүгінуге;
Тармақша 2
2) айналаның қауіпсіздігін, тыныштығын қамтамасыз етуге, тазалық ережелерін, ортақ қолданыстағы орындарға барғанда сақтық тәртібін ескеруге, қажетті шараларды қолдануға;
Тармақша 3
3) ортақ қолданыстағы орынды ластамауға;
Тармақша 4
4) адамды немесе хайуанды ит тістеген сәтте ол жөнінде шұғыл арада жақын маңдағы дәрігерлік және ветеринария кеңсесіне хабарлауға, тексеріп лайықты сақтық шараларын қолдау ниетімен хайуанды мемлекеттік ветеринария мекемесіне жеткізуге;
Тармақша 5
5) хайуанның өлі денесін қалдық жинайтын орыннан тыс жерге тастамауға міндетті. Хайуанның өлі денесі кәдеге жаратылуы шарт.
Тармақ 9
9. хайуанат иелері жұқпалы жәндік пен кеміргіштердің бой көрсетуін тыюға арналған шараларды қолдануға, ит-мысығын бақылаусыз қалдырмауға, қаңғыртып жібермеуге міндетті.
Тармақ 10
10. хайуанат иелері белгіленген мерзімде міндетті ветеринариялық шараларын жүргізуге, карантиндік режимді сақтауға, жұқпалы індеттің алдын алу шараларын жүргізуге міндетті.
Тармақ 11
11. Итті тұмылдырықпен арнайы белгіленген орыңдарда серуендету шарт.
Тарау 4. 4. Мысық пен иттің иелеріне ережені бұзғаны үшін жүктелетін жауапкершілік
4. Мысық пен иттің иелеріне ережені бұзғаны үшін жүктелетін жауапкершілік
Тармақ 12
12. Осы ережені бұзып, кінәлі болған жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне және Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Ветеринария туралы заңнаманы бұзғаны, атап айтқанда:
індет жұқтыратын хайуанаттың көзін жоюға арналған міндетті ветеринарлық - санитарлық шараларды жүргізуден бас тартқаны:
індет жұқтыратын хайуанаттарды таратқаны;
хайуанаттарды өз төлінен өсіргенде ветеринарлық-санитарлық ережелерді ескермегені;
ветеринарлық салада індеттің таралуына немесе өзге ауыр зардаптарға соқтырмайтын өзге нормативтік-құқықтық актілерді, сондай-ақ жергілікті өкілетті және атқару органдарының індетпен күрес мәселесі жөніндегі шешімін бұзғаны үшін азаматтар мен лауазымды тұлғаларға заңнамаға сәйкес айып салынады.
Айып салу туралы қаулыны аудандық ішкі істер бөлімінің өкілі немесе ветеринарлық қызметтің өкілі жазып береді.
Тармақ 13
13. Моральдық және материалдық шығын шеккен жағдайда, жәбірленушінің оның орнын толтыру ниетімен сотқа жүгінуге құқығы бар.