Ауданның барлық елді мекендерінің аумақтарын санитарлық тазалау, көріктендіру және жасыл желектендіру екі айлығын өткізу туралы Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.04.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ауданның барлық елді мекендерінің аумақтарын санитарлық тазалау, көріктендіру және жасыл желектендіру екі айлығын өткізу туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы № 361-ІІ «Халықтың санитарлық - эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, облыс әкімдігінің 2005 жылғы 15 наурыздағы № 77 қаулысын жүзеге асыру мақсатында 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабына сәйкес аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2005 жылғы 15 сәуір 15 мамыр аралығында ауданның барлық елді мекендерінің аумақтарын санитарлық тазалау, көріктендіру және жасыл желектендірудің екі айлығы ұйымдастырылып өткізілсін.
Тармақ 2
2. Ауылдық округ әкімдері айлық кезінде өз аумақтарындағы елді мекендердің аумақтарында тұрмыстық қалдықтарды жойып, ретсіз төгілген күл-қоқыстарды белгіленген жерге шығару, ауылды көріктендіру және ауылдың сәулеттік келбетін ажарландыру, санитарлық тазалау шараларын жүзеге асыруды ұйымдастырсын;
Тармақ 3
3. Ойыл ауылдық округінің әкімі Ж. Назаров аудан орталығының санитарлық тазалығына, көріктендіру және көгалдандыру жұмыстарының пәрменді жүргізілуін ұйымдастырып, меншік нысанына қарамастан барлық ғимараттармен сауда орындарының, көшелердің сәулетті безендірілуін ықпал жасасын.
Тармақ 4
4. Аудандық экономика және қаржы бөлімі бастығы (М. Сембі) елді мекендерді көріктендіру мен көгалдандыру жұмыстарына қажетті қаржы бөлуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. «Ойыл орман шаруашылығы» мемлекеттік мекемесіне (А. Дүйсенбаев) айлық кезінде аудандағы мекемелер мен ұйымдардың, тұрғындардың ағаш өскіндерімен отырғызуға сұраныстары бойынша көгалдандыру жұмыстарына көмек беру ұсынылсын.
Тармақ 6
6. Ақтөбе облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің аудандық бөліміне (Р. Қабдолова), аудандық ішкі істер бөліміне (Н. Өрісбаев) айлық кезінде белгіленген заң талаптары негізінде ауданның елді мекендеріндегі санитарлық тазалау айлығының өту барысында өз құзыреттері шегінде қадағалау шараларын алу ұсынылсын.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Қазыбаевқа тапсырылсын.