Об утверждении Положения о городской комиссии по поощрению граждан, участвующих в охране общественного порядка, способствовавших предупреждению и пресечению преступлений Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.06.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қоғамдық тәртiптi сақтауға қатысатын, қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге қолдау көрсететiн азаматтарды ынталандыру жөнiндегi қалалық комиссия туралы Ереженi бекiту туралы "Азаматтардың қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысуы туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi № 590-II Заңының 8-бабына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Қоғамдық тәртiптi сақтауға қатысатын, қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге қолдау көрсететiн азаматтарды ынталандыру ережелерiн бекiту туралы" 2000 жылғы 12 тамыздағы № 1243 Қаулысына сәйкес, қоғамдық тәртiптi сақтауға қатысатын, қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге қолдау көрсететiн азаматтарды ынталандыру мәселелерiн реттеу мақсатымен қала әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қоғамдық тәртiптi сақтауға қатысатын, қылмыстың алдын алуға және жол кесуге қолдау көрсететiн азаматтарды ынталандыру жөнiндегi қалалық комиссия туралы қоса берiлген Ереже бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмi аппаратының басшысы Б.Қ. Есмановқа жүктелсiн.
Басқа 3
Қала әкiмiнiң 2005 жылғы 5 сәуірдегі № 4 қаулысымен бекiтiлген Қоғамдық тәртiптi сақтауға қатысатын, қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге қолдау көрсететiн азаматтарды ынталандыру жөнiндегi қалалық комиссия туралы Ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын, қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге қолдау көрсететiн азаматтарды ынталандыру ережелерін бекiту туралы" 2000 жылғы 12 тамыздағы № 1243 Қаулысына сәйкес әзірленген және қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын, қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге қолдау көрсететін азаматтарды ынталандыруға облыстық бюджеттен бөлінген қаражатты беру мәселелері бойынша Комиссиясының құзырын анықтайды.
Тарау 2. 2. Комиссиясының мақсаттары және міндеттері
2. Комиссиясының мақсаттары және міндеттері
Тармақ 2
2. Өзіне жүктелген міндеттерді шешу үшін Комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) ынталандырудың тәртібін, шарттарын, мерзімдерін бекітеді;
Тармақша 2
2) облыстық бюджет қаражатынан ынталандыру мөлшерін анықтайды;
Тармақша 3
3) облыстық бюджет қаражатынан берілетін ынталандыру мөлшерін ұлғайту жөніндегі мәселені қарайды;
Тармақ 3
3. Мөлшері белгіленген тәртіппен анықталғаннан асатын берілетін сомалар жөнінде Петропавл қ. әкімдігінің қаулылармен әрбір жоба бойынша жеке анықталады.
Тарау 3. 3. Комиссияның құқықтары
3. Комиссияның құқықтары
Тармақ 4
4. Петропавл қаласы Ішкі істер басқармасының азаматтарды ынталандыру үшін берілетін ұсыныстарын қарайды.
Тармақ 5
5. Облыстық бюджет қаражатынан ынталандыру төлемақысын төлеуге шешім қабылдайды.
Тарау 4. 4. Комиссия қызметін ұйымдастыру
4. Комиссия қызметін ұйымдастыру
Тармақ 6
6. Комиссияны төраға басқарады, ол комиссия қызметіне басшылық етеді, оның жұмысын ұйымдастырады.
Тармақ 7
7. Комиссияның құрамын Петропавл қаласы әкімдігінің қаулысымен бекітіледі.
Тармақ 8
8. Комиссияның шешімі қатысып отырған мүшелерінің жалпы санының дауыстарының жай көпшілігімен қабылданады. Дауыс тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады. комиссия мүшесі қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда, оның өзінің ерекше пікірін айтуға құқықты бар.
Тармақ 9
9. Комиссия отырыстары қажет болуына қарай, бірақ, кемінде екі айда бір рет өткізіледі.
Тармақ 10
10. Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді.
Тарау 5. 5. Комиссияны қайта ұйымдастыру және тарату
5. Комиссияны қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 11
11. Комиссияның қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.