Об утверждении правил предоставления социальной поддержки студентам из малообеспеченных семей Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.04.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы студенттерге әлеуметтік қолдау берудің ережесін бекіту туралы Аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы студенттерге кәсіби жоғары білім алу үшін әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазакстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағы 14 тармақшасы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аз қамтамасыз етілген отбасылар студенттеріне әлеуметтік қолдау көрсетудің коса берілген Ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Аудандық білім және спорт бөлімі (Зәкенов Б.Н.) Солтүстік Қазақстан облысының жоғары оку орындарында оқу кезеңінде әлеуметтік қолдау алуға аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы студенттер таңдауды жыл сайын және дер уақытында қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау, аудан әкімінің орынбасары З.Ж. Молдағанаповқа жүктелсін. Келісілді: Аудандық білім және спорт бөлімінің бастығы Зәкенов Б.Н. 20.04.2005 ж.
Басқа 4. Аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы студенттерге әлеуметтік қолдау беру ережесі
Аудан әкімдігінің 2005 жылғы «20» сәуірдегі «Аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы студенттерге әлеуметтік қолдау беру ережесін бекіту туралы» № 269 қаулысымен бекітілген Аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы студенттерге әлеуметтік қолдау беру ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы студенттерге ақшалай әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібін және шарттарын белгілейді.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік қолдауға Солтүстік Қазақстан облысы аумағында тұрақты тұратын және мемлекеттік жалпы білім гранттары мен кредиттерінің жүлдегерлері бола алмаған Қазақстан Республикасының азаматтары құқылы.
Тармақ 3
3. Осы Ережеде мынандай ұғымдар пайдаланылады: әлеуметтік қолдау - студенттердің кәсіби оқуын төлеуге бағытталған әлеуметтік төлем түріндегі халықты әлеуметтік қорғаудың бір нысаны; әлеуметтік қолдау көрсету құқын айқындау жөніндегі комиссия (бұдан әрі - аудандық комиссия) – аудан әкімі жанында аудан әкімі орынбасарының төрағалығымен білім, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері өкілдерін міндетті түрде енгізе отырып құрылатын және әлеуметтік қолдау көрсету мүмкіндігі туралы шешім шығаруды жүзеге асыратын комиссия; алушы – мемлекеттік жалпы білім гранттары мен кредиттері (күндізгі оқу нысаны) жүлдегерлері бола алмаған және ең төменгі күнкөріс мөлшерінен төмен жан басына шаққандағы орташа табысы бар отбасы мүшесі болып табылатын студент; әлеуметтік қолдауды тағайындау, әлеуметтік қолдау көрсетуге жататын студенттер контингентін айқындау жөніндегі және төлеу жөніндегі орган - уәкілетті орган (бұдан әрі - бөлім) - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі; ақшалай қаржыны беру жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - банк) – банкілік операциялардың жеке (кейбір) түрлерін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар, екінші деңгейдегі және осы түрдегі банкілік қызмет көрсету конкурсын жеңіп алған банк.
Тарау 2. 2. Ақшалай қаржыны алудың шарттары мен тәртібі
2. Ақшалай қаржыны алудың шарттары мен тәртібі
Тармақ 4
4. Ақшалай қаржыны алу үшін студенттер бөлімге мынандай құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) белгіленген үлгідегі өтініш;
Тармақша 2
2) тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі (нотариалды куәландырылған);
Тармақша 3
3) отбасы құрамы туралы анықтама;
Тармақша 4
4) отбасының табыстары туралы аныктама;
Тармақша 5
5) білім туралы құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
Тармақша 6
6) кешенді тестілеу нәтижесі туралы белгіленген үлгідегі мемлекеттік сертификаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
Тармақша 7
7) Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік жоғары оқу орнымен оқыту туралы келісім. Студенттер әлеуметтік қолдау тағайындауға келесі арыз бергенде жоғарыда аталған құжаттардан басқа, жоғары оқу орнынан осы жоғарғы оқу орындарының студенті болып табылатындығын растау-анықтаманы, сондай-ақ сынақ кітапшасының көшірмесін ұсынады.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік қолдау алуға қажетті құжаттар түпнұсқасында және көшірмесінде бөлімге ұсынылады, олар істерді қалыптастырады және кұжаттардың толық пакеті түскен күннен бастап бес күндік мерзімде әлеуметтік колдау тағайындау не тағайындамау туралы шешім жобасын және арызданушылардың қалыптастырылған істерін әлеуметтік қолдау көрсету құқын айқындау жөніндегі аудандық комиссияға жібереді.
Тармақ 6
6. Аудандық комиссия он күндік мерзімде ұсынылған құжаттарды қарастырады және әлеуметтік қолдау тағайындау не тағайындамау туралы шешім шығарады. Арызданушылардың істерін және комиссия мәжілісі хаттамасының көшірмелерін бөлімге жібереді. Аудандық комиссия әлеуметтік қолдау беру туралы шешім шығару барысында кешенді тестілеуде алған балл санын, үздік аттестаттардың немесе арнаулы орта білімнің үздік дипломы бар болуын есепке алады.
Тармақ 7
7. Әлеуметтік көмек тағайындау аудандық бюджеттен осы мақсатқа қарастырылған қаржылар шегінде жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Оң шешім болған жағдайда бөлімнен хабарландырылған алушылар банкте жеке шот ашады. Бөлім бас тартқан жағдайда бас тарту себебін жазбаша көрсете отырып, арыздаі ушыға гажаттарды қайтарады. Әлсуметпк қолдауды тағайындаудан бас тарту үшін негіздеме: білім мекемесіне түсу туралы біле тұра жалған мәліметтер және 4-тармақта көрсетілген кұжаттар бойынша жалған мәліметтер ұсыну болып саналады.
Тармақ 9
9. Білім алушылардың екі данада тізім-ведомосін жасайды, оның біреуін банкке жібереді.
Тармақ 10
10. Банк ақылы қызмет көрсету келісімі және тізім-ведомосы негізінде алушылар ашқан жеке шоттарға сомаларды аударады.
Тарау 3. 3. Қаржыландыру механизмі
3. Қаржыландыру механизмі
Тармақ 11
11. Студенттерге әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі шығындарда қаржыландыру 451007000 «Жергілікті өкілетті органдар шешімі бойынша азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемдер» бағдарламасы бойынша аудандык бюджетте осы максатқа қарастырылган қаржылар есебінен жүргізіледі.
Тармақ 12
12. Әлеуметтік қолдау жылына бір студентке 78 000 (жетпіс сегіз мың) теңгеден аспайтын сомада беріледі.
Тарау 4. 4. Бақылауды жүзеге асыру
4. Бақылауды жүзеге асыру
Тармақ 13
13. Әлеуметтік колдау тағайындау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнама актілеріне сәйкес әлеуметтік қолдауды дұрыс тағайындауға жауапты.
Тармақ 14
14. Әлеуметтік колдау тағайындаудың және төлеудің дұрыстығын бақылау қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.