Об утверждении Правил по содержанию сельскохозяйственных животных в населенных пунктах Ерейментауского района Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.03.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ерейментау ауданының елді мекендерінде ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау Ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Ерейментау аудандық Мәслихаты ШЕШТI:
Тармақ 1
1. Ерейментау ауданының елді мекендерінде ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау Ережесі (қосымша) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Бұл шешім Ерейментау ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін және ресми жарияланған сәтінен бастап күшіне енеді.
Басқа 3
2005 жылдың 29 наурызындағы № С-16/5 шешіміне қосымша Ерейментау ауданының елді мекендерінде ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау ЕРЕЖЕСІ
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Бұл Ереже Ерейментау ауданының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау ісін бір ізге түсіру мақсатымен жобаланған және осы Ережені бұзғаны үшін заңды және жеке тұлғалардың жауапкершілігін көздейді.
Тармақ 2
2. Ереже, меншік үлгісіне қарамастан, ауыл шаруашылығы жануарларын ұстайтын жеке және заңды тұлғалардың барлығына қолданылады.
Тармақ 3
3. Бұл Ереже Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңымен, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексімен және Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңымен сәйкестендіріліп жобаланған.
Тармақ 4
4. Бұл Ереженің орындалуына аудандык ішкі істер бөлімі бақылау жүргізеді, ол Ережені ескермейтін жандарды әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесін шешетін болады.
Тарау 2. 2. Ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау тәртібі
2. Ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау тәртібі
Тармақ 5
5. Ауыл шаруашылығы жануарлары аулада арнайы белгіленген орында көршілерге қолайсыздық тудырмайтын лайықталған бөлмелерде ұсталуға тиісті
Тармақ 6
6. Мал иелері оны ұстауға арналған зоотехникалық және ветеринарлық- санитарлық ереже талаптарын ескеруге, қоршаған ортаның ластануына жол бермеуге міндетті.
Тармақ 7
7. Мал қоятын орын тоқсан сайын әктаспен ағартылып, кемінде жылына бір рет залалсыздандырылып тұруы шарт. Көңін, жемшөп қалдықтарын, қоқысын осы мақсатқа арнайы лайықталған орынға уақтылы шығару қажет.
Тармақ 8
8. Малды көшеде, скверде, саябақта, ортақ қолданыстағы басқадай орындарда серуендетуге тыйым салынады.
Тарау 3. 3. Ауыл шаруашылығы жануарлары иелерінің міндеттері
3. Ауыл шаруашылығы жануарлары иелерінің міндеттері
Тармақ 9
9. Мал иелері:
Тармақша 1
1) малды тіршілік ерекшеліктерімен сәйкестендіріп ұстауға, жанашырлықпен қарауға, бақылаусыз қалдырмауға, індет байқалған жағдайда ветеринардың көмегіне уақтылы жүгінуге;
Тармақша 2
2) малдың осы ереже талаптарымен сәйкестендірілген лайықты күтімін қамтамасыз етуге;
Тармақша 3
3) айналаның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, тыныштықты, тазалық ережелерін сақтауға арналған шараларды қолдануға;
Тармақша 4
4) ортақ қолданыстағы орындарды былғамауға, малды тек жайылым мен серуен орнында ғана жайып-бағуға;
Тармақша 5
5) малдың өлі денесін қалдық жинайтын орыннан тыс жерге тастамауға міндетті. Өлген малдың денесі кәдеге жаратылуы шарт.
Тармақ 10
10. Ауыл шаруашылығы жануарлар иелері қиын жүйесі түрде жиып алуға, оны қоқыс орнына шығаруға немесе пайдаға асыруға міндетті.
Тармақ 11
11. Мал иелері паразитті жәндіктер мен кеміргіштердің бой көрсетуін тыю шараларын қолдануға, мал бақылаусыз қалдырмауға, оларды қаңғытып жібермеуге міндетті.
Тармақ 12
12. Мал иелері белгіленген мерзімде міндетті ветеринария шараларын жүргізуге, карантиндік режимде сақтауға, жұқпалы індеттің алдын алуға арналған шараларды іске асыруға міндетті.
Тарау 4. 4. Ережені бұзғаны үшін мал иелеріне жүктелетін жауапкершілік
4. Ережені бұзғаны үшін мал иелеріне жүктелетін жауапкершілік
Тармақ 13
13. Осы Ережені бұзып, кінәлі болған жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 310 бабына және Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңына сәйкес жауапкершілікке тартылады. Ветеринария туралы заңнаманы бұзғаны үшін, атап айтқанда: індет жұқтыратын малды жоюға арналған міндетті ветеринарлық - санитарлық шараларын жүргізуден бас тартқаны; індет жұқтыратын малды таратқаны; малды өз төлінен өсірген сәтте ветеринарлық - санитарлық ережелерді ескермегені; ветеринарлық салада өзге нормативтік-құқықтық актілерді, сондай-ақ індетпен күрес мәселелеріне арналған жергілікті өкілетті және атқару органдарының шешімін бұзғаны үшін азаматтар мен заңды тұлғаларға заңнамаға сәйкес айып жазасы қолданылады. Айып салу туралы қаулыны аудандық ішкі істер бөлімінің өкілі жазып береді.
Тармақ 14
14. Материалдық шығын келтірілген жағдайда, жәбірленушінің оны толтыруға сотқа арыз беретін құқығы бар.