Об утверждении Правил выдачи разрешений на обучение в форме экстерната Күшін жойған
Басқа 0
Экстернат нысанында білім алуға рұқсат беру ережесін бекіту туралы
"Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін іске асыру шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
2004 жылғы 30 желтоқсандағы N 383-ө өкімін орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Экстернат нысанында білім алуға рұқсат беру ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. "Жоғары оқу орындарының қызметін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2001 жылғы 11 наурыздағы N 151 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1474 тіркелген, Нормативтік құқықтық актілер бюллетенінің 2001 жылғы N 22 санында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2002 жылғы 21 наурыздағы N 200, 2003 жылғы 13 ақпандағы N 82 бұйрықтарымен енгізілген өзгерістерімен бірге жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары оқу орындарының қызметін ұйымдастыру ережесінің 5-тарауы алынып тасталсын.
Тармақ 3
3. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (М.Р. Нұрғожин) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 5
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Басқа 0. Экстернат нысанында білім алуға рұқсат беру ережесі
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2005 жылғы 11 сәуірдегі
N 229 бұйрығымен бекітілген
Экстернат нысанында білім алуға рұқсат беру ережесі
Тармақ 1
1. Осы Ереже кәсіптік жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында экстернат нысанында білім алуға рұқсат беру тәртібін айқындайды (бұдан әрі - Ереже).
Тармақ 2
2. Экстернат білім алушы сабаққа үнемі қатыспай-ақ, білім беру бағдарламасына сәйкес оқу пәндерін өз бетінше оқитын оқыту нысандарының бірі болып табылады.
Тармақ 3
3. Экстернат нысанында оқуға мынадай:
Тармақша 1
1) мүмкіндігі шектеулі білім алушылар;
Тармақша 2
2) шетелдерде оқитын күндізгі нысандағы білім алушылар;
Тармақша 3
3) ұзақ қызметтік іссапарда жүрген сырттай оқитын білім алушылары;
Тармақша 4
4) ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын неғұрлым дарынды білім алушылар, халықаралық және республикалық ғылыми конференциялар мен конкурстардың қатысушылары мен жеңімпаздары қабылданады.
Тармақ 4
4. Экстернат нысанында кәсiптiк жоғары білiм алуға тiлек бiлдiрген бiлiм алушылар білiм беру ұйымы басшысының атына өтініш бередi. Кәмелетке толмағандар - ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтініші бойынша.
Тармақ 5
5. Мүмкіндігі шектеулі білім алушылар экстернат нысанында оқуға қабылданған кезде өтінішіне қоса тиісті дәрігерлік-консультациялық комиссиясының тұжырымын береді.
Тармақ 6
6. Шетелде оқу оқитын күндізгі нысанда білім алушылар, экстернат нысанында оқуға ауысқанда, өтінішіне қоса шетелге іссапарға жіберілгені туралы бұйрықтың көшірмесін береді.
Тармақ 7
7. Ұзақ қызметтік іссапарда жүрген сырттай оқитын білім алушы, экстернат нысанында оқуға ауысқанда, өтінішіне қоса іссапар туралы бұйрығын көшірмесі мен жұмыс істейтін орнынан қолдаухатын береді.
Тармақ 8
8. Кейбір дарынды білім алушылар, экстернат нысанында оқуға құрылымдық бөлімшелер басшысының берген дәлелді қорытындысы бойынша ғана ауыса алады. Ол үшін білім алушының барлық оқу мерзіміндегі үлгерімі "өте жақсы" деген бағадан төмен болмауы тиіс.
Тармақ 9
9. Білiм алушының (ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің) экстернат нысанына оқуға қабылдануы немесе ауысуы туралы өтініші он күндік мерзімде бiлiм беру ұйымы ғылыми кеңесiнiң кеңес мәжiлiсiнде қаралады.
Қарау қорытындылары бойынша тиісті шешім қабылданады.
Мәселе дұрыс шешілген жағдайда, білім алушының экстернат нысанында оқуға қабылдануы немесе ауысуы туралы құжаттары (білім алушының жеке өтініші немесе ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтініші, анықтамалары және уәждемелік растайтын құжаттар, білім беру ұйымы кеңесінің шешімі, мөрмен расталған) білім беру саласындағы орталық атқарушы органға жіберіледі.
Білім беру саласындағы орталық атқарушы орган білім алушылардың құжаттарын екі апта мерзімде қарайды. Қараудың қорытындылары бойынша білім алушыға экстернат нысанында оқуға рұқсат беру немесе бермеу туралы шешім қабылданады.
Экстернат нысанында оқуға білім алушыға келісім бермеудің негізі осы Ереженің 3-тармағында көрсетілген талаптардың орындалмауы болып табылады.
Білім беру саласындағы орталық атқарушы органнан білім алушыны экстернат нысанында оқуға ауыстыруға рұқсат алынғаннан кейін, білім беру ұйымының басшысы тиісті бұйрық шығарады.