Төтенше жағдайдың алдын туралы Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.11.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Төтенше жағдайдың алдын туралы Республикасының 2004 жылғы 14 сәуірдегі № 548 Бюджеттік Кодексінің 17- бабына сәйкес, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы 1996 жылғы 05 шілдедегі № 19 Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, төтенше жағдай бойынша комиссияның 08.11.2005 жылғы хатамасының негізінде, қала әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Тұрғындардың денсаулығын құтырма ауруынан сақтандыру, жұқпалы аурулардың таралуынан санитариялық қорғау үшін төтенше жағдайдың алдын-алу шаралары жүргізілсін.
Тармақ 2
2. Жаңаөзен қалалық қаржылар бөлімі (Абдыкулова М.Ү.) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін бұралқы иттерді атуға Жаңаөзен қаласы әкімінің резервтік қорынан 1 000 000 (бір миллион) теңге бөлінсін.
Тармақ 3
3. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі (Бұхарбаев Ә.) бөлінген қаражатты мақсатқа сай пайдалансын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары О.Т. Нұржаубаевқа жүктелсін.