Об утверждении Правил содержания собак и кошек в городе Темиртау и поселке Актау Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.03.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Теміртау қаласы мен Ақтау кентінде иттер мен мысықтарды ұстау Ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 30 қаңтарындағы № 155 «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2002 жылдың 10 шілдесіндегі № 339-II «Ветеринария туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 14 желтоқсандағы № 361-II «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі № 160 «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442-ІІ Жер кодексіне сәйкес, қалалық мәслихат шешім етті:
Тармақ 1
1. Теміртау қаласы мен Ақтау кентінде иттер мен мысықтарды ұстау Ережесі бекітілсін (ереже қоса берілуде).
Тармақ 2
2. Осы ереже меншік түріне байланыссыз Теміртау қаласы мен Ақтау кентінің аумағында тұратын немесе қызмет атқаратын барлық заңды және жеке тұлғалар үшін міндетті деп саналады. Әкімшілік жаза қолдану тәртібі Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 30 қаңтарындағы № 155 «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексімен анықталынады.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау экономика, өндіріс және қызмет көрсету, заңдылық және әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияларға жүктелсін. КЕЛІСІЛДІ «Теміртау қаласының ішкі істер басқармасы» ММ бастығы Серікқали Әбекенұлы Әбекенов 31.03.2005ж. «Қарағанды облысының мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті» ММ-нің Теміртау қаласы бойынша филиалының мемлекеттік санитарлық бас дәрігері Виктор Петрович Букин 31.03.2005ж. «ҚР ауыл шаруашылық Министрлігінің Теміртау қалалық аумақтық басқармасы» ММ бастығы Петр Константинович Шабаев 31.03.2005ж. «Теміртау қаласы әкімінің аппараты» ММ кадр және құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы Шолпан Қанатқызы Темірбекова 31.03.2005ж.
Басқа 4. Теміртау қаласы мен Ақтау кентінде иттер мен мысықтарды ұстау Ережесі
Теміртау қалалық мәслихаттың 2005 жылғы 31 наурыздағы 16 сессиясының № 16/10 шешіміме қосымша Теміртау қаласы мен Ақтау кентінде иттер мен мысықтарды ұстау Ережесі Осы ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 30 қаңтарындағы № 155 «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының, Қазақстан Республикасының 2002 жылдың 10 шілдедегі № 339 «Ветеринария туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы № 361-II «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі № 160 «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442-ІІ Жер кодексіне сәйкес дайындалған. Осы ереже меншік түріне байланыссыз қала аумағында тұратын және қызмет атқаратын барлық заңды және жеке тұлғалар үшін міндетті.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) иттер мен мысықтар иелері – заңнамаларға сәйкес пайдалану құқығында, меншігінде немесе ұстауында иттері мен мысықтары бар заңды немесе жеке тұлғалар;
Тармақша 2
2) иттер мен мысықтарды ұстау – иттер мен мысықтар иелерінің олардың биологиялық ерекшеліктеріне және осы Ережеге сәйкес тіршілік етуі мен өмір сүруіне жағдай жасауды қамтамасыз етуі;
Тармақша 3
3) қараусыз иттер мен мысықтар – қандай да бір тұлғасыз қоғамдық орындарда жүрген иттер мен мысықтар;
Тармақша 4
4) иелерінен ерекше жауапкершілікті талап ететін иттер тұқымы – бультерьер, американдық стаффордшерлік терьер, қара терьер, ротвейлер, кавказ овчаркасы, оңтүстік орыс овчаркасы, орта азия овчаркасы, неміс овчаркасы, москвалық күзетші ит, боксер, бульдог, ризеншнауцер, доберман, мастино, мастиф, эрдельтерьер, ньюфаундленд, сенбернар, лайка, колли, белгиялық овчарка, бульмастиф, ламбрадор, леонбергор, бобтейл, чау-чау, далматин, бладхаунд, командор, берндік үлпілдеген ит, ирландық бөрібасар, пойнтер, королдік пудель, кувас және басқа да шоқтығының биіктігі 50 сантиметрден көп ит тұқымдары. Иттің қай тұқымға жататындағы тектік құжаттарының негізінде анықталынады, ал даулы жағадайда үй жануарларын тіркейтін орган жанындағы сараптау комиссиясы, Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық сараптау комиссиясы, Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық Министрлігінің қалалық аумақтық басқармасының ветеринарлық инспекциясы анықтайды;
Тармақша 5
5) қараусыз итер мен мысықтарды аулау – иттер мен мысықтарды аулауға, оқшаулауға, қолдап өлтіруге, кәдеге асыруға тиісті лицензиясы мен техникасы, арнайы жабдығы бар ұйым әрекеті;
Тармақша 6
6) қолдап өлтіру – Қазақстан Республикасының тиісті органдары осындай мақсатқа қолдануға рұқсат берілген арнайы препараттарды салу арқылы иттер мен мысықтарды ауыртпай өлтіру;
Тармақша 7
7) иттерді қыдырту – табиғи жолмен зәрі мен нәжісін шығару үшін иттерді далаға шығару;
Тармақша 8
8) ветеринариялық іс-шаралар – жануарлар ауруларының профилактикасын, емделуін немесе диагностикасын қоса алғанда, оның шығуын, таралуын болдырмауға немесе оны жоюға, жануарлар мен адам денсаулығына қауіп төндіретін аса қауіпті аурулар жұқтырған жануарларды залалсыздандыруға (зарарсыздандыруға), алып қоюға және жоюға; жануарлардың өнімділігін арттыруға; жануарлардың және адамдардың денсаулығын жұқпалы, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау мақсатында, бірдейлендіру рәсімін қоса, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған індетке қарсы ветеринариялық-санитариялық рәсімдер кешені;
Тармақша 9
9) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ереже – ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен, ветеринария саласныдағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар орындау үшін міндетті болып табылатын ветеринариялық нормативтер негізінде ветеринариялық іс-шараларды жүргізу тәртібін анықтайтын нормативік құқықтық акт;
Тармақша 10
10) санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар (ары қарай санитарлық ереже) - санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтамаған жағдайда (оның ішінде аумақ қауіпсіздігін және (немесе) адамдар үшін ортаның зиянсыз факторын) адам өмірі мен денсаулығына қауіп анықтайтын нормативтік құқықтық акт;
Тармақша 11
11) ветеринарлық паспорт – ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысандағы құжат, онда жануардың иесі, түсі, түрі, жынысы, жасы, жануарлар ауруларының профилактикасы, диагностикасы мен оларды емдеу мақсатында жүргізілген ветеринариялық дауалаудың мерзімдері мен сипаты көрсетіледі;
Тармақша 12
12) бірдейлендіру – жануарларға жеке бірдейлендіру нөмірін беретін паспорттауды жүргізу рәсімі;
Тармақ 2
2. Иттер мен мысықтарды ұстау Ережесін сақтауды бақылау Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық Министрлігінің қалалық аумақтық басқармасына және Теміртау қаласының ішкі істер басқармасына жүктеледі.
Тарау 2. 2. Иттер мен мысықтарды ұстау
2. Иттер мен мысықтарды ұстау
Тармақ 3
3. Рұқсат етіледі:
Тармақша 1
1) иттер мен мысықтарды зоологиялық бұрыштарда, сауықтыру мекемелерінде санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринарлық қызметтің рұқсатымен ұстауға;
Тармақша 2
2) иттер мен мысықтарды оқшауланған, қоршалған аумақта еркін қыдыртуға;
Тармақша 3
3) қарауыл иттерді мекемелер мен ұжымдарда байлап ұстауға;
Тармақша 4
4) адамдар қауіпсіздігін міндетті қамтамасыз еткен жағдайда иттерді оқу-жаттықтыру алаңында тұмсық торсыз және қарғы баусыз ұстауға;
Тармақша 5
5) бос жерлерде тұмсық тор мен қарғы бауда қыдыруға;
Тармақша 6
6) көліктің осы түрінде қолданатын ережені сақтай отырып, адамдардың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз ете отырып, қоғамдық көліктерде иттер мен мысықтарды тасымалдауға.
Тармақ 4
4. Тиым салынады:
Тармақша 1
1) иттер мен мысықтардың подъездерді, текпешек алаңын, лифтерді, сонымен қатар спорттық және балалар алаңын, көгалдарды, тротуарларды, парк аумағын нәжістермен ластауға тиым салынады, егер де көрсетілген жерлерге иттер мен мысықтар нәжістерін қалдырса, оны иелері тазалаулары керек;
Тармақша 2
2) иттерді қысқа қарғы баусыз (ұзындығы 1 метрге дейін) және тұмсық торсыз қыдыртуға;
Тармақша 3
3) алаңдар, көшелер, тротуарлар, өтпе жолдар, жолдар, жағалаулар, парктер, гүлзарлар, қаладағы ормандар, бульварлар, су айдындары, жағажайлар, зираттар және халықтың қажеттерін қанағаттандыруға арналған өзге де объектілер (су құбырлары, жылыту құбырлары, тазарту құрылыстары және жалпы жұрт пайдаланатын басқа да инженерлік жүйелер) орналасқан және соларды орналастыруға арналған ортақ пайдалану жерін иттер мен мысықтарды қыдырту үшін пайдалануға;
Тармақша 4
4) мас адамдардың иттерді қыдыртуға;
Тармақша 5
5) 14 жасқа толмаған тұлғаларға иттерді қыдыртуға;
Тармақша 6
6) текпешек алаңдарында, үй төбесінде, үй астында иттер мен мысықтарды ұстауға;
Тармақша 7
7) иттер мен мысықтарды суаттарда шомылдыруға;
Тармақша 8
8) өлген иттер мен мысықтардың мәйітін лақтырып тастауға, өз еркімен жануарлардың мәйітін жерге көмуге (осы мақсаттар үшін Теміртау қаласы мен Ақтау кентінің аумағында мал қорымы жабдықталуда);
Тармақша 9
9) қала аумағында иттер төбелесін өткізуге;
Тармақша 10
10) ветеринарлық құжатсыз белгіленбеген орындарда жануарларды сатуға;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық Министрлігінің қалалық аумақтық басқармасының келісімінсіз көрме ұйымдастыруға.
Тармақ 5
5. Елді мекен аумағында иесіз жүрген иттер мен мысықтар, дүкендердің, емханалардың, дәріханалардың, тұрмыстық қызмет көрсететін кәсіпорындар мен басқа жерлерде иелері байлап қалдырғандарынан басқасы қараусыз деп саналады да арнайы қызметтің аулауына жатады.
Тарау 3. 3. Иттер мен мысықтар иелерінің міндеттері
3. Иттер мен мысықтар иелерінің міндеттері
Тармақ 6
6. Иелерінің міндетті:
Тармақша 1
1) иттер мен мысықтарды Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық Министрлігінің қалалық аумақтық басқармасының ветеринарлық инспекциясының бөлімінде тіркеуге немесе ауырған жағдайда уақытылы ветеринарлық қызметке келуге;
Тармақша 2
2) жануарларды бірдейлендіруді қамтамасыз етуге және оларға ветеринарлық паспорттар ресімдеуге;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған жағдайда иттер мен мысықтарды ауыртпау үшін, ауруды тарату немесе жою үшін ветеринар мамандардың талабы бойынша оларды тексеруге, диагностикалық зерттеуге және емдеу, алдын алу әрекеттерін жүргізуге әкелуге;
Тармақша 4
4) иттерді тұрғын үй маңында қыдыртқан кезде тыныштықты қамтамасыз етсін, түнгі сағат 23.00-ден таңғы 6.00.-ге дейін иттерді үрдіртпеуге;
Тармақша 5
5) иттер мен (немесе) мысықтарды ары қарай ұстау мүмкін болмаған жағадайда басқа адамға берсін немесе иттер мен мысықтар иелері есебінен қолдап өлтіруге тапсырсын, есепке алу, алдын алу және инфекцияға қарсы шараларды жүргізу мақсатында жануарларды мекен-жайы бойынша ветеринарлық емханаға әкелуге;
Тармақша 6
6) иттер мен мысықтарды олардың биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес ұстауға, оларға адамгершілікпен қарауға, оларды қараусыз, тамақсыз және сусыз қалдырмауға;
Тармақша 7
7) сату, сатып алу, сонымен қатар құтыруға қарсы егу жүргізілгендігі туралы белгісі ветеринарлық куәлігінде (Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық Министрлігінің қалалық аумақтық басқармасы берген) бар болған жағдайда ғана көліктің барлық түрінде Республикамыздың басқа облыстарына тасымалдауға рұқсат етіледі;
Тармақша 8
8) жануар сатып алғандығы, олардың өлгендігі, сатқандығы туралы ветеринарлық мекемелерге хабар берсін. Жануарды сату және басқа адамға беру олардың втеринарлық паспорттарын қатар беру арқылы жүзеге асырылады;
Тармақша 9
9) жануардың ауырып қалғандығын немесе өлгендігі туралы тез арада ветеринарлық мекемеге, ал тіспен алған жағдайда медициналық және ветеринарлық мекемеге хабар беру керек.
Тарау 4. 4. Пәтер иелері кооперативетрінің міндеттері
4. Пәтер иелері кооперативетрінің міндеттері
Тармақ 7
7. Пәтер иелері кооперативетрінің міндеттері:
Тармақша 1
1) үй астына, үй төбесіне және басқа да қосалқы бөлмелерге кіретін есіктерді жануарлар кірмеу жабық ұстауға;
Тармақша 2
2) өзінің аумағындағы иесіз иттер мен мысықтардың санын аулаумен айналысатын ұйымдарға хабарлауға.
Тарау 5. 5. Осы Ережені бұзғаны үшін жауапкершілік
5. Осы Ережені бұзғаны үшін жауапкершілік
Тармақ 8
8. Иттер мен мысықтарды ұстау Ережесін бұзу Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 30 қаңтарындағы № 155 «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 311-бабына сәйкес айыппұл салуға немесе ескерту жасауға әкеп соғады.