Об утверждении Правил оказания социальной помощи отдельным категориям граждан Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.04.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Ережелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-11 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағы 11), 14) тармақшаларына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қосымша берілген «Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Ережелері» бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім әділет Департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған соң өз күшіне енеді.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің іс-әрекеті 2005 жылғы 1 наурыздан бастап табылған құқықтық қатынастарға таралады.
Басқа 4
Степногорск қалалық мәслихаттың 2005 жылғы 5 сәуірдегі № ЗС-15/3 «Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Ережелерін бекіту туралы» шешімімен бекітілген Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету ЕРЕЖЕЛЕРІ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелері
1. Жалпы ережелері
Тармақ 1
1. Осы азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Ережелері (бұдан әрі — Ережелері) 451.007.000 «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек» бюджеттік бағдарламасы бойынша төлемдерді ұйымдастыру тәртібін реттейді.
Тармақ 2
2. Ережелерді қабылдау үшін құқықтық негіз болып Қазақстан Республикасының 2001 ж. 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңы және 2004 ж. 24 сәуірдегі Бюджет Кодексі табылады.
Тармақ 3
3. Ережелердің іс-әрекеті Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңымен реттелетін катынастарға тарамайды.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік көмекті алуға құқық
2. Әлеуметтік көмекті алуға құқық
Тармақ 4
4. Әлеуметтік көмекті алуға құқылы:
Тармақша 1
1) ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен кірісі бар, өмірлік қиын жағдайдағы, жедел әлеуметтік көмекке мүқтаж отбасылар (азаматтар), сондай-ақ мереке күндеріне азаматтардың жеке санаттары. Өмірлік қиын жағдай болып онкологиялық, туберкулездық және басқа да аурулардың ұзақ мерзімді емделуі, оперцияны өткізу қажеттілігі, емделуге бару және басқа да медициналық мекеменің қорытындысы бойынша комиссиямен анықталатын шешімдер табылады.
Тармақша 2
2) Ұлы Отан Соғысының қатысушылары, тыл еңбеккерлері, интернационал-жауынгерлер, зейнеткерлер, мүгедектер, жетім балалар, «Ардақты ана» медалімен немесе «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқасымен мадақталған көп балалы аналар, минималды және минималдыдан төмен зейнетақы мөлшерімен жалғыз тұратын зейнеткерлер;
Тармақша 3
3) табысы аз отбасылардан, көп балалы отбасылардан балалар, кемтар балалар;
Тармақша 4
4) төтенше жағдайлар - өрт, апаттық жағдайдан (кірісіне қарамастан) қаза тапқан отбасылар.
Тармақ 5
5. Комиссияның шешімі бойынша әлеуметтік көмек өтініш бойынша табысы аз отбасыларға: химиопрофилактиканы алатын балаларды ақысыз тамақтандырылуын қамтамасыз ету, балаларды сауықтыруға, медициналық мекеменің қорытындысы бойынша қымбат тұратын дәрі-дәрмектерді алуға төленуі мүмкін.
Тарау 3. 3. Әлеуметтік көмек көрсету бойынша жұмысты ұйымдастыру
3. Әлеуметтік көмек көрсету бойынша жұмысты ұйымдастыру
Тармақ 6
6. Әлеуметтік көмек корсету бойынша жұмысты ұйымдастыру мақсатында қалалық мәслихат депутаттарының санынан, Степногорск қаласының жұмыспен қамту және элеуметтік бағдарламалар бөлімі өкілдерінен, қоғамдық және басқа да ұйымдардың мүшелерінен комиссия құрылады. Комиссияның саны және дербес құрамы қалалық мәслихат сессиясының шешімімен бекітіледі. Комиссияның отырыстары айына бір реттен кем емес өткізіледі. Комиссияның негізгі мақсаттары болып табылады:
Тармақша 1
1) Әлеуметтік көмек көрсету туралы азаматтардың өтініштерін қарастыру;
Тармақша 2
2) Әлеуметтік көмек алуға үміттелетін азаматтардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын тексеру;
Тармақша 3
3) Әлеуметтік көмекті тағайындау немесе одан бас тарту туралы шешім қабылдау.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік көмектің мөлшері және төлеу тәртібі
4. Әлеуметтік көмектің мөлшері және төлеу тәртібі
Тармақ 7
7. Әлеуметтік көмек ақшалай нысанда отбасының бір мүшесіне (азаматқа) жылына бір рет өтініш берушінің есеп шотына қаражаттарды аудару тәсілімен жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Әлеуметтік көмек алуға үміттелетін тұлғалар Степногорск каласының жұмыспен қамту және элеуметтік бағдарламалар бөліміне өтініш тапсырады. Өтінішке келесі құжаттар қоса беріледі: жеке куәлігі немесе төлқұжаты; үй кітабының көшірмесі; әлеуметтік көмекте мұқтаждығын растайтын құжат; отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайларын зерттеу кесімі; СТН, банкіде шоты
Тармақ 9
9. 4 тармақтың 2) мен 3) тармақшасында көрсетілген тұлғаларға әлеуметтік көмек тізімдерінің негізінде, әлеуметтік көмек көрсету туралы өтінішісіз және отбасының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайының зерттеу кесімісіз мереке күндеріне беріледі.
Тармақ 10
10. Әлеуметтік төлемнің мөлшері әр жағдайда комиссиямен анықталады. Төлемнің ең жоғары мөлшері тиісті жылға республикалық бюджет туралы Заңымен анықталған жиырма бес айлық есеп көрсеткішінен аса алмайды. 4 тармақтың 4) тармақшасында көзделген жағдайларда төлемнің ең жоғары мөлшері көбейтілуі мүмкін, бірақ қырық айлық есеп көрсеткішінен аспау керек.
Тарау 5. 5. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру
5. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру
Тармақ 11
11. Әлеуметтік көмек бойынша шығыстарды қаржыландыру 451.007.000 «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек» бюджеттік бағдарламасы бойынша қалалық бюджетте көзделген қаражаттар шегінде жүзеге асырылады.
Тарау 6. 6. Әлеуметтік көмек көрсетуді бақылау
6. Әлеуметтік көмек көрсетуді бақылау
Тармақ 12
12. Әлеуметтік көмек көрсету бойынша бақылау және есептілік Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылгы 5 ақпандағы қаулысымен бекітілген республикалық және жергілікті бюджеттерді орындау Ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.