Об учреждении именной стипендии акима города одаренным учащимся и студентам в сфере культуры и искусства Күшін жойған
Басқа 0
Мәдениет және өнер саласындағы дарынды оқушылар мен студенттерге қала әкімінің атаулы стипендиясы тағайындау туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 14 тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Білім туралы" және "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Заңдарына сәйкес, Өскемен қалалық мәслихатының 2005 жылғы 11 сәуірдегі N 14/6 шешімімен бекітілген "2002-2005 жылдарға Өскемен қаласындағы жастар және жастар саясаты" қалалық бағдарламасын орындауда, мәдениет пен өнердің аймақтық потенциалын сақтау мақсатында, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мәдениет және өнер саласындағы дарынды оқушылар мен студенттерге қала әкімінің атаулы стипендиясы тағайындалсын.
Тармақ 2
2. Мәдениет және өнер саласындағы дарынды оқушылар мен студенттерге қала әкімінің атаулы стипендиясын тағайындау шарттары туралы Ережелер 1 қосымшаға сай бекітілсін.
Тармақ 3
3. Стипендияларды алу үшін үміткерлерді іріктеу бойынша жұмыс тобы 2 қосымшаға сай құрылсын.
Тармақ 4
4. "Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Е.П. Ясинская) 8.456.003.000 "Жастар саясаты саласындағы аймақтық бағдарламаларды жүзеге асыру" бағдарламасы бойынша стипендия төлеу үшін қалалық бюджеттен қаражаттар қарастырсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуына бақылау Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Е.А. Байбатчинге жүктелсін.
Басқа 6. Мәдениет және өнер саласындағы дарынды оқушылар мен студенттерге қала әкімінің атаулы стипендиясын (бұдан әрі - стипендия) тағайындау шарттары туралы
Ережелер
Өскемен қаласы әкімдігінің
2005 жылғы 14 сәуірдегі
N 407 қаулысына
1 қосымша
Өскемен қаласы әкімдігінің
2005 жылғы 14 сәуірдегі
N 407 қаулысымен
бекітілген
Мәдениет және өнер саласындағы дарынды оқушылар мен студенттерге қала әкімінің атаулы стипендиясын (бұдан әрі - стипендия) тағайындау шарттары туралы
Ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ережелер Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңына сәйкес әзірленген, оған сай жеке және заңды тұлғалармен бекітілетін атаулы стипендиялар күндізгі бөлімде оқитындар үшін тағайындалады, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Заңына, Өскемен қалалық мәслихатының 2002 жылғы 11 сәуірдегі N 14/6 шешімімен бекітілген "2002-2005 жылдардағы Өскемен қаласындағы жастар және жастар саясаты" қалалық бағдарламасына сәйкес аса дарынды оқушылар мен студенттерді айқындау, олардың кәсіби даярлығын көтеру, шығармашылық өсу жолдарын ынталандыру мақсатында жасалды және ол стипендияны төлеу тәртібін анықтайды.
Тармақ 2
2. Ережелер мәдениет және өнер саласында бастауыш кәсіптік, жоғарғы кәсіптік, жоғары кәсіптік білім беретін арнайы оқу орындарының күндізгі бөлімдерінде оқып жүрген жасы 14-тен 29-ға дейінгі студенттер мен оқушыларға арналған.
Тармақ 3. 2. Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар
3. Жыл сайын 15-тен артық стипендия тағайындалмайды. Стипендия бір оқу жылына есептелініп тағайындалады және 8.456.003.000 "Жастар саясаты саласындағы аймақтық бағдарламаларды жүзеге асыру" бюджеттік бағдарламасының қаржыландырылуы шегінде қалалық бюджет есебінен төленеді.
2. Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар
Тармақ 4. 3. Үміткерлерді таңдау тәртібі
4. Жоғары үлгерім көрсеткіштері бар, шығармашылық қызметпен айналысатын, өз оқу орны мен қаланың қоғамдық өміріне белсене араласатын, сондай-ақ түрлі конкурстардың жүлдегерлері болып табылатын арнайы оқу орындарының оқушылары мен студенттері қала әкімінің атаулы стипендиясының тағайындалуына үміткер болып табылады.
3. Үміткерлерді таңдау тәртібі
Тармақ 5
5. Стипендия алуға үміткерлерді таңдауды жұмыс тобы оқу орындары басшыларының ұсынуымен жүргізеді. Оқу орнының ұсынылымына үміткердің мінездемесі, оған тиісті құжаттарымен қоса беріледі.
Тармақ 6. 4. Төлемнің мөлшері мен тәртібі
6. Таңдап алынған оқушылар мен студенттерге ай сайын стипендия төленеді.
4. Төлемнің мөлшері мен тәртібі
Тармақ 7
7. Стипендия мөлшері мен төлену тәртібі қолданыстағы заңнамамен реттеледі.
Қала әкімінің бас инспекторы
"Өскемен қаласының мәдениет
және тілдерді дамыту бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің меңгерушісі
Басқа 14. Стипендия алуға үміткерлерді іріктеу бойынша жұмыс тобының құрамы
Өскемен қаласы әкімдігінің
2005 жылғы 14 сәуірдегі
қаулысына 2 қосымша
Өскемен қаласы әкімдігінің
2005 жылғы 14 сәуірдегі
N 407 қаулысымен
бекітілген
Стипендия алуға үміткерлерді іріктеу бойынша жұмыс тобының құрамы
1.
Байбатчин Ертай Аубакирович
қала әкімінің орынбасары
2.
Нургазиев Аскар Кисаевич
"Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің меңгерушісі
3.
Алханова Раушан Апсеитовна
"Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді
дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің меңгерушісі
4.
Кузнецов Александр Александрович
"Өскемен қаласының білім беру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің меңгерушісі
5.
Анищенко Любовь Алексеевна
"Өскемен қаласының қаржылар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің меңгерушісі
Қала әкімінің бас инспекторы
"Өскемен қаласының мәдениет
және тілдерді дамыту бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің меңгерушісі