О правилах содержания и защиты зеленых насаждений на территории Целиноградского района Күшін жойған
Басқа 0
Целиноград ауданы аумағындағы жасыл желектерді күту және қорғау ережелері туралы
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 2 тармақшасына және Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құкық бұзушылық туралы» Кодексінің 3, 300 баптарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Целиноград ауданының аумағындағы жасыл желектерді күту және қорғау ережелері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім аудандық «Призыв»-«Ұран» газетінде жариялағаннан соң 10 күннен кейін күшіне енеді.
Басқа 3
БЕКІТІЛДІ
Аудандық мәслихаттың шешімімен
«Целиноград ауданы аумағындағы
жасыл желектерді күту және қорғау
ережелері туралы» 30.03.2005
жыл №100/14-3
Целиноград ауданының аумағындағы жасыл желектерді күту және қорғау ЕРЕЖЕЛЕРІ
Тарау 1. 1. Жалпы қағида
1. Жалпы қағида
Осы ережелер Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құкық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес әзірленді.
Целиноград ауданы аумағында орналасқан бүкіл жасыл желектер, кімнің иелігінде болуына қарамастан, ауданның жалпы жасыл қорын құрайды және қорғауында болады.
Ережелер жасыл желектердің күту және корғау тәртібін қарастырады.
Ережелер Целиноград ауданы аумағындағы елді мекендерде орналасқан жасыл желектерді өсіру және қорғау жөнінде жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың ара-қатынастары мен жауапкершілігін растайды және меншік иесіне қарамай бүкіл шаруашылық субъектілерге, жалға алушылар, үй салушылар, жеке үй, құрылыс, жер иелеріне міндеттеледі.
Тарау 2. 2. Негізгі түсініктер мен атаулар
2. Негізгі түсініктер мен атаулар
Тармақ 1
1. Жасыл желектер - елді мекендер құрылымдарының жоспарлау элементі, санитарлық-гигиеналық жағдай мен көркемдік деңгейін жоғарлатуды қамтамасыз ету және сәулетті-ланшафты рәсімдеу.
Тармақ 2
2. Жер жұмыстары - аумақты қазумен, топырақты оюмен, қайта жаюмен байланысты жұмыстар.
Тармақ 3
3. Жер пайдаланушы - ауылды жердегі жерді пайдаланушы жеке тұлға немесе заңды тұлға мақсаты мен меншік иелігіне қарамай (кәсіпорын, ұйым, кәсіпкер, жер үй иеленуші, шаруашылық басшысы).
Тарау 3. 3. Жасыл желектерді күту және қорғау
3. Жасыл желектерді күту және қорғау
Тармақ 4
4. Скверлерді, бақтарды, жасыл шөп егістіктерді, жасыл желектердің басқа да объектілерінің күнделікті күту жұмыстары жеке тұлғалар мен заңды тұлғаларға жүктеледі, өздеріне бекітілген аумақтарда.
Жасыл желектердің өндірісін және қорғау жұмыстарын қамтамасыз ету, өздеріне бекітілген аумақта, жер пайдаланушыларға міндеттеледі.
Тармақ 5
5. Құрылыс алаңдарында жерасты коммуникация және инженерлік жүйелер жолдарындағы жасыл желектерді жою, қайта отырғызу жұмыстары әкім аппаратының жасыл желектерді жою туралы актысы болған жағдайда ғана рұқсат етіледі.
Тармақ 6
6. Жасыл желектерді жою және кайта отырғызу жұмыстары құрылысшылар күшімен және қаражатымен жүргізіледі. Жасыл желектерді калпына келтіру жұмыстары, жойылған жасыл желектердің орнына, құрылыс немесе жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан ұйымдарға жүктеледі.
Тармақ 7
7. Өндіріс жұмыстарын жасап жатқан жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар міндеттері:
жасыл желектердің зақымдауынан сақтау;
жолдарға, тратуарларға, тас асфальт төсеу жүмыстарын жүргізгенде диаметрі 1 метрден кем емес шұңқырлар қалдырулары керек;
жасыл желектер кеңістіктерінде жолдарды қайта жаңарту жұмыстарын жүргізгенде тік белгілер 5 сантиметрден аспауы керек.
Жасыл желек аймақтарында тыйым салынады:
Тармақша 1
1) газондарды, гүл көжектерін, ағаш маңайын ластауға;
Тармақша 2
2) ағаштарды, көшеттерді өз бетімен шабуға;
Тармақша 3
3) ауылдық округ әкімдерінің келісімінсіз қоршау орнатуға;
Тармақша 4
4) ағаштарды шабуға, сындыруға, бұтақтарын, шоқ ағаштарын, газондар мен клумбалардан гүл шоғын жұлуға, ағаштардан шырын алуға, пышақпен тілуге, сөздерді жазуға, шеге қағуға, сыммен орап тартуға жән де жасыл желектерге басқа да зақымдар жасауға;
Тармақша 5
5) жасыл желектерге және ағаштар арасына жіп керіп кір жаюға;
Тармақша 6
6) жасыл желектер аймағында өндірістік ағыс сулар, жанар-жағар май, химиялық, құрылыс жеке де басқа да заттар қоймасын жасауға және төгуге;
Тармақша 7
7) парктер мен скверлердің гүлзарлар мен клумбаларында шағын дүкендерді, дүңгіршектерді, үстелдерді, балмұздақ сататын арбаларды орналастыруға;
Тармақша 8
8) гүлзарлар мен жасыл желектер отырғызылған жерге автокөлік қоюға, парктер мен скверлерге жақын орналасқан арнайы тұрақтардан басқа;
Тармақша 9
9) гүлдерді, көшеттерді, жас және жеміс ағаштарын тамырымен қазып алуға;
Тармақша 10
10) гүлзарлар мен клумбалардан жануарларын сейілге шақыруға;
Тармақша 11
11) жасыл көшеттерді ауылшаруашылық және үй жануарлармен таптауға және бүлдіруге.
Тармақ 9
9. Шаруашылық жүргізуші субъектілер меншікті түрғын үй кооперативтерінің, бау-бакша серіктестерінің басушлары, жеке меншік үй иелері міндеті:
Тармақша 1
1) жасыл желектерді ұқыптылықпен қарап және қорғау;
Тармақша 2
2) бекітілген аумақтарда оңтайлы мерзім ішінде жасыл желектерді күту үшін қажетті барлық агротехникалық шараларды жүргізу, суару, кесу, нысандау, қураған бұтақтарды кесу, жеміс ағаштарының штамбарын тазалау және ағарту, тыңайтқыштар төгу, жас ағаштардың дінінің айналасын дөңгелектеп қопсыту, дің түбіндегі ұсак бұтақтарды алып тастау, дезинфекциялау және жараларын бітеу, арамшөптерді механикалық жолмен құрту және де басқа шаралар;
Тармақша 3
3) суару жүйелерін техникалық жөнделген жағдайда ұстау және оған уақытылы кезеңдік (маусымдық) алдын-ала техникалық күтім, әзірлік жұмыстарын жасау;
Тармақша 4
4) ағаш, жеміс ағаштарының, көшеттерінің зиянкестері мен ауруларына қарсы, арамшөптермен жылсайынғы күресті өз күштерімен немесе тиісті ұйымдармен келісім-шарт арқылы күрес жүргізу.
Тарау 4. 4. Құрылыс жұмыстарын жүргізетін ұйымдардың міндеттері
4. Құрылыс жұмыстарын жүргізетін ұйымдардың міндеттері
Тармақ 10
10. Құрылыс жұмыстарын жүргізуші ұйымдар міндетті:
Тармақша 1
1) құрылыс аймағындағы суару жүйесі сақталуын қамтамасыз ету және жасыл желектерге күтім жасау;
Тармақша 2
2) ғимараттар және жер асты коммуникация жұмыстарының жобасын әзірлеу кезінде жобалау ұйымдары құрылыс алаңдардағы ағаштар мен жасыл желектердің зақымдалмай сақталуын қамтамасыз ететін жұмыс тәртібін ұйымдастыру, құрылыс жұмыстарының сметасында жасыл желектердің иесіне келтірілген шығындарды, бекітілген нормативтер мен есептер бойынша қарастыру, ал оларды басқа жерге қайта отырғызу қажет болған жағдайда қосымша қаражат қарастыру;
Тармақша 3
3) құрылыс алаңдарындағы ағаштарды қоршау, жолдарды және тратуарларды асфальттау кезінде ағаштардың діңінен диаметрі 2 метрден кем емес, жасыл желектердің 1 метрден кем емес шеңбер қалдыру;
Тармақша 4
4) бактар, скверлер, көшедегі өскіндер аумағында жер және басқада кұрылыс-монтаждау реконструкция, жер асты коммуникация жұмыстары жүргізу кезінде ағаштарды, жасыл желектерді алып тастау немесе басқа жерге отырғызу қоршаған ортаны қорғау басқармалығы рұқсатымен жүргізу, егер жасыл желектер нысандар мен коммуникациялардың қорғау аумағында болмаса, олардың иелеріне келтірілген шығынды төлеуге;
Тармақша 5
5) объектілерді тапсыру кезінде жасыл желектерді суару үшін суару жүйелері және басқада инженерлік құрылымдарды қарастыру.
Тармақ 11
11. Сәулет және жерге орналастыру мемлекеттік органдарды жасыл желектері бар аумақтарда құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін жер бөлгенде, тек коршаған ортаны қорғау басқармасының және осы аумақты көгалдандыру жұмысын жүргізуші ұйымның келісімімен береді.
Тармақ 12
12. Көлік, электр желілері шаруашылық жүргізуші субъектілері, басқа да мүдделі ұйымдар, жол қиылыстарында шолу аумағын, радио және электр желілерін кедергі жасайтын ағаш бұтақтарын кесу жұмыстарын жүргізуге міндетті, нормалар мен ережелерге сай, осы өсімдікке тән үлгісін сақтай отырып.
Тармақ 13
13. Жасыл желектерді еріксіз жоқ жұмыстары жүргізу құрылыс жұмыстары үшін жер бөлінгенде экологиялық нормаларын сақталуын бақылайтын, жер асты коммуникацияларды салу және жасыл желектерді қайта жаңарту (сәнді желек ағаштарға ауыстыру) жұмыстарын бақылайтын мемлекеттік органның келісімі бойынша ғана жүргізіледі. Бұл жағдайда келтірілген шығынның құны жасыл желектер иесіне қайтарылуы қажет, айып колданылып жүрген заңдарға сәйкес пайдаланылады.
Тарау 5. 5. Жасыл желектерді күту және корғау жүйесіндегі заң бұзушылыктығы әкімшілік жауапкершілік
5. Жасыл желектерді күту және корғау жүйесіндегі заң бұзушылыктығы әкімшілік жауапкершілік
Тармақ 14
14. Жасыл желектерді зақымдау және жою үшін әкімшілік жауапкершілік Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарға сәйкес анықталады.
Тармақ 15
15. Осы Ереженің баптарын бұзғаны үшін, заңды тұлғалар, жеке тұлғалар және лауазымды азаматтар, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне (300-ші бап) сәйкес жауапкершілікке төменгі жағдайларға тартылады:
Тармақша 1
1) жасыл желектерді зақымдау немесе жою
Тармақша 2
2) көгалдандырылған аумақтарда от жағу, шіріген ағаш жапырақтарын және шөпті жағу;
Тармақша 3
3) гүлзарларды, газондарды, соқпақтарды, суайқындарды былғау және жасыл желек отырғызылған аумақты үй шаруашылық және өнеркәсіп өнімдерімен ағын суларымен ластау;
Тармақша 4
4) ағаштардан шырын алу, пышақпен тілу, сөздерді ойып жазу, ағаштарға жарнамаларды, анықтамаларды, нөмерлік белгілерді, басқада көрсеткіштерді жапсыру, сымдарды байлау, шегелерді және де басқа ілгектерді қағу;
Тармақша 5
5) жасыл желектер аумағынан автокөлік, құрылыс және жол техникаларының жүруі және тұрақ жасауы, осы аумақта жүмыс істейтін және жасыл желектерді күту жұмыстарын атқаратын техникадан басқа;
Тармақша 6
6) жасыл желек аумағында автокөліктерді жуу, арнайы бөлінген орнынан басқа;
Тармақша 7
7) газондарға автокөліктерді қою;
Тармақша 8
8) жасыл желек аумағында мал бағу;
Тармақша 9
9) көгалдандырылған аумақтарға әртүрлі жүктерді қою, оның ішінде құрылыс материалдарын;
Тармақша 10
10) ағаштардың және де көшеттердің қауыпсіздік шаралары қарастырылмай, жасыл желек аумағына төбелерден қар түсіруге;
Тармақша 11
11) жасыл желектерді, бақшаларды, парктерді, скверлерді, санитарлық-қорғау алаңдарын сәйкестік ұлықсатынсыз орналастыру;
Тармақша 12
12) жасыл желектерге зиян келтіріп басқа да іс-қимыл немесе әрекетсіздік жасау.
Тармақ 16
16. Әкімшілік құқық бұзу хаттамасы аудандық ішкі істер бөлімінің лауазымды адамдарымен толтырылады.