Қолданыстағы ред. 12.04.2005

Аудандық бюджет комиссиясын құру туралы от 12.04.2005 г. № 89 (Аудандық бюджет комиссиясын құру туралы)

0

Аудандық бюджет комиссиясын құру туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 24 тамыздағы № 1426
Жарлығымен бекітілген «Республикалық бюджеттік комиссия туралы Ереже» басшылыққа алынып, Қазақстан Республикасы 24 сәуірдегі № 548-ІІ «Қазақстан Республикасының бюджет кодексі» Заңының 64 бабына және 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабына сәйкес аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Аудандық бюджет комиссиясының құрамы қосымшаға сәйкес құрылсын.

2

2. Қоса беріліп отырған аудандық бюджет комиссиясы туралы Ереже бекітілсін.

3

3. Аудан әкімиятының 2002 жылғы 18 наурыздағы № 35 «Аудандық бюджет комиссия құру туралы» қаулысының қолдану күші жойылсын.

4

4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Абдулинге жүктелсін.

5

Аудан әкімиятының
2005 жылғы 12 сәуірдегі
№ 89 қаулысына қосымша
Аудандық бюджеттік комиссиясының құрамы
Комиссия төрағасы Абдуллин Мавр Ерғалиұлы, аудан әкімігің орынбасары
Комиссия төрағасының орынбасары Сембі Марал Шымаұлы, «Аудандық экономика және қаржы бөлімі» ММ бастығы
Комиссия хатшысы Ұлықпанов Қайнар Жолдасқалиұлы, «Аудандық экономика және қаржы бөлімі» ММ бас маманы
Шайынов Нағымет Қазиханұлы – Ойыл ауданы бойынша салық комитетінің төрағасы.
Жонысов Қонысбай Сәлімгерейұлы - «Аудандық білім беру жіне спорт бөлімі» ММ бастығы.
Сапаров Түлкібай Тынышұлы - «Аудандық ішкі саясат, мәдениет, және тілдерді дамыту бөлімі» ММ бастығы.
Бақтыгереев Болат Жонысұлы - «Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бастығы.

6

Аудан әкімиятының
2005 жылғы 12 сәуірдегі
№ 89 қаулысымен бекітілген
Аудандық бюджет комиссиясы туралы Ереже

1. 1. Жалпы ереже

1. Жалпы ереже

1

1. Осы ереже тұрақты негізде жұмыс істейтін Ойыл аудандық бюджет комиссиясының (бұдан әрі - комиссия) қызметін реттейді.

2

2. Комиссия қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі, Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік-құқықтық актілері, сондай-ақ осы Ереже құрайды.

2. 2. Комиссия қызметінің мақсаты

2. Комиссия қызметінің мақсаты

3

3. Комиссия қызметінің негізгі мақсаты тиісті қаржы жылына
арналған аудандықбюджеттің жобасын уақтылы және сапалы әзірлеуді
қамтамасыз ету және аудандықбюджетті нақтылау және атқару жөнінде
ұсыныстар тұжырымдау болып табылады.

3. 3. Комиссияның міндеттері мен функциялары

3. Комиссияның міндеттері мен функциялары

4

4. Комиссияның негізгі міндеттері:

1

1) мыналар:
алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзімді фискалдық
саясат;
тиісті қаржы жылына арналған аудандықбюджет жобасының
көрсеткіштерін айқындау;
алдағы үш жылдық кезеңде және жоспарланатын қаржы жылында
қаржыландыру үшін бюджеттік бағдарламаларды іріктеу, орта мерзімді
фискалдық саясатқа негіздей отырып, оларды іске асыру тетігін айқындау;
тиісті қаржы жылына арналған аудандықбюджетті нақтылау;
аудандықбюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалау
нәтижелерін қарау жөнінде ұсыныстар түжырымдау.

2

2) Бюджет кодексінде және осы Ережеде көзделген өзге де
өкілеттіктер.

5

5. Комиссия өзіне жүктелген міндеперге сәйкес мынадан
функцияларды жүзеге асырады:

1

1) комиссияның жұмыс органы дайындаған материалдарды қарайды
және:
алдағы үш жылдық кезеңге арналған аудандықжәне төменгі тұрған бюджеттердің болжамды көрсеткіштерін;
алдағы қаржы жылына арналған аудандықбюджет түсімдерінің
болжамдық көрсеткіштерін;
ауданның әлеуметтік - экономикалық дамуының негізгі
бағыттарын іске асыру тәсілдерін;
аудандық бюджет шығыстарының лимиттерін айқындайды.

2

2) Комиссияның жұмыс органы дайындаған материалдарды қарайды
және:
ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді
жоспарын мақұлдау;
өткен кезеңдегі бюджеттік бағдарламаларды іске асыру тиімділігін
бағалау нәтижелері;
алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік өтінімдер және
бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган
қорытындылары;
алдағы қаржы жылына арналған аудандықбюджет туралы
шешімнің жобасы;
ауданның бюджеттік бағдарламалар паспорттарына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу;
тиісті қаржы жылына арналған аудандық бюджетті нақтылау;
бюджеттік өтінімдерді қарау кезінде бюджеттік бағдарламалардың
әкімшілері мен бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның
арасындағы келіспеушіліктерді реттеу жөнінде шешімдер қабылдайды.

3

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да
функцияларды жүзеге асырады.

6

6. Комиссия өзінің міндеттеріне сәйкес:

1

1) орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдармен,
ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға, сондай-ақ комиссияның міндеттерін
іске асыру үшін мамандарды және сарапшыларды жұмысқа тартуға;

2

2) өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдер
қабылдауға және ұсыныстар енгізуге;

3

3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен
мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың комиссияның міндеттерін
іске асыру үшін қажетті материалдар сұратуға және оларды алуға;

4

4) Комиссияның міндеттері мен функцияларын іске асыруға
байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік органның және ұйымның
бірінші басшыларын, ал олар болмаған кезде - бірінші басшының
міндетін атқарушы тұлғаларды комиссияның отырыстарына шақыруға
және тыңдауға;

5

5) Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелерді қарау үшін
тақырыптық блоктар бойынша кіші комиссиялар құруға құқы бар.

4. 4. Комиссияны қалыптастырудың және оның қызметінің тәртібі

4. Комиссияны қалыптастырудың және оның қызметінің тәртібі

1

1) Комиссияның құрамын Ойыл ауданының Әкімі айқындайды.

2

2) Комиссия құрамына:
Комиссия төрағасы; Комиссия төрағасының орынбасарлары; Комиссия хатшысы; Комиссия мүшелері кіреді.

3

3) Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық етеді, комиссия
отырыстарын өткізеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің
іске асырылуы үшін жалпы бақылауды жүзеге асырады және комиссия
жүзеге асыратын қызмет үшін жауап береді. Комиссия төрағасы
болмаған кезде оның функцияларын ол тағайындаған комиссия
төрағасының орынбасары орындайды.

4

4) Комиссия хатшысы комиссияның қызметін қамтамасыз ету
жөніндегі жұмысты үйлестіреді, комиссия отырыстарының хаттамаларын
дайындайды.

5

5) Комиссия мүшелерінің отырыстарға қатысу жөніндегі өздерінің
өкілеттіктерін басқа тұлағаларға беруге құқығы жоқ.

6

6) Жұмыстың жоспар - кестесін комиссия белгілейді. Аудандық
бюджет жобасын әзірлеу кезеңінде комиссия жұмысының жоспар-кестесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген, жергілікті
бюджеттер жобаларын әзірлеу ережелерінде айқындалған мерзімдерге
сәйкес белгіленеді.

7

7) Комиссия шешімдері ашық дауыс беру арқылы, сондай-ақ
комиссия мүшелеріне сауал қою жолымен қабылданады және егер,
олар үшін комиссияның қатысушы мүшелерінің жалпы санының басым
көпшілігі жақтап дауыс берсе, қабылданды деп саналады. Комиссия
мүшелері шешімдер қабылдау кезінде тең дауысқа ие. Дауыстар тең
болған жағдайда комиссия төрағасы жақтап дауыс берген шешім
қабылданды деп саналады.

8

8) Комиссия отырыстарының күн тәртібі мәселелерін қараудың
нәтижелері әрбір мәселе бойынша дауыс берудің қорытындысы көрсетіле
отырып, тиісті хаттамаларға енгізіледі және төраға айқындайтын
жағдайларда комиссияның отырысқа қатысқан мүшелері қол қояды.
комиссия қабылдаған шешім хаттамамен ресімделіп, оған төраға мен
хатшы қол қояды. Комиссия мүшелері қабылдаған шешіммен келіспеген
жағдайда өзінің ерекше пікірін жазбаша түрде білдіруге құқығы бар, ол
отырыстың хаттамасына қоса тігіледі.

9

9) Комиссияға жүктелген міндеттерді орындау мақсатында ол
қабылдаған шешімдерді барлық мемлекеттік органдар міндетті түрде
қарауы және көрсетілген мерзімде орындауға тиіс.

10

10) Комиссйяның жұмыс органы бюджетті жоспарлау жөніндегі
жергілікті уәкілетті орган болып табылады.

11

11) Комиссия отырыстарының арасындағы кезеңде оның қызметінің
ұйымдық мәселелерін комиссияның жұмыс органы шешеді.

12

12) Комиссия немесе жұмыс органы айқындайтын мерзімге және
күн тәртібіне сәйкес комиссия отырыстарына материалдар дайындау,
оларды комиссия мүшелеріне тарату, комиссия отырыстарының
хаттамаларын дайындау, мемлекеттік органдардың және ұйымдардың
құзыретіне кіретін мәселелер бойынша оларға комиссияның хаттамалық
шешімдерінен үзінді көшірмелер жіберу, сондай-ақ нормативтік -
құқықтық актілерден және осы Ережеден туындайтын басқа да
функциялар жұмыс органының функциялары болып табылады.

5. 5. Комиссияның қызметін тоқтату

5. Комиссияның қызметін тоқтату

7

7. Ойыл ауданы әкімиятының комиссия қызметін тоқтату туралы
шешім қабылдауы комиссияның қызметін тоқтату үшін негіз болып
табылады.