О дополнительном регламентировании порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в районе Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.10.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ауданда жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібінің қосымша регламенттеу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, ликеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» Заңының 10 бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6,7 бабтарына сәйкес азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауіпсіздікті, ауданның инфрақұрылым объектілерін, көліктің қалыпты жұмыс істеулеріне, жасыл желектер мен шағын сәулет нысандарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында аудандық мәслихат шешім етеді:
Тармақ 1
1. Ауданда бейбіт жиналыстар, митингілер, пикеттер өткізу үшін келесі орындар:
Тармақша 1
1) Мәртөк селосындағы «Хлебный дом» ЖШС-ің зертханасына тірелген алаң;
Тармақша 2
2) Хлебодаровка селосының Сауда орталығына тірелген алаң;
Тармақша 3
3) Жайсан селосының Сауда орталығына тірелген алаң;
Тармақша 4
4) Андреевка селосының Мәдениет үйіне тірелген алаң;
Тармақша 5
5) Вознесеновка селолық клубына тірелген алаң; анықталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.