Об утверждении Правил подготовки и аттестации экспертов-аудиторов по стандартизации, подтверждению соответствия и аккредитации Күшін жойған
Басқа 0
Стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау және аттестаттау ережесін бекіту туралы
"Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау және аттестаттау ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Төраға орынбасары Талғат Амангелдіұлы Момышевқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды дайындау және аттестаттау ережесі
Қазақстан Республикасы
Индустрия және сауда
министрлігінің Техникалық
реттеу және метрология
комитеті Төрағасының
2005 жылғы 22 сәуірдегі
N 118 бұйрығымен
бекітілген
Стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды дайындау және аттестаттау ережесі
Осы ереже "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бап екінші абзацының 11) тармақшасына, 16-бап 4-тармағына сәйкес әзірленді және стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау және аттестаттау тәртібін белгілейді.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы ережеде мынадай негізгі түсініктер пайдаланылады:
Тармақша 1
1) Стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудитор (бұдан әрі - сарапшы-аудитор) - техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) белгілеген тәртіпте аттестатталған тұлға.
Тармақша 2
2) Сарапшы-аудиторды аттестаттау - сарапшы-аудиторлардың уәкілетті орган белгілеген талаптарға құзыреттілігін бағалау және бекіту жөніндегі үшінші тараптың әрекеті.
Тармақша 3
3) Сарапшы-аудитор құзыреті - маманның стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды орындау үшін қажетті білім, машық пен жеке қасиеттерінің жиынтығы.
Тармақша 4
4) Сарапшы-аудитор аттестаты - маманның аттестаттаудың көрсетілген саласында қызметін жүзеге асыру үшін аттестатталғанын растайтын белгіленген үлгідегі құжат.
Тармақша 5
5) Сарапшы-аудиторлыққа кандидат - уәкілетті орган комиссиясының қарауына оны сарапшы-аудитор ретінде аттестаттау үшін барлық қажетті құжаттарды ұсынған маман.
Тармақша 6
6) Аттестаттау саласы - құзыреттілігі аттестатпен расталған, бір бағыт шегіндегі сарапшы-аудитордың қызмет саласы.
Тармақ 2
2. Сарапшы-аудитор ретінде осы ереже белгілеген талаптарға жауап беретін, уәкілетті орган құрған аттестаттау комиссиясының (бұдан әрі - Комиссия) ұсынысы бойынша аттестаттаған мамандар бола алады.
Тармақ 3
3. Сарапшы-аудиторларды аттестаттау әрекеттің мынадай бағыттары бойынша жүргізіледі:
Тармақша 1
1) стандарттау;
Тармақша 2
2) өнімнің, процестердің, қызметтер көрсету және менеджмент жүйесінің сәйкестігін растау;
Тармақша 3
3) сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және сынақ зертханаларын аккредиттеу.
Тармақ 4
4. Өнімнің, қызметтер көрсету мен сапа менеджменті жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторлар қызметінің нақты бағыттары ҚР СТ 1.26 мемлекеттік стандартта белгіленген.
Тарау 2. 2. Сарапшы-аудиторларға қойылатын біліктілік талаптары және оларды даярлау
2. Сарапшы-аудиторларға қойылатын біліктілік талаптары және оларды даярлау
Тармақ 5
5. Сарапшы-аудиторлыққа кандидат аттестат алу үшін мынадай біліктілік талаптары қойылады:
Тармақша 1
1) Аттестаттаудың өтінілген саласында екі жылдан кем емес істеген жұмыс өтілі бар жоғары кәсіби білімі не аттестаттаудың өтінілген саласында алты жылдан кем емес істеген жұмыс өтілі бар орта кәсіби білімі болуы керек.
Тармақша 2
2) Аттестаттаудың өтінілген саласында кәсіптік оқудан (теориялық даярлықтан және қайта даярлықтан) өтуі керек. Техникалық реттеу саласындағы сарапшы-аудиторларды кәсіптік даярлау және қайта даярлауды ұйымдастыруды уәкілетті орган жүзеге асырады.
Тармақша 3
3) Аттестаттаудың өтінілген саласында тәжірибелік дайындықтан (машықтанудан) өтуі тиіс.
Тармақ 6
6. Сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және сынақ зертханаларын (орталықтарын) аккредиттеумен, менеджмент жүйелерін сертификаттаумен байланысты бағыттар бойынша машықтану теориялық оқу курсын аяқтаған уақыттан бастап 2 жылдан кешіктірілмей, басқа бағыттар бойынша - бір жыл ішінде өтуі керек.
Тармақ 7
7. Машықтанулар мазмұны негізінде машықтану өтетін ұйымдар мен олар тағайындаған сарапшы-аудиторлыққа кандидаттың жұмыс істеген стажы мен жұмыс орнына, олардың біліктілігіне байланысты машықтандыру басшысы анықтайды.
Тармақ 8
8. Машықтандыру басшысы сарапшы-аудиторлыққа кандидат машықтанатын бағытта және аттестаттау саласында аттестатталған сарапшы-аудитор болу керек.
Тармақ 9
9. Республикада аттестаттаудың жаңа салалары бойынша сарапшы-аудитордың машықтануы үшін жағдай болмаған жағдайда, машықтандыру басшысын тағайындау туралы шешім уәкілетті органмен келісім бойынша қабылданады.
Тармақ 10
10. Машықтану саны:
Тармақша 1
1) стандарттау жөніндегі сарапшы-аудиторлар үшін - 4 рет (стандарттар мен нормативтік құжаттарды дайындау және сараптама жүргізуді, нормативтік құжаттар базасын талдау және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындауды қоса);
Тармақша 2
2) менеджмент жүйесін сертификаттау - жалпы ұзақтығы 20 жұмыс күнінен кем емес, 4-тен кем емес (құжаттамаларды талдау, тексерулерге қатысуды және олар туралы есеп дайындауды қоса);
Тармақша 3
3) өнімнің және көрсетілетін қызметтердің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторлар үшін - 4-тен кем емес (түрлі схемалар бойынша сертификаттау жөніндегі жұмыстарға қатысуды қоса);
Тармақша 4
4) сәйкестікті растау жөніндегі органдарды, сынақ зертханаларын (орталықтарын) аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторлар үшін - 4 (сәйкестікті растау жөніндегі органдарды, сынақ зертханаларын (орталықтарын) аттестаттық зерттеу жөніндегі комиссия жұмысына қатысуды қоса) болуы керек.
Тармақ 11
11. Білім, теориялық даярлық және машықтанулар аттестаттаудың өтінілген саласына сәйкесуі керек.
Тармақ 12
12. Мамандардың меңгерген теориялық курсына, біліктілігін көтеруіне және өткізілген тәжірибе жинақтауына байланысты сарапшы-аудитор қызметтің бір немесе бірнеше бағыттарына аттестаттала алады.
Тарау 3. 3. Аттестаттау жүргізу, сарапшы-аудиторлардың аттестаттарын беру, тоқтату және жою тәртібі
3. Аттестаттау жүргізу, сарапшы-аудиторлардың аттестаттарын беру, тоқтату және жою тәртібі
Тармақ 13
13. Сарапшы-аудитор ретінде аттестаттауға үміткер маман Комиссияға өтініш, машықтанудан өткені туралы есеп және жеке карточкасын беруі тиіс.
Машықтанудан өткені туралы есеп және жеке карточканың нысаны осы ереженің 2 және 3-қосымшаларында берілген.
Тармақ 14
14. Комиссия уәкілетті орган басшысы немесе оны алмастырушы тұлға бекіткен Сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөніндегі комиссия туралы ережеге сәйкес әрекет етеді.
Тармақ 15
15. Сарапшы-аудиторларды аттестаттау үш кезеңмен жүргізіледі:
Тармақша 1
1) берілген құжаттардың түгелдігін тексеру;
Тармақша 2
2) Комиссияның берілген құжаттарды қарауы және шешім қабылдауы;
Тармақша 3
3) сарапшы-аудитор аттестатын рәсімдеу және оны мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізбесінде тіркеу.
Құжаттарды қараудың жалпы мерзімі уәкілетті органға келіп түскен күнінен бастап бір айдан артық болмауы тиіс.
Тармақ 16
16. Оң шешім қабылданса сарапшы-аудиторлыққа кандидатқа аттестат беріледі. Аттестатқа уәкілетті органның басшысы немесе оны алмастырушы тұлға қол қояды.
Тармақ 17
17. Берілген аттестат тіркелген уақытынан бастап үш жыл бойы жарамды.
Тармақ 18
18. Теріс шешім қабылданса Комиссия сарапшы-аудиторлыққа кандидатқа себебі көрсетілген қабылдамау қағазын жібереді.
Басқа 1. Өнім мен қызметтер көрсетудің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторлардың әрекеттерінің ұсынылатын бағыттары
Стандарттау жөніндегі
сарапшы-аудиторларды,
сәйкестікті растау,
аккредиттеу жөнінде
сарапшы-аудиторларды
дайындау және аттестаттау
ережесіне 1-қосымша
Өнім мен қызметтер көрсетудің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторлардың әрекеттерінің ұсынылатын бағыттары
Тармақ 1
1. Өнімнің сәйкестігін растау:
Тармақша 1
1) тұрмыстық химия;
Тармақша 2
2) медициналық арланған бұйымдар;
Тармақша 3
3) кабельдік;
Тармақша 4
4) жеңіл өнеркәсіп;
Тармақша 5
5) дәрілік құралдар;
Тармақша 6
6) машина жасау;
Тармақша 7
7) металлургия;
Тармақша 8
8) минералды тыңайтқыштар;
Тармақша 9
9) мұнай;
Тармақша 10
10) қару (қызметтік-штаттық, азаматтық) және оған оқ-дәрі;
Тармақша 11
11) парфюмерлік-косметикалық;
Тармақша 12
12) тағам өнеркәсібі;
Тармақша 13
13) радиотехникалық;
Тармақша 14
14) ауыл шаруашылық өндірісі;
Тармақша 15
15) байланыс құралдары;
Тармақша 16
16) құрылыс материалдары мен конструкциялар;
Тармақша 17
17) ағаш өңдеу тауарлары;
Тармақша 18
18) отындық шикізат;
Тармақша 19
19) химиялық;
Тармақша 20
20) электрондық;
Тармақша 21
21) электротехникалық.
Тармақ 2
2. Қызметтер көрсетудің сәйкестігін растау:
Тармақша 1
1) қонақ үй, мотельдер, кемпингтер;
Тармақша 2
2) қоғамдық тамақтану;
Тармақша 3
3) шаштараз;
Тармақша 4
4) химиялық тазарту;
Тармақша 5
5) аккредиттеуге дайындау бойынша;
Тармақша 6
6) автомотокөлік құралдарын техникалық қызмет көрсету және жөндеу;
Тармақша 7
7) сауда;
Тармақша 8
8) туристік және экскурсиялық.
Тармақ 3
3. Менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау:
Тармақша 1
1) сапа менеджменті жүйесі;
Тармақша 2
2) сындарлы бақылау нүктелерін талдау негізінде тағам өнімдерінің сапа жүйесі;
Тармақша 3
3) қоршаған ортаны қорғау менеджменті жүйесі;
Тармақша 4
4) еңбекті қорғау және кәсіби аурулардың алдын алу жүйесі.
Басқа 2. Сарапшы-аудитордың жеке карточкасының нысаны
Стандарттау жөніндегі
сарапшы-аудиторларды,
сәйкестікті растау,
аккредиттеу жөнінде
сарапшы-аудиторларды
дайындау және аттестаттау
ережесіне 2-қосымша
Сарапшы-аудитордың жеке карточкасының нысаны
(сарапшы-аудиторлыққа кандидат)
Суретке арналған орын
Жеке карточка
_________________________________________________________
сарапшы-аудитордың (сарапшы-аудиторлыққа кандидат)
___________________________________________________________________
Маман аттестатталатын жүйе атауы
___________________________________________________________ бойынша
(аттестаттау саласы)
Толтырылған күні ____________________________________________
1. Жеке деректер
Тегі _______________ Аты _____________ Әкесінің аты _________
Туылған жылы ________________ Білімі ________________________
Аяқтаған оқу мекемесінің атауы ______________________________
Аяқтаған жылы _____________диплом N _________________________
Диплом бойынша мамандығы_____________________________________
Диплом бойынша біліктілігі __________________________________
Ғылыми деңгейі ______________________________________________
Аттестат ____________________________________________________
(сарапшы-аудитордың)
N _______________ берілген "____"_____200___ж.
Қайта аттестатталған күні____________________________________
Жұмыс орны __________________________________________________
Лауазымы __________________________ жұмыс телефон ___________
Үйінің мекен-жайы ______________________ үй телефон _________
Тармақ 2
2. Өндірістік әрекет
Күні
Ұйым,
Негізгі
басталуы
аяқталуы
лауазымы
міндеттері
Тармақ 3
3. Стандарттау, сәйкестікті растау, аккредиттеу жөніндегі жұмыстарға қатысу.
Тексеретін кәсіпорын (ұйым) атауы
және мекенжайы, орындалған жұмыстар
атауы
Тексерілген
(орындалған)
күні
Тексеру
(жұмыс)
түрі
Тармақ 4
4. Біліктілікті көтеру
Күні
Оқыту түрі
Мамандану
Куәлік N
_____________________________ ____________________________
сарапшы-аудиторлыққа сарапшы-аудитор қолы және
кандидат қолы қолының таратылуы
Басқа 3. Сарапшы-аудиторлыққа кандидаттың машықтанудан өткені туралы N ____ ЕСЕП
Стандарттау жөніндегі
сарапшы-аудиторларды,
сәйкестікті растау,
аккредиттеу жөнінде
сарапшы-аудиторларды
дайындау және аттестаттау
ережесіне 3-қосымша
Сарапшы-аудиторлыққа кандидаттың машықтанудан өткені туралы N ____ ЕСЕП
___________________________________________________________ бойынша
(аттестаттау саласы)
___________________________________________________________________
(машықтаушы - кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты)
___________________________________________________________________
(есеп мәтіні)
Машықтанушы ______________ ___________________________
(қолы) (аты-жөні, тегі)
Машықтану басшының сипаттама - пікірі:
Бағалау саласы
Баға
(қанағаттарлық,
қанағатсызданарлық)
Білімі:
Қазақстан Республикасы заңнамасының
негіздері
Техникалық реттеу саласында негіз
қалаушы нормативтік құжаттар
Жұмыстар мен тексерулерді жүргізу әдіс-
тері мен процедуралары, тексерілетін
объектілерінің сипаттамалары, оларды
бағалау әдістері мен тәсілдері, есеп-
терді дайындау, қажетті құжаттар мен
жұмыс нәтижелері бойынша қорытындылар
Білімін іс жүзінде пайдалана алуы
Жеке қасиеттерін іске асыру
Жалпы баға
Машықтану басшысы,
___________________________________________________________________
(сарапшы-аудитор, кәсіпорын басшысы, маман,
___________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты; аттестаттың тіркелу N, қызмет бағыты,
___________________________________________________________________
лауазымы, жұмыс орны, жұмыс өтілі)
___________________________________________________________________
(қолы, қолының таратылуы)
Ескертпе:
Есеп мәтінінде:
Тармақша 1
1) машықтаудан өткен күн(дер), машықтау өткен ұйым атауы мен
мекен-жайы (мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізілімінде
тіркелген ұйымының аккредиттеу аттестатының N);
Тармақша 2
2) машықтау стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу
жөніндегі құжаттар мен материалдар бойынша өткізілді (тексерілетін
ұйым атауы және мекен-жайы);
Тармақша 3
3) қандай ереже мен процедураларды анықтайтын құжаттарға
сәйкес жұмыстар жүргізілгені;
Тармақша 4
4) аттестаттау процедурасының қорытындысы, сынау
хаттамаларының және негізінде тексерілетін тексеру объектісінің
сәйкестігі (сәйкеспейтіні) туралы шешім қабылданған басқа да
құжаттардың нөмірі;
Тармақша 5
5) аттестатты беру туралы қабылданған шешім көрсетіледі.