О мерах по социальной защите от безработицы целевых групп населения и Правилах их финансирования Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.04.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Халықтың мақсатты топтарын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау бойынша шаралар және оларды қаржыландыру Ережелері туралы Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 53- бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 13- тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 45,7,9- баптарына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес, жұмысқа орналасуда қиындықтар көретін халықтың мақсатты топтарын әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар белгілеу мақсатында Ұлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Жастар іс-тәжірибесін» ұйымдастыру жөніндегі Ереже (1 қосымша), әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру Ережесі (2 қосымша), кәсіптік оқытуға жіберілген жұмыссыз азаматтардың жол жүру, тамақтану, тұру және медициналық куәландыру шығындарын өтеу Ережесі (3 қосымша) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Н. Сейсембинаға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
Басқа 4. «Жастар іс - тәжірибесін» ұйымдастыру жөніндегі
Ұлан ауданы әкімдігінің 2005 жылғы «18» сәуір № 1569 қаулысымен бекітілген Ұлан ауданы әкімдігінің 2005 жылғы «18» сәуір № 1569 қаулысына № 1 қосымша «Жастар іс - тәжірибесін» ұйымдастыру жөніндегі ЕРЕЖЕ І. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Тармақ 1
1. «Жастар іс - тәжірибесін» ұйымдастыру жөніндегі Ереже бастауыш, орта және жогары кәсіби білім беретін оқу орындарының жұмыссыз түлектерін жұмысқа орналастыру мүмкіншіліктерін кеңейту және олардың тәжірибе, білім, іскерлік пен дагды алулары мақсатында әзірленді.
Тармақ 2
2. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес әзірленді.
Тармақ 3
3. Ереже өкілетті органның жұмыспен қамту бойынша (одан әрі «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі») бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім оқу орындарын бітірген, жұмыспен камту кызметінде тіркеуде тұрған жастарға еңбек нарығында алғашқы еңбек тәжірибесін алу, жұмысқа орналасу, бәсекелестікке төтеп беру жұмыс бағыттарының бірін аныктайды. «Жастар іс тәжірибесі» меншік түріне қарамастан мекемелерде, ұйымдарда және кәсіп орындарда (одан әрі «Жұмыс беруші» деп аталатын) ұйымдастырылып өткізіледі. «Жұмыспен камту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» «Жұмыс берушімен» келісім-шарт негізінде бірлесіп әрекет жасайды.
Тармақ 4
4. «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімі» «Жастар іс - тәжірибесіне» жіберу үшін еңбек нарығындағы жағдайды және жұмыссыз жастардың құрамын ескере отырып оқу орындарын бітірген жұмыссыз түлектер есебін анықтайды.
Тармақ 2. 2. «ЖАСТАР ІС-ТӘЖІРИБЕСІН» ҰЙЫМДАСТЫРУ
2. «ЖАСТАР ІС-ТӘЖІРИБЕСІН» ҰЙЫМДАСТЫРУ
Тармақ 5
5. «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» жастарды жұмыспен қамту саласында өңірдегі еңбек нарығына жағдайды талдау негізінде «Жастар іс - тәжірибесін» өткізу туралы шешім қабылдайды. Шешім қабылдарда келесі негізгі өлшемдер есепке алынады:
Тармақша 1
1) оқу орындарын бітірген жұмыссыз түлектер саны және олардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде тіркелген жұмыссыздардың жалпы санындағы үлесі;
Тармақша 2
2) жастар арасындағы ұзақ уақыт жұмыс істемеген түлектердің санының өсуі;
Тармақша 3
3) бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім беретін оқу орындары түлектеріне жұмысқа орналасуда мүмкіншілігін төмендететін еңбек өтілі, алған мамандығы бойынша дағдыларының жоқтығы.
Тармақ 6
6. «Жастар іс - тәжірибесін» өткізу жөніндегі шешімді қабылдағаннан кейін «Жұмыспен камту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» қаржылық-экономикалық жағынан тұрақты, одан әрі даму және өндірісін кеңейтуге болашагы бар, жұмыс орындарында еңбек жағдайы бар, «Жастар іс тәжірибесіне» қатысушылар үшін потенциалды жұмыс беруші бола алатын мекемелер жөнінде ақпараттар жинау жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қоса «Жұмыспен қамту және әлеуметтік багдарламалар бөлімі» бұқаралық ақпараттық кұралдары аркылы «Жастар іс - тәжірибесін» өткізу жағдайлары және мекеменің негізгі принциптері жөнінде ақпарат береді.
Тармақ 7
7. Кәсіпорындар жөнінде жиналған ақпаратты қорыту және талдау негізінде «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» «Жастар іс тәжірибесіне» қатыстыру үшін оқу орындарын бітірген жұмыссыз түлектерді іріктейді. Іріктеу өлшемдері келесілер болуы мүмкін:
Тармақша 1
1) «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде» жұмыссыз ретінде тіркелу;
Тармақша 2
2) қатысушыларды іріктеу кезеңінде олар үшін қолайлы жұмыстың болмауы;
Тармақша 3
3) жасы 24 жасқа дейін қоса алғанда. «Жастар іс тәжірибесіне» тек қана жұмыссыздың келісімімен 6 ай мерзіміне дейін жіберіледі.
Тармақ 8
8. «Жастар іс - тәжірибесін» өткізуді «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» жергілікті атқарушы органдармен, жастар істері жөніндегі комитеттермен және жастарды жұмысқа орналастыруға ынталанған басқа мекемелермен бірлесіп ұйымдастырады.
Тармақ 9
9. Жұмыссыз түлектерді уақытша жұмысқа қабылдауға келісім берген кәсіпорындармен «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» келісім-шарт жасайды. Келісім-шарт жұмысқа қабылданатын азаматтар санын, «Жұмыс беруші» жұмыссыз жастарды жұмысқа алатын мамандықтар (кәсіптер) бойынша тізімді, «Жастар іс - тәжірибесіне» қатысушыларды мамандыққа сәйкес кәсіби білімі мен дағдысын қамтамасыз етуді қарайды.
Тармақ 10
10. «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен» жасасқан келісім-шартқа сәйкес «Жастар іс - тәжірибесі» белгісі бар жолдамамен жүмыссызды мекемеге жібереді. «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімімен» жасасқан шарт шеңберінде, жұмыссызды накты жұмыс орнына алу жөніндегі шешімді «Жұмыс беруші» қабылдайды. «Жұмыс беруші» жолдаманың үзінді талонын толтырып жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімінің мекен жайына жібереді.
Тармақ 11
11. Жүмыссызды уақытша жұмысқа алу жөніндегі шешім қабылдаған жағдайда «Жұмыс беруші» Қазақстан Республикасының «Еңбек туралы» Заңына сәйкес «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламар бөлімімен» келісім - шартта ескертілген мерзімге онымен еңбек келісім-шартына (контрактқа) отырады. Жастар іс-тәжірибесінің басталуы алдында жұмыс беруші қажеттілікке байланысты жұмыссызды жұмыс орнына жіберуге міндетті қосымша курстық даярлықты өткізеді.
Тармақ 12
12. «Жұмыс беруші» жұмыссызды жұмысқа орналастырғанда «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне» жұмысқа қабылдаған кезден 3 күн асырмай еңбек келісім-шартының көшірмесі қосылған уақытша жұмысқа қабылдау жөніндегі бұйрықтың көшірмесін ұсынады.
Тармақ 13
13. «Жастар іс - тәжірибесіне» қатысушы еңбек заңнамасын бұзған жағдайда «Жұмыс беруші» бір жақтылық тәртіпте келісім-шартты бұзуға құқылы.
Тармақ 14
14. «Жұмыс берушінің» ықыласы бойынша жұмыссызбен келісім-шарт бұзылғанда жұмыс беруші «Жастар іс - тәжірибесінің» аяқталғаны және «Жастар іс - тәжірибесі» қатысушысының жұмыстан босағаны жөнінде 3 күн мерзімінде «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне» ақпарат береді. Кәсіпорыннан жұмыстан босатылу Қазақстан Республикасының «Еңбек туралы» Заңына сәйкес жүргізіледі. Жұмыссыз «Жастар іс - тәжірибесіне» қатысуының доғарылуы жөнінде шешім қабылдауға болады, ол туралы «Жұмыс берушіні» және «Жұмыспен камту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімін» 3 күн мерзімінде хабардар етеді.
Тармақ 15
15. Келісім- шарттың мерзімі өткеннен кейін «Жұмыс беруші» «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне» азаматтың еңбек келісім-шарты (контракт) бойынша жұмысқа қабылданғаны жөніндегі бұйрықтың көшірмесін немесе оның кәсіпорыннан жұмыстан босатылуы туралы бұйрыктың көшірмесін жібереді.
Тармақ 16
16. «Жұмыс берушінің» шешімі бойынша жұмыссыз «Жастар іс - тәжірибесін» өту мерзімінің аяқталуына дейін тұрақты жұмыс орнына орналаса алады. Онда «Жұмыс беруші» «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне» «Жастар іс - тәжірибесіне» қатысушының еңбек-келісім шарты бойынша (контракт) жұмысқа алынғаны жөніндегі бұйрықтың көшірмесін жібереді.
Тармақ 17
17. «Жұмыс беруші» шарт мерзімінің аяқталуы бойынша оған қатысушының «Жастар іс - тәжірибесін» өткені туралы мінездеме ұсынады.
Тармақ 18
18. Осы немесе басқа кәсіпорындарға тұрақты (уақытша) жұмыс орнына жұмысқа орналаспаса «Жастар іс - тәжірибесінің» аяқталуы бойынша жұмыссыз жұмыссыз ретінде «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде» есепте тұруын жалғастырады.
Тармақ 3. 3. «ЖАСТАР ІС-ТӘЖІРИБЕСІН» ҚАРЖЫЛАНДЫРУ
3. «ЖАСТАР ІС-ТӘЖІРИБЕСІН» ҚАРЖЫЛАНДЫРУ
Тармақ 19
19. «Жастар іс - тәжірибесін» қаржыландыру жұмыспен қамту бағдарламасын орындалуға бекітілген шығыстар сметасына сәйкес аудандық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
Тармақ 20
20. Маманды жұмыс орнына жіберуге қажетті қосымша курстық даярлықтың төлемі жұмыспен қамту бағдарламасында жұмыссыздардың кәсіби даярлығына қаралған қаржаттар есебінен жүргізіледі.
Тармақ 21
21. «Жастар іс тәжірибесіне» қатысушының еңбек төлемі келесі мөлшерде жүргізіледі:
Тармақша 1
1) толық айға бастауыш және орта кәсіби білім беретін оку орындарының түлектері үшін бір ең төменгі жалақы;
Тармақша 2
2) толық айға жоғары оқу орындары түлектері үшін 1,2 ең төменгі жалақы.
Тармақ 22
22. «Жұмыс беруші» «Жастар іс - тәжірибесінің» қатысушысына өз қаражаты есебінен қосымша төлем жасай алады.
Тармақ 23
23. «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» «Жастар іс - тәжірибесіне» қатысқандарға олардың жеке шоттарына еңбек ақы аудару жолымен жүргізіледі.
Тармақ 24
24. «Жастар іс - тәжірибесіне» қатысушы жұмыссыздардың есептелген еңбек ақысына қолданыстағы салық заңнамасына сәйкес салық салынады. Ұлан аудандык жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы А. Ибраимова
Басқа 39. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру
Ұлан ауданы әкімдігінің 2005 жылғы «18» сәуір № 1569 қаулысымен бекітілген Ұлан ауданы әкімдігінің 2005 жылғы «18» сәуір № 1569 қаулысына № 2 қосымша Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру Ережелері І. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Тармақ 1
1. Осы Ережелер жұмыссыздарды және халықтың мақсатты топтан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін белгілейді, негізгі жағдайларды және әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын мекемелермен (меншік түріне қарамастан) есеп айрысу жүйесін реттейді.
Тармақ 2
2. Осы Ережеде қолданылатын негізгі ұғымдар: - әлеуметтік жұмыс орны - аудандық бюджет қаражаттары есебінен жұмысқа алынған жұмысшылардың еңбек ақысына жұмсалған шығынды ішінара өтеумен халықтың мақсатты тобынан жұмыссыз азаматтарды бар кәсібі мен мамандығына сәйкес жұмыска орналастыру үшін жұмыс берушілердің жазбаша келісімімен ұсынылған жұмыс орны. - мақсатты топтар - «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен, жергілікті атқарушы органдармен белгіленген, жұмысқа орналасуда қиындыктар көріп жүрген және әлеуметтік қорғауды талап ететін адамдар тобы.
Тармақ 3
3. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 53- бабына. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31- бабаның 1- тармағының 13- тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 4,5,7,9- баптарына. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылгы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес әзірленді.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан азаматтарға Қазақстан Республикасындағы еңбек, зейнетақымен қамту және сақтандыру жөніндегі заңнамалық актілер қолданысқа жатады.
Тармақ 2. 2. ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНА ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ ТӘРТІБІ
2. ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНА ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ ТӘРТІБІ
Тармақ 5
5. Әлеуметтік жұмыс орындарын өз қаражатынан қаржыландыру және осы жұмыс орынға алынған азаматтардың еңбек ақысы шығынын аудан бюджетінен ішінара өтеуімек жұмыс беруші белгілейді.
Тармақ 6
6. Жергілікті атқарушы органдар жұмыс берушілердің жазбаша келісімі бойынша мекемелердің (кәсіпорындардың) тізбесін және оған мақсатты топтан жұмыспен қамтылмағандарды және жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарының санын белгілейді.
Тармақ 7
7. Әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған азаматтардың еңбек төлемінін ішінара өтелуі шартқа сәйкес жұмыспен қамту мәселесі жөнінде (одан әрі «жұмыспен қамту және әлеуметтік багдарламалар бөлімі») уәкілетті органдармен жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру үшін мақсатты топтак жұмыссыздарға және жұмыспен қамтылмағандарға жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі іріктеу жүргізеді.
Тармақ 9
9. Жұмыс беруші жұмыссыздарды және жұмыспен қамтылмаған адамдарды «Әлеуметтік жұмыс орындарына» жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жолдамасы бойынша жұмысқа орналастырады, жолдаманың үзінді талонын толтырады және оны жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімінің мекен жайына жібереді.
Тармақ 10
10. Азаматтарды әлеуметтік жұмыс орнына қабылдағанда жұмыс беруші онымен Қазақстан Республикасының «Еңбек туралы» Заңына сәйкес жұмыспен камту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімімен келісілген мерзімге еңбек шарт (контракт) жасайды.
Тармақ 3. 3. ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРІ МЕН ШАРТТАРЫ
3. ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРІ МЕН ШАРТТАРЫ
Тармақ 11
11. Әлеуметтік жұмыс орнына мақсатты топтан қабылданған жұмыссыздардың және жұмыспен қамтылмаған халықтың еңбек төлемі ай сайын жұмыс беруші өз қаражаттарынан жеке еңбек шартының жағдайларына сәйкес және орындалатын жұмыстың көлеміне, сапасына және қиындығына байланысты жүзеге асады.
Тармақ 12
12. Жұмыс берушілердің әлеуметтік жұмыс орнына мақсатты топтан орналасқан жұмыссыздардың және жұмыспен қамтылмаған халықтың еңбек төлемінің шығындары ішінара түрде аудандық бюджет қаражаттарынан 0,5-тен 1,0-ге дейін ең төменгі жалақы мөлшерінде мерзімі 6 айдан аспайтын жұмыс беруші жүмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне ұсынған жұмыссыздардың осы айда жұмыс істеген күндері көрсетілген анықтаманың негізінде өтелінеді. Мақсатты топтан жұмыссыздардың және жұмыспен қамтылмаған адамдардың еңбек төлемі бойынша дотацияны жұмыспен қамту жөнінде уәкілетті органдар жұмыспен қамту бағдарламасы есебінен жұмыс берушілердің есеп шотына жібереді.
Тармақ 13
13. Әлеуметтік жұмыс орындарына мақсатты топтан жұмысқа орналасқан жұмыссыздардың және жұмыспен қамтылмағандардын төленетін еңбек төлеміне заңнамада белгілеиген тәртіпте салық салынады.
Тармақ 14
14. Әлеуметтік жұмыс орнына мақсатты топтан орналасқан жұмыссыздардың және жұмыспен қамтылмаған халықтың еңбек төлемі нақтылы орындалған жұмыс көлеміне жүргізіледі.
Тармақ 15
15. Кәсіпорыпның есеп шотына түскен мақсатты топтағы жұмыссыздардың және жұмыспен қамтылмаған халықтың еңбек төлемінің шығынын ішінара өтеу үшін қаралған бюджет қаражаттарын мақсатсыз пайдаланғаны үшін жұмыс беруші жауапты.
Тармақ 5. 5. ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ТӘРТІБІНЕ БАҚЫЛАУ ЖАСАУ
5. ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ТӘРТІБІНЕ БАҚЫЛАУ ЖАСАУ
Тармақ 16
16. Әлеуметтк жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру Ережелерін сактауға бақылау т асау заңнамада белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдармен жүзеге асырылады. Ұлан аудандық жүмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар болімінің бастығы А. Ибраимова
Басқа 59. Кәсіптік оқытуға жіберілген жұмыссыз және мақсатты топтан жұмыспен қамтылмаған азаматтардың жол жүру, тамақтану, тұру және медициналық куәландыру шығындарын өтеу
Ұлан ауданы әкімдігінің 2005 жылғы «18» сәуір № 1569 қаулысымен бекітілген Ұлан ауданы әкімдігінің 2005 жылғы «18» сәуір № 1569 қаулысына № 3 қосымша Кәсіптік оқытуға жіберілген жұмыссыз және мақсатты топтан жұмыспен қамтылмаған азаматтардың жол жүру, тамақтану, тұру және медициналық куәландыру шығындарын өтеу ЕРЕЖЕЛЕРІ Осы Ережелер Қазақстан Республикасынын Бюджет кодексінің 52 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31- бабының 1- тармағының 13- тармақшасын, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 4,5,7,9 баптарын, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 каңтардағы Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген жұмыссыздарды кәсіптік дайындау, біліктілігін көтеру және кайта даярлауды ұйымдастыру және қаржыландыру Ережелерін басшылыққа ала отырып әзірленді.
Тармақ 1. 1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР І. Осы Ережелерде қолданылатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) өтініш беруші - кәсіптік дайындауға, кайта даярлауға және біліктілігін көтеруге жіберілген және шығынын өтеп беру үшін өтініш жасаған жұмыссыз
Тармақша 2
2) шығындарды өтеу - өтініш берушіге жол жүру, тамақтану, тұру және медициналық куәландыру шығындарын жартылай немесе толық төлеу;
Тармақша 3
3) мақсатты топтан жұмыспен қамтылмаган азамат - аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік багдарламалар бөліміне өтініш берген жұмысқа жарамды жастағы, жұмыспен қамтылған халыктың санына жатпайтын, жергілікті атқарушы органдар белгілеген мақсатты топқа енгізілген азамат.
Тармақ 2
2. Облыс шегінде тұруға, оқу орнына барып, қайта қайтуға арналған шығындарын өтеу тұрмайтын жерінде оқитын өтініш берушіге жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Облыс шегінде тұру, медициналық куәландыру, оқу орнына барып қайта қайту шығындарын өтеу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жүргізеді.
Тармақ 4
4. Медициналық куәландыру шығындардың өтелуі кәсіби даярлықты белгілеуді талап ететін мамандықтар бойынша оқытуға жіберілген өтініш берушілерге жүргізіліп нәтижесіне қарамастан төленеді.
Тармақ 5
5. Өтініш берушілер медициналық куәландыруды аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жолдамасы бойынша өтеді.
Тармақ 6
6. Өтініш берушілердің шығындарының өтелуі құжаттарды ұсынған күннен бастап, бірак оқу аякталған күннен бір ай кешіктірмей жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде ресми тіркелген және кәсіптік дайындауға, кайта даярлауға және біліктілігін көтеруге жіберілген жұмыссыз, сондай-ақ мақсатты топтан жұмыспен қамтылмаған азаматтар шығындарын өтеу құқығына ие.
Тармақ 2. 2. ШЫҒЫНДАРДЫҢ ӨТЕУІН АЛУҒА ӨТІНІШ БЕРУ ТӘРТІБІ
2. ШЫҒЫНДАРДЫҢ ӨТЕУІН АЛУҒА ӨТІНІШ БЕРУ ТӘРТІБІ
Тармақ 8
8. Өтініш беруші аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жазбаша өтініш береді және қажетті құжаттарды ұсынады.
Тармақ 9. З. КАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАРДЫҢ ТІЗІМІ
9. Өтініш пен құжаттарда көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен сенімділігі үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтініш берушіге жүктеледі. З. КАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАРДЫҢ ТІЗІМІ
Тармақ 10
10. Шығындардың өтеуін алу үшін қажетті кұжаттар:
Тармақша 1
1) тұратын жері бойынша банкте жеке шотының нөмірі көрсетілген жазбаша өтініш;
Тармақша 2
2) жолаушы көлігі (таксиден басқа) бойынша жол жүру құжаттары немесе жол жүрудің құны туралы аталған тасымал түрлерімен шұғылданатын ұйымның анықтамасы;
Тармақша 3
3) медициналық куәландыруды өткені жөнінде төлем құжат.
Тармақ 2. 4. ШЫҒЫНДАРДЫ ӨТЕУ МӨЛШЕРІ
4. ШЫҒЫНДАРДЫ ӨТЕУ МӨЛШЕРІ
Тармақ 11
11. Шығындардың толық өтелуі:
Тармақша 1
1) медициналық куәландыру - құжаттармен расталған тексерілідің құны;
Тармақша 2
2) өңір (облыс, аудан) шегіндегі оқу орындарына барып, қайта қайту жолы үшін - құжаттармен расталған жол жүру шығыны.
Тармақ 12
12. Тұру шығындарының жартылай өтелуі өзге жерден келген өтініш берушілер оқу мерзімінде Өскемен, Семей қалаларының жатақханаларында тұрған жағдайда - ұсынылған төлем кұжаттары бойынша, бірақ айына үш айлық есептік көрсеткіштен аспағанда жүргізіледі. Жалдаған тұрғын үйлерде тұрған жағдайда - айына үш айлык есептік көрсеткіш.
Тармақша 2
2) өзге жерден келген өтініш берушілер басқа тұрғын жерлерде окып жатақханаларда тұрған жағдайда- ұсынылған төлем құжаттары бойынша, бірақ айына екі айлық есептік көрсеткіштен аспағанда жүргізіледі. Жалданған тұрғын үйлерде тұрған жағдайда - айына екі айлық есептік көрсеткіш.
Тармақ 13
13. Өскемен және Семей қалаларында оқитындар үшін тамақтану шығындарының өтелуі айына 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, өзге елді мекендерде айына 2 айлык есептік көрсеткіш мөлшерінде жүргізіледі.
Тармақ 3. 5. ШЫҒЫНДАРДЫ ӨТЕУ ТӨЛЕМДЕРІНІҢ ТӘРТІБІ
5. ШЫҒЫНДАРДЫ ӨТЕУ ТӨЛЕМДЕРІНІҢ ТӘРТІБІ
Тармақ 14
14. Шығындарды өтеу төлемі халықты жұмыспен қамту бағдарламасын орындауға қаралған аудандық бюджет қаражаттарының есебінен жүргізіледі.
Тармақ 15
15. Тұру шығындарын жартылай өтеу төлемі оқудың аяқталуы бойынша немесе ай сайын жүргізіледі.
Тармақ 16
16. Тамақтану шығындарын өтеу төлемі ай сайын жүргізіледі.
Тармақ 17
17. Медициналық куәландыру мен өңір шегіндегі (облыс, аудан) оқу орнына барып қайта қайту жолына арналған шығындардың толык өтелуінің төлемі құжаттар ұсынған кезден бір ай ағымында жүргізіледі.
Тармақ 18
18. Өтініш берушіге өтелу шығындардың толық немесе жартылай төлемі ақшалай түрде жеке шотқа түсіру жолымен жүзеге асырылады. Ұлан аудандык жұмыспен қамту және әлеуме бағдарламалар бөлімінің бастығы А. Ибраимова