Об утверждении Правил оказания помощи малообеспеченным семьям (гражданам) на оплату содержания жилища (кроме содержания индивидуального жилого дома) и потребления коммупальных услуг Қолданыста
Басқа 0
Әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй (жеке меншік үйден басқа) және тұтынған коммуналдық қызметтердің төлемақыларына көмек көрсету Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңындағы 6-бапқа сәйкес және Ақкөл ауданы әкімдігінің ұсынысы негізінде, аудандық мәслихат шешім етті:
Тармақ 1
1. Әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй (жеке меншік үйден басқа) және тұтынған коммуналдық қызметтердің төлемақыларына көмек көрсету Ережесі бекітілсін (тігіледі).
Тармақ 2
2. Ақкөл аудандық мәслихаттың 2002 жылғы 29.10. № С 29-12 «Әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй (жеке меншік үйден басқа) және тұтынған коммуналдық қызметтердің төлемақыларына көмек көрсету Ережесін бекіту туралы» шешімі күшін жойғандығы танылсын.
Тармақ 3
3. 01.01.2005 жылғы шешілген іс-әрекет шешімді толықтыра тартуы осы шешім Ақмола облыстық әділет Департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға тиіс.
Ескертулерсіз келесімдер:
Аудан әкімінің орынбасары А.И.Тимошин
2005 жылғы 17 наурыз
Экономика және қаржы
бөлімінің бастығы О.М.Лисина
2005 жылғы 17 наурыз
Жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің бастығы А.К.Мананбаева
2005 жылғы 17 наурыз
Басқа 4
БЕКІТЕМІН Ақкөл аудандық
мәслихатының сессиясының
2005 жылғы 17-наурыздағы
№ С 18-4 шешімімен
Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға (жеке үйден басқа) және коммуналдық қызметті пайдалану ақысына берілетін көмектің ЕРЕЖЕСІ
Осы ереже Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынасы туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылдың 9 қыркүйектегі № 949 «Телефонның абоненттік ақысының тарифы өсуіне өтем мәселесі туралы» қаулысына сәйкес аз қамтамасыз етілген азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету үшін жасалған және тұрғын үй көмегін көрсету тәртібін белгілейді.
Тарау 1. 1. Жалпы қағидалар
1. Жалпы қағидалар
Тармақ 1
1. Тұрғын үйге берілетін көмекті әлеуметтік көмек тағайындау және төлемі жөніндегі аудандық өкілетті орган (әрі қарай - өкілетті орган) тағайындайды.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй көмегі аз камтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) үй ұстау (жеке тұрғын үй ұстаудан басқа) үшін төленген ақының шығынын толтыруға, қолданған коммуналдық қызмет ақысына және қалалық телекоммуникация желісіне қосылған телефонның абоненттік ақысының өсуі себепті байланыс қызмет ақысына беріледі
Тармақ 3
3. Тұрғын үй көмегі аудан көлемінде тұрғылықты тұратын және үйдің меншікті иесі немесе үйді жалға алып тұрушы қала телекоммуникация желісінің абоненттері болып саналатын адамдарға, егер үйді (жеке тұрғын үй ұстаудан басқа) ұстау төлемінің, қолданылған коммуналдық қызмет ақысының және телефонның абоненттік ақысының өсуі себепті байланыс қызмет ақысының шығымы отбасының кіріс жиынтығының 20 пайызынан асып кетсе ғана төленеді.
Тармақ 4
4. Өтем мөлшерімен қамтамасыз етілетін тұрғын үй аумағының шамасы тұрғын үй заңдарымен белгіленген отбасының әр мүшесіне берілетін шамаға эквивалентті.
Тармақ 5
5. Қалалық телекоммуникация желісіне қосылған телефонның абонент ақысының өтемі заңдарға сәйкес белгіленеді.
Тармақ 6
6. Жеке меншікте бір бірліктен артық үйі (пәтер, үй) бар немесе үйін жалға берген адамдар тұрғын үй көмегін алуға құқығын жоғалтады.
Егер отбасы құрамындағы еңбекке жарамды адам жұмыс істемесе, оқымаса және жұмыссыз ретінде тіркелмесе, күтім қажет деп танылған мүгедектер мен жеті жасқа дейінгі бала күтімінде отырған адамдардан басқалар, тұрғын үй көмегін алуға құқығы жоқ.
Тұрғын үй көмегі өтініш бергенше тұрғын үй-коммуналдық қызмет ақысы жөнінен қарыздар болған отбасыларға тағайындалмайды, кірісі жоқ отбасыларға бұл қатысты емес.
Тарау 2. 2. Тұрғын үй көмегін тағайындау.
2. Тұрғын үй көмегін тағайындау.
Тармақ 7
7. Тұрғын үй көмегі өтініш берген айдан бастап алты айға тағайындалады.
Тармақ 8
8. Тұрғын үй көмегін көрсету туралы өтінішті үй йесі, үйді жалға алушы келесі қосымша құжаттармен бірге береді:
Тармақша 1
1) жеке бас құжаты (көшірме);
Тармақша 2
2) отбасының құрамы туралы анықтама;
Тармақша 3
3) отбасының барлық мүшелерінің кірісі туралы токсандық анықтама;
Тармақша 4
4) үйдің жекешелендірілгені, сатып алынғаны немесе жалға алынғаны жөніндегі келісім;
Тармақша 5
5) тұрғын үйді ұстау және коммуналдық ақысын төлеу шығымдары жайлы мәліметтер;
Тармақша 6
6) қалалық телекоммуникация жүйесінің абоненті ретінде телекоммуникация қызметы ақысын төлеген келісім (көшірме), немесе квитанция-шот;
Тармақ 9
9. Өкілетті орган тапсырылған құжаттардың нәтижесі бойынша тұрғын үй көмегінің тағайындалуы туралы шешім шығарады және тұрғын үй көмегін беру жайлы 2 данада келісім жасайды, оның біреуі үй йесіне (жалға берушіге) беріледі.
Тармақ 10
10. Тұрғын үй көмегінің мөлшері тұрғын үйді ұстауға (жеке үйді ұстаудан басқа) жұмсалатын ақының, қолданылған коммуналдық қызмет ақының және қалалық телекоммуникация жүйесіне қосылған телефонға абонент ақысының өсуі себепті байланыс қызмет ақысынын нақты төлемі мен отбасының кіріс жиынтығының 20 пайызының айырмасы ретінде есептеледі.
Тармақ 11
11. Тұрғын үйді ұстау ақысына және коммуналдық қызмет ақысына тариф өзгерген жағдайда өкілетті орган алдында тағайындалған тұрғын үй көмегін қайта есептейді.
Тармақ 12
12. Тұрғын үй көмегін алушылыр өзгерістер (үй меншігі, жанұя құрамы) болған жағдайда өкілетті органды 10 тәулік ішінде хабарландыруы кажет.
Үй йесі (жалға алушы) нақты емес мәлімет беріп, тұрғын үй көмегі артық немесе заңсыз тағайындалған төлем болып шықса, үй йесі (жалға алушы) бір жылға тұрғын үй көмегін алу құкығынан айрылады, ал заңсыз тұрғын үй көмегі түрінде алынған сомалар заңмен белгіленғен түрде кейін қайтарылуға тиісті.
Тарау 3. 3. Тұрғын үй көмегін төлеу тәртібі.
3. Тұрғын үй көмегін төлеу тәртібі.
Тармақ 13
13. Тұрғын үй көмегі ақшалай алушылардың шоттарына аударылады.
Тармақ 14
14. Тұрғын үй көмегі аудандық бюджет қорынан көрсетіледі.
Тармақ 15
15. Телефонға абоненттік акының тарифы өсуі себепті өтем төлемі заңға сәйкес жүргізіледі.
Тарау 4. 4. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлем дұрыстығын бақылау.
4. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлем дұрыстығын бақылау.
Тармақ 16
16. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлемінің дұрыстығын бақылау тиісті бюджеттің орындалуына тексеріс жүргізу арқылы жүзеге асады.