Об утверждении Положения о комиссии по поощрению граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка, способствовавших предупреждению и пресечению преступлений в Акжарском районе Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.09.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақжар ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын және қылмыстың алдын алу мен жолын кесуге септігін тигізетін азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссия туралы Ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі № 590-ІІ «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 тамыздағы № 1243 «Қылмыстың алдын алу және жолын кесуге септігін тигізетін, қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу Ережесін бекіту туралы» қаулысы негізінде, Қазақстан Республикасы азаматтарын құқықтық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қорғауына қатысу үшін белсенді тарту мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақжар ауданында қоғамдық тәртіпті қамсыздандаруға қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссия туралы Ереженің қосымшасы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары З.Ж. Молдағанаповқа жүктелсін.
Басқа 3. Ақжар ауданында коғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын және қылмыстың алдын алу мен жолын кесуге септігін тигізетін азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссия туралы ЕРЕЖЕ
БЕКІТІЛГЕН Аудан әкімдігінің «Ақжар ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын және қылмыстың алдын алу мен жолын кесуге септігін тигізетін азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссия туралы Ережені бекіту туралы» 2005 жылғы «26» сәуір № 287 қаулысымен Ақжар ауданында коғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын және қылмыстың алдын алу мен жолын кесуге септігін тигізетін азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссия туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже Ақжар ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын және қылмыстың алдын алу мен жолын кесуге септігін тигізетін азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссияның қызметін және құрылу тәртібін, мәртебесін анықтайды. (бұдан әрі -Комиссия).
Тармақ 2
2. Өзінің жұмысында Комиссия Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының «Қоғамдық тәртіпті қамтамсыз етуге қатысатын азаматтар туралы» Заңымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 тамыздағы № 1243 «Қылмыстың алдын алу және жолын кесуге септігін тигізетін, қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу Ережесін бекіту туралы» қаулысымен және басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен басшылық етеді.
Тармақ 3
3. Комиссияның жұмыс органы Мемелекеттік мекемесі «Ақжар аудандық ішкі істер бөлімі» (бұдан әрі - Бөлім) болып табылады.
Тарау 2. 2. Комиссияның негізгі міндеттері мен қызметтері
2. Комиссияның негізгі міндеттері мен қызметтері
Тармақ 4
4. Комиссияның негізгі міндеті:
Тармақша 1
1) Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде ниет білдірген азаматтарды тарту туралы Бөлімнің ұсыныстарын қарастыру;
Тармақша 2
2) Көтермелеудің тәртібі мен түрін сонымен қатар хаттамамен ресімделген ақшалай сыйақы көлемін анықтау туралы шешім шығару;
Тармақ 5
5. Негізгі міндеттерді жүзеге асыру мақсатында Комиссия келесі қызметтерді атқарады:
Тармақша 1
1) Бөлімнің берген ұсынысымен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге ниет білдірген азаматтардың құжаттарымен танысады;
Тармақша 2
2) Жұмыс органы - Бөлім қызметінің бақылауын жүргізеді.
Тарау 3. 3. Комиссия отырысының құрылуы мен өткізілу тәртібі
3. Комиссия отырысының құрылуы мен өткізілу тәртібі
Тармақ 6
6. Комиссия Ақжар аудан әкімдігімен құрылады. Комиссия құрамына жергілікті өкілді органның, жергілікті атқарушы органның және ішкі істер органның өкілдері кіреді.
Тармақ 7
7. Комиссия төрағасы, ал болмайтын жағдайда - төраға орынбасары Комиссия отырысын өткізеді.
Тармақ 8
8. Комиссия отырысы үнемі (тоқсан сайын) жүргізіледі. Комиссия хатшысы төрағаның келісімімен (төраға орынбасарымен) Комиссия отырысының өткізілу күні мен уақыты туралы және күн тәртібі мен Бөлім ұсынған ұсынымдарды Комиссия мүшелеріне хабарлайды.
Тармақ 9
9. Ашық дауыс беру жолымен және оның үштен екі бөлігінен кем емес мүшенің қатысуымен Комиссия шешім қабылдайды.
Тармақ 10
10. Отырысқа қатысқан жартысынан артық Комиссия мүшелері дауыс берсе, шешім қабылданды деп есептеледі. Дауыс тең болатын жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
Тармақ 11
11. Комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді. Хаттама Комиссия хатшысымен жүргізіледі. Комиссия мүшелері отырыс өткізілген күні хаттамаға қол қояды.
Тармақ 12
12. Комиссия қол қойған хаттама бір күн мерзім ішінде Бөлімге тапсырылады.
Тармақ 13
13. Комиссия мүшелерінің арнайы бір пікірге құқықтары бар, ол ұсынылған кезде жазбаша түрде хаттамаға қосымша ретінде тіркеледі.
Тармақ 14
14. Қазақстан Республикасының заңдылығына сәйкес Комиссия басқа да өкілдіктерді жүзеге асырады.