Аудандық ономастикалық комиссия туралы Қолданыста
Басқа 0
Аудандық ономастикалық комиссия туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес және мемлекеттік, әкімшілік –аумақтық бірліктер атауларын тәртіпке келтіру, елді мекендер мен көше атауларын өзгерту туралы ұсыныстарды қарау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан әкімдігі жанындағы аудандық ономастикалық комиссия құрылып оның дербес құрамы аудандық мәслихатқа бекітуге ұсынылсын.
Тармақ 2
2. Аудан әкімдігі жанындағы аудандық ономастикалық комиссия туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 3
3. Аудан әкімдігінің 2004 жылғы 27 тамыздағы № 189 «Аудандық ономастикалық комиссия туралы» қаулысы жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Беркалиевке жүктелсін.
Басқа 5. Аудан әкімдігі жанындағы аудандық ономастикалық комиссия туралы ереже
Аудан әкімдігінің 2004 жылғы
24 қыркүйектегі № 213
қаулысымен бекітілген
Аудан әкімдігі жанындағы аудандық ономастикалық комиссия туралы ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Аудан әкімдігі жанындағы аудандық ономастикалық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) географиялық нысандарды атаудың біріңғай жүйесін құру және топонимикалық атауларды қолдану мен есепке алуды, ауданның тарихи-мәдени мұрасының құрамдас бөлігі ретінде тарихи атауларды сақтауды, оларды қайта атауды тәртіпке келтіру мақсаттарында ономастика көлемінде мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейтін кеңес беру органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Комиссия қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдары, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілері, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілері, отбасы және әйелдер істері жөніндегі облыстық комиссияның ұсыныстары, сондай-ақ осы Ереже құрайды.
Тармақ 3
3. Комиссия құрамы аудан әкімінің ұсынуымен аудан маслихатымен бекітіледі.
Тармақ 4
4. Комиссия әкімшілік-аумақтық бірліктердің, физика-географиялық нысандардың және мемлекеттік меншік нысандарының атауларына қатысты нұсқаулар береді.
Тарау 2. 2. Негізгі міндеттер
2. Негізгі міндеттер
Тармақ 5
5. Комиссияның негізгі міндеттері:
географиялық атауларды жинақтау және зерделеу, ономастика мәселелеріне байланысты материалдарды жүйелендіру;
бұрын ұмытылып кеткен тарихи топонимдерді қалпына келтіру жөнінде ұсыныстарын енгізу;
жаңа нысандарды атау жөнінде ұсыныстарын енгізу;
ономастикаға географиялық және тарихи-мәдени пән ретінде қолдау көрсету.
Тарау 3. 3. Негізгі қызметтері мен өкілеттіктері
3. Негізгі қызметтері мен өкілеттіктері
Тармақ 6
6. Өзіне жүктелген міндеттерді шешу мақсатында Комиссия:
комиссияға келіп түскен әкімшілік-аумақтық бірліктерді атау және қайта атау, атаулардың транскрипцияларын өзгерту, әлеуметтік мәдени тұрмыс нысандарын атау жөніндегі құжаттарды қарайды. Олар бойынша шешім қабылдап, облыс әкімдігінің жанындағы облыстық ономастикалық комиссия қарауына материалдар жібереді;
ұйымдар мен жеке азаматтардан тарихи топонимдерді қалпына келтіру немесе ауыстыру мәселелері бойынша келіп түскен хаттарды қарап, сәйкесінше нұсқаулар береді;
аудан картасын сызу кезінде туындайтын мәселелерді шешуге көмек көрсетеді, онда ауданның географиялық атаулары транскрипцияларының дұрыс жазылуын қадағалайды;
елді мекендердің, көшелердің қорықтық атауларын сақтауға бағытталған шаралар кешенін іске асырады;
ауданның тарихи-мәдени мұрасының құрамдас бөлігі ретінде бұрынан қалыптасқан халықтық және тарихи атауларға құрметпен қарауына белсенді түрде ықпал етеді;
жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың материалдары, хабарлары мен ақпараттары бойынша ономастикаға қатысты мемлекеттік тіл саясатын іске асырудың жай-күйіне талдау жасайды.
Тарау 4. 4. Жұмысын ұйымдастыру
4. Жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 7
7. Комиссия отырысы материалдардың түсуіне қарай және қажеттілігіне байланысты өткізіледі. Комиссия мүшелерінің жартысынан көбі қатысқан отырыс қана дұрыс болып есептеледі.
Тармақ 8
8. Комиссия шешімі, оның отырысына қатысқан Комиссия мүшелері санының көп дауысымен ашық түрде қабылданады.
Тармақ 9
9. Комиссия құзырына жататын жекелеген мәселелерді қарау үшін қажет болған жағдайда жұмысшы топтар құрылады.
Тармақ 10
10. Комиссия хатшысы қажетті құжаттарды, отырыс күн тәртібін даярлайды. Комиссия мүшелері іс-әрекетін ұйымдастырады және іс жүргізуге жауап береді.