Об утверждении Правила о присвоении звания «Почетный гражданин Жаксынского района» Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.03.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Жақсы ауданының құрметті азаматы» атағын беру жөніндегі Ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ETTI: «Жақсы ауданының құрметті азаматы» атағын беру жөніндегі Ережесі бекітілсін (қоса беріліп отыр). КЕЛІСІЛГЕН: Аудан әкімі Е.Нұғыманов
Басқа 1
Жақсы аудандық мәслихатының 2005 жылғы «31» 03 № С-15-6 шешімімен БЕКІТІЛГЕН «Жақсы ауданының құрметті азаматы» атағын беру жөніндегі Ереже
Тарау 1. Kipicne
Kipicne
Тармақ 1
1. «Жақсы ауданының кұрметті азаматы» Жақсы ауданының тұрғыны мен түлегіне елді-мекендерді абаттандыру мен көркейту, мәдениет пен спорттың дамуына үлес қосқан, жергілікті тұрғындарға кеңінен танымал, мінсіз және творчестволық еңбегі, қоғамдық өмірге, жастарды тәрбиелеу ісіне белсенді араласқаны үшін аудан жұртшылығының арасында жоғары бедел мен құрметке ие болған.
Тармақ 2
2. «Жақсы ауданының құрметті азаматы» атағы аудан әкімінің ұсынысы бойынша және аудан мәслихатының шешімінің негізінде Жақсы аудан аумағында кем дегенде 20 жыл тұрған, 50 жастан аса, аудан экономикасының қаржы, өнеркәсіп және аграрлық секторларының, құрылыстың, елді-мекендерді көркейту, білім беру мен денсаулық сақтау, мәдениет және спорт дамуына аса маңызды үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтарына беріледі.
Тармақ 3
3. «Жақсы ауданының құрметті азаматы» атағымен марапаттау үшін кандидатураларды еңбек ұжымдары жиналысының, азаматтар жиынының және ынталы топтардың шешімдерінің негізінде ауыл және ауылдық округ әкімдері ұсынады.
Тармақ 4
4. Ұсыныс аудандық мәлихатқа Республика күнінен кем дегенде 1 ай бұрын, көп дегенде үш адамның кандидатурасы бойынша енгізіледі. Марапаттау туралы ұсыныста марапатталатынның қысқаша өмірбаяны мен сіңірген еңбегінің тізбесі көрсетілуі тиіс. Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының қарауына енгізілген ұсыныс бойынша аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясы екі аптаның ішінде қорытынды дайындауы керек.
Тармақ 5
5. «Жақсы ауданының құрметті азаматы» атағымен марапатталғанға куәлік пен диплом табыс етіледі.
Тарау 2. 2. «Жақсы ауданының құрметті азаматы» дипломынына жазылуы.
2. «Жақсы ауданының құрметті азаматы» дипломынына жазылуы.
Тармақ 6
6. «Жақсы ауданының құрметті азаматы» дипломы қатқыл ақ қағазда жасалады. Бірінші бетінде мемлекеттік және орыс тілдерінде: «Жақсы ауданының құрметті азаматы «дипломы» деген жазба бар. Дипломньң ішкі бетінде - Қазақстан Республикасы Елтаңбасы мен сол жақта - мемлекеттік тілде, оң жақта - орыс тілінде «Жақсы ауданының құрметті азаматы» атағын беру туралы аудандық мәслихат сессиясы шешімінің мәтіні.
Тарау 3. 3. «Жақсы ауданының құрметті азаматы» куәлігінің жазылуы.
3. «Жақсы ауданының құрметті азаматы» куәлігінің жазылуы.
Тармақ 7
7. «Жақсы ауданының құрметті азаматы» атағы куәлікттің болуымен расталады. Куәлік қатты көк түсті қағаздан жасалынады. Куәліктің сыртқы бетінде мемлекеттік және сыртқы бетінде «Куәлік» деген жазу мен Қазақстан Республикасының гербі болады. Куәліктің ішкі бетінде марапатаушының аты- жөні «Жақсы ауданының құрметті азаматты» атағының, бepiлyi жөніндегі аудандық мәслихат сессиясы шешімінің № мен берілген күні; сол жағында мемлекеттік тілде, оң жағында орыс тілінде жазылады.
Тармақ 8
8. «Жақсы ауданының құрметті азаматы» атағын беру туралы аудандық мәслихаттың шешімі аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Тармақ 9
9. Жақсы ауданының құрметті азаматтарын тіркеу аудандық мәслихатта сақталатын «Құрмет кітабында» жүргізіледі.
Тармақ 10
10. Құрметті азаматтар ауданның мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындарында кезексіз қызмет керсетілу құқығын пайдаланады.
Тарау 4. 4. «Жақсы ауданының құрметті азаматы» атағынан айырылуы.
4. «Жақсы ауданының құрметті азаматы» атағынан айырылуы.
Тармақ 11
11. Мына жағдайларда аудандық мәслихат сессиясы шешімімен «Жақсы ауданының құрметті азаматы» атағынан айырылады:
Тармақша 1
1) Құрметті атақ иегері жасаған қылмысы үшін соттың айыптау үкімінің заңды кушіне енуінен кейін;
Тармақша 2
2) атақ иегері үлкен қоғамдық жаңғыруға әкеп соқтырған жағымсыз әрекеттері үшін марапаттауға ұсынған органның ұсынысы бойынша.
Тармақ 12
12. «Жақсы ауданының құрметті азаматы» атағынан айырылған тұлға аудандық мәслихатқа дипломмен оның куәлігін қайтарып береді.