О проведении трехмесячника по благоустройству, озеленению и санитарной очистке территорий населенных пунктов Қолданыста
Басқа 0
Елді-мекендерінің аумақтарын көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалау жөніндегі үшайлық өткізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 каңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 б. 1 т. 16) тармақшасына сәйкес, Ақмола облысы әкімдігінің 2005 жылғы 31 наурыздағы № Ә-4/93 «Облыс елді-мекендерінің аумақтарын көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалау жөніндегі үшайлық өткізу туралы» қаулысын іске асыру үшін, тазалықты және тиісті санитарлық тәртіпті сақтау мақсатында Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Степногорск қаласының, Ақсу, Бестөбе, Заводской, Шаңтөбе кенттерінің және Қарабұлақ селолық округінің аумағында 2005 жылғы сәуірдің 15-нен шілденің 15-не дейін елді-мекендердің аумағын көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалау жөніндегі үшайлық жариялансын (бұдан әрі - үшайлық).
Тармақ 2
2. Үшайлықты ұйымдасқан түрде және тиімді өткізу жөніндегі қалалық жедел штабы (бұдан әрі-Штаб) кұрылсын (1 қосымша).
Тармақ 3
3. Үшайлық жөніндегі қалалық конкурс өткізу ережесі (бұдан әрі - Конкурс) бекітілсін (2 қосымша).
Тармақ 4
4. «Степногорск қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - ММ) он күндік мерзімінде үшайлық өткізу жөніндегі іс-шараларды әзірлеп, бекітуге ұсынсын.
Тармақ 5
5. «Степногорск қаласы бойынша Ақмола облысының мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық кадағалау Департаментінің бөлімі» (Гердт А.А.) және «Степногорск каласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ (Шаймерденов М.Ш.) ақпаратты жинауға және Штабтың қарауына ұсынуға жауапты болып белгіленсін.
Тармақ 6
6. Қарабұлақ селолық округінің, кенттердің әкімдері және «Степногорск қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ 2005 жылғы мамырдың 15-не дейін сумен жабдықтау, канализация нысандарының көктемгі-жазғы мерзімде жұмыс істеу дайындығына байқау өткізсін.
Тармақ 7
7. Штаб үшайлықтың нәтижесі бойынша конкурс өткізсін және жеңімпаздарды белгілесін.
Тармақ 8
8. Қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және 2005 жылғы сәуірдің 15-нен пайда болған құқық қатынастарын белгілейді.
Тармақ 9
9. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары В.В. Ператинскийге жүктелсін.
Қала әкімінің
орынбасары В. Ператинский
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық,
жолаушылар көлігі және автомобиль
жолдары бөлімі бастығының м.а. М.Шаймерденов
Басқа 10
Степногорск каласы әкімдігінің
2005 жылғы 18 сәуірдегі № ә-1/243
каулысына 1 қосымша
Үшайлықты ұйымдасқан түрде және тиімді өткізу жөніндегі қалалық
жедел штабтың құрамы
Ператинский Вячеслав Валерьевич – Степногорск к. әкімінің орынбасары, штабтың төрағасы
Гердт Андрей Андреевич - санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы, штаб төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
Шаймерденов Мират Шамуханұлы - «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ бастығының м.а., штаб төрағасының орынбасары
Бағауов Жомарт Бағауұлы - «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ бас маманың м.а., штабтың хатшысы
Штаб мүшелері:
Бойрабаева Галина Серікқызы - қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бастығы
Борисеев Валерий Николаевич - «Горкоммунхоз» МКК директорының м.а.
Белоглядова Лидия Петровна - жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы
Батталов Айбатыр Кадырович - Ақмола облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасының бас маманы бас инспекторы (келісім бойынша)
Айтымов Қайыргелді Ислямбекұлы - Қарабұлақ селолық округінің әкімі
Темірбаев Абай Сүлейменұлы - Ақсу к. әкімі
Исаев Қайролла Ахметұлы - Бестөбе к. әкімі
Мәжитов Бауыржан Жұмабекұлы - Заводской к. әкімі
Лукьянов Сергей Алексеевич - Шаңтөбе к. әкімі
Құлғазинов Тұрғымбай Жұмағұлұлы - жер ресурстарын басқару жөніндегі Ақмола облыстық комитетінің Степногорск қалалық бөлімшесінің бастығы (келісім бойынша)
Басқа 11
Степногорск қаласы әкімдігінің
2005 жылғы 18 сәуірдегі
№ ә-1/243 қаулысына
2 қосымша
Үшайлық жөніндегі қалалық конкурсты өткізу
ЕРЕЖЕСІ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Үшайлық өткізу жөніндегі қалалық конкурс (бұдан әрі - Конкурс) Степногорск қаласының әкімдігімен ұйымдастырылады және өткізіледі.
Тармақ 2
2. Конкурс қала кенттерді және Қарабұлақ селолық округін көркейту мен көгалдандыру, көркейту жұмыстарына салымшылардың каржылық қаражаттарын тарту, кала мен ведомствоға қарасты кенттерде қоғамдық қолайлы жағдай жасау, тәртіп пен тазалықты сақтау, қоғамдық жұртшылықты жергілікті жерлердегі тұрғындардың бастамаларын іске асырудың таңдаулы тәжірибелерінен хабардар ету мақсатында өткізіледі.
Тарау 2. 2. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу
2. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу
Тармақ 3
3. Мынадай номинациялар бойынша конкурс өткізіледі: «Қаланың Үздік ПИК», «Үздік елді-мекен».
Тармақ 4
4. Қала мен кенттердің, Қарабұлақ селолық округінің тұрғындары, қоғамдық бірлестіктері, мекемелері, ұйымдары, ауыл шаруашылығының құрылымдары, шағын және орта бизнестің кәсіпорындары конкурсқа қатыса алады.
Тармақ 5
5. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшін қалалық жедел Штаб құрылады (бұдан әрі- Штаб).
Тармақ 6
6. Бекітілген номинациялар бойынша штаб жергілікті жерлерде конкурстың жеңімпаздарын карайды, бағалайды және белгілейді.
Тармақ 7
7. Қалалық штабқа қорытындыларын жинақтау үшін:
Тармақша 1
1) конкурсқа қатысу үшін өтінім;
Тармақша 2
2) түсіндірмехат;
Тармақша 3
3) конкурсқа қатысушының қызметі туралы кино - фотоқұжаттар мен ақпараттық материалдар тапсырылады.
Тармақ 8
8. «Үздік ПИК» номинациясы бойынша бағалау орындалған жұмыстар бойынша орташа бал шығара отырып, бес балдық жүйемен өткізіледі:
Тармақша 1
1) қасбеттердің, подъездердің, төле жайлардың жағдайы;
Тармақша 2
2) пәтер иелерінің кооперативтерімен қызмет көрсету аумақтарындағы көгал, гүлзар екпе ағаштардың жағдайы;
Тармақша 3
3) шағын сәулет нысандарының, жаяу жүретін жолдардың жағдайы;
Тармақша 4
4) жылу маусымына тұрғын үй қорының дайындық жағдайы;
Тармақша 5
5) қатты-тұрмыстық қалдықтарды жинау орындарының жағдайы.
Тармақ 9
9. «Үздік елді-мекен» номинациясы бойынша орындалған жұмыстар бойынша орташа бал шығара отырып, бес балдық жүйемен өткізіледі:
Тармақша 1
1) елді мекенге кіре берісті ресімдеу (елді мекен көрсеткішінің немесе кіре беріс белгінің бар болуы, іргелес аумақтың жайғастыруы);
Тармақша 2
2) жеке меншік үй құрылыстарының жағдайы (қасбеттері, қоршаулары, жеке меншік үйлер аумағының көгалдандыру мен санитарлық жағдайы);
Тармақша 3
3) қоғамдық ғимараттардың, әлеуметтік саласындағы мен сауда объектілердің, өндірістік сектордағы объектілердің жағдайы (іргелес аумақтарының қасбеттері, қоршаулары, көгалдандыруы мен санитарлық жағдайы, ықшам базарлардың, автомобильге жанар май құю станцияларының, автобус аялдамаларының, жарнама маңдайшаларының ұсталуы және олардың «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңына сәйкес келуі);
Тармақша 4
4) елді мекендердегі жолдар мен тротуарлар, жаяу жүретін жолдар, су өткізетін тетіктердің ұсталуы;
Тармақша 5
5) бос ғимараттарды бұзылудан сақтау, бұзылғандарды бұзып алу, жерді тегістеу;
Тармақша 6
6) естелік пен қоғамдық зираттардың ұсталуы мен жағдайы;
Тармақша 7
7) стадиондар, спортзалдар, спорталаңдар және спорт имараттарының жағдайы;
Тармақша 8
8) жасыл желектері бар елді мекендердің көгалдануы мен сауықтыруы (гүл алаңдары, саябақтар, мектеп жанындағы жер телімдері) және демалыс орындарын жайғастыру;
Тармақша 9
9) сумен жабдықтау (қоғамдық құдықтардың санитарлық-гигиеналық жағдайы, сутартқы құрылғының жұмыс істеуі, айнала көпіршелердің болуы).
Тармақша 10
10) елді мекендердің тұрғындары бұлақтардың көзін ашуға, ормандар мен отырғызылған ағаштарды, ауыл маңындағы тоғайларды тазалауына қатысу;
Тармақша 11
11) қатты мен сұйық қоқыс тастайтын жерлердің, көң қоймасының, мал өлекселерін көметін орындардың жағдайы;
Тармақша 12
12) тамақ өнеркәсіп объектілерінің, қоғамдық тамақтандыру, сауда кәсіпорындарының көктемгі-жазғы кезеңдегі жұмыстарға дайындығы.
Тарау 3. 3. Жеңімпаздарды ынталандыру және марапаттау
3. Жеңімпаздарды ынталандыру және марапаттау
Тармақ 10
10. Жүлделі орындарға ие болған конкурстың жеңімпаздары грамоталармен марапатталады. Үшайлық өткізу жөніндегі қалалық конкурстың жеңімпаздарын қала әкімі немесе қалалық штабтың төрағасы марапаттайды.