Отдельные вопросы Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.06.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жекелеген мәселелері Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы" 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 6 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.08.1999 № 1093 қаулысымен. 📌 Ескерту. 1-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 16.12.1999 № 1731 қаулысымен.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне төрт, оның ішінде бір бірінші вице-министр ұстауға рұқсат етілсін. 📌 Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 02.08.1999 № 1093; 08.02.2002 № 187; 08.06.2002 № 616 қаулыларымен.
Тармақ 3
3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.09.1999 № 1301 қаулысымен.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі бір ай мерзім ішінде Үкіметтің бұрын қабылданған шешімдерін осы қаулыға сәйкес келтіру жөнінде ұсыныс енгізсін.
Тармақ 5
5. Қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылған деп танылсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 7. Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің Тізбесі
Қазақстан Республикасы Үкіметтің 1999 жылғы 5 наурыздағы N 206 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің Тізбесі
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 19 қарашадағы N 1608 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 50, 464-құжат).
Тармақ 2
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 12 қарашадағы N 1551 және 1997 жылғы 19 қарашадағы N 1608 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 ақпандағы N 144 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 7, 44-құжат).
Тармақ 3
3. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман, балық және аң шаруашылығы комитетін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 22 сәуірдегі N 382 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 2-тармағы.
Тармақ 4
4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 19 қарашадағы N 1608 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 16 қыркүйектегі N 891 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 32, 286-құжат.)