Об утверждении инструкции по оказанию социальной помощи безработным, направленным на профессиональную подготовку, повышение квалификации и переподготовку, по возмещению затрат на медицинское освидетельствование, проживание, питание и проезд к месту обучения в пределах региона Қолданыста
Басқа 0
Кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға медициналық куәландыруға және аймақ шегінде оқу орнына баратын жолы мен тамақтануға, тұруға арналған шығынды өтеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсетудің нұсқаулығын бекіту туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 13), 14) тармақшаларына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру шаралары туралы" қаулысымен бекітілген жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру мен қаржыландырудың Ережесін орындауда Алтынсарин ауданының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға медициналык куәландыруға және аймақ шегінде оқу орнына баратын жолы мен тамақтануға, тұруға арналған шығынды өтеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсетудің нұсқаулығы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қаулының орындалуына бақылаау жасау аудан әкімінің бірінші орынбасары С.Б. Жаманшаловқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолдануға енгізіледі.
Басқа 4. Кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға медициналық куәландыруға және аймақ шегінде оқу орнына баратын жолы мен тамақтануға, тұруға арналған шығынды өтеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсетудің нұсқаулығы
Әкімияттың
2005 жылғы 4 сәуірдегі
№ 86 қаулысымен
бекітілді
Кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға медициналық куәландыруға және аймақ шегінде оқу орнына баратын жолы мен тамақтануға, тұруға арналған шығынды өтеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсетудің нұсқаулығы
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы нұсқаулықта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) аймақтық уәкілетті орган - Алтынсарин ауданы әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі;
Тармақша 2
2) өтініш беруші - әлеуметтік көмек алудан үміткер адам.
Тармақ 2
2. Кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жіберілген -жұмыссыздарға медициналық куәландыруға және аймақ шегінде оқу орнына баратын жолы мен тамақтануына, тұруға арналған шығынды өтеу жөніндегі - әлеуметтік көмекті (бұдан әрі-әлеуметтік көмек) аймақтық уәкілетті орган көрсетеді.
Әлеуметтік көмек, егер жұмыссыз оқу бітірген күннен кейін бір ай ішінде өтініш жасаса, төленеді.
Аймақтық уәкілетті орган азаматтардың әлеуметтік көмек көрсету туралы арыздарын қарайды және оны тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік көмек алуға аймақтық уәкілетті органда ресми тіркелген және заңнамада белгіленген тәртіппен конкурсты жеңіп алған білім беру ұйымдарына кәсіби даярлауға, біліктілікті арттыруға және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздар құқылы.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік көмек алуға өтініш жасау
2. Әлеуметтік көмек алуға өтініш жасау
Тармақ 4
4. Өтініш беруші аймақтық уәкілетті органға жазбаша арыз береді және әлеуметтік көмек алу құқығын растайтын құжаттарды тапсырады.
Тармақ 5
5. Өтініш беруші арызда және құжаттарда көрсетілген мәліметтің толықтығына және растығына Қазақстан Республикасының заңнмаларына сәйкес жауапты болады.
Тарау 3. 3. Қажет құжаттар тізбесі
3. Қажет құжаттар тізбесі
Тармақ 6
6. Әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажет құжаттар:
Тармақша 1
1) әлеуметтік көмек көрсету туралы тұрғылықты жердегі банкідегі жеке шоттың нөмірі көрсетілген жазбаша арыз;
Тармақша 2
2) өтініш берушінің жеке тұлғасын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 3
3) аймақтық уәкілетті органның өтініш берушінің жұмыссыз ретінде ресми тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 4
4) аймақтың уәкілетті органның жұмыссызға кәсіби оқуға берген жолдамасының көшірмесі.
Жолдамада жұмыссыздың аты-жөні, білім беру ұйымының және алатын мамандыктың атауы толық көрсетіледі.
Жолдама тиісті бланкіге ресімделеді, онда қол қойған лауазым иесінің толық қызметінің атауы көрсетіледі, қол койылады және ол ажыратылады, берілген уақыты жазылады. Жауапты тұлғаның қолы мөрмен расталады;
Тармақша 5
5) аймақтық уәкілетті органның кәсіби даярлауға, біліктілікті арттыруға және қайта даярлауға жіберген жұмыссызбен жасасқан шартының көшірмесі;
Тармақша 6
6) темір жолмен, жолаушылар көлігімен (таксиден басқа) жол жүру құжаттарының түпнұсқалары, немесе тасымалдаудың көрсетілген түрлерін жүзеге асырушы ұйымның жол жүру бағасы туралы (оқу басталар алдындағы күндегі) уәкілетті тұлға қол қойып, мөрмен растаған анықтамасы;
Тармақша 7
7) емдеу мекемесінің медициналык куәландырудан өткені туралы анықтамасының көшірмесі және өту үшін төлеген ақы жөніндегі төлем құжаты.
Тармақ 7
7. Әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажет құжаттардың түпнұсқалары және салыстыру үшін олардың көшірмелері аймақтық уәкілетті органға тапсырылады. Салыстырғаннан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі
4. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі
Тармақ 8
8. Аймақтық уәкілетті орган әлеуметтік көмекті тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешімді өтініш беруші арызымен коса барлық құжаттарын тапсырғаннан кейін 10 күн ішінде береді. Әлеуметтік көмекті тағайындаудан бас тартқан жағдайда өтініш берушіге себептері көрсетіліп жазбаша хабарланады.
Әлеуметтік көмекті тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешімге аймақтық уәкілетті органның басшысы қол қояды.
Тармақ 9
9. Қажет құжаттардың біреуінің болмауы әлеуметтік көмек көрсетуден бас тартуға әкеліп соғады.
Тарау 5. 5. Әлеуметтік көмектің мөлшері
5. Әлеуметтік көмектің мөлшері
Тармақ 10
10. Шығынды толық өтеу үшін әлеуметтік көмек көрсетіледі:
Тармақша 1
1) медициналық куәландыруға - осы нұсқаулықтың 6 тармағынын 7) тармақшасында көрсетілген құжаттармен расталған тексерудің бағасы;
Тармақша 2
2) аймақ шегінде (облыстың, ауданның) оқу орнына баратын жолға осы нұсқаулықтың 6 тармағының 6) тармақшасында көрсетілген құжаттармен расталған жол жүрудің бағасы;
Тармақша 3
3) тұруға - ай сайын бір айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
Тармақша 4
4) тамақтануға - ай сайын екі айлық есептік көрсеткіш көлемінде.
Тарау 6. 6. Әлеуметтік көмекті төлеу
6. Әлеуметтік көмекті төлеу
Тармақ 11
11. Әлеуметтік көмекті төлеу аудандық бюджет қаражаттары есебінен жузеге асырылады.
Медициналык куәландыруға және аймақ шегінде (облыстың, ауданның) орнына баратын жолы мен тамақтануға, тұруға арналған шығынды отеу жөнінде әлеуметтік көмекті төлеу осы нұскаулықтың 3 тарауының 6 тармағының 6), 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды тапсырған мезгілден кейін бір ай ішінде жүргізіледі.
Тармақ 12
12. Аймақтық уәкілетті орган есептеу жүргізеді, әлеуметтік көмек тағайындалған азаматтардың тізімін қалыптастырады және жергілікті уәкілетті органға қаржыландыруға жиынтық өтінім тапсырады. Жергілікті уәкілетті орган қаржыландыруға жиынтық өтінімді аудандық қаржы органына тапсырады.
Әлеуметтік көмекті төлеу тиісті операциялар түрінде Қазақстан Республикасының ұлттық банкінің лицензиясы бар, заңнамамен белгілеген тәртіппен конкурсты ұтып алған ұйымдарға аймақтық уәкілетті органның берген тізімдері бойынша жұмыссыздардың жеке есеп шоттарына ақша түрінде аудару арқылы жүзеге асырылады.
Қаржы жетпеген жағдайда оқып жатқан жұмыссыздарға әлеуметтік көмек тіркелген арыздың хронологиялық тәртібімен төленеді.