Қолданыстағы ред. 23.09.2004

Отбасы және әйелдер ісі жөніндегі комиссия туралы от 23.09.2004 г. № 214 (Отбасы және әйелдер ісі жөніндегі комиссия туралы)

0

Отбасы және әйелдер ісі жөніндегі комиссия туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, және отбасы мүдделерін қорғау, әйелдердің аймақтың саяси-әлеуметтік және мәдени өміріне қатысуы үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Аудан әкімдігі жанынан отбасы және әйелдер ісі жөніндегі комиссия құрылып, оның дербес құрамы аудандық мәслихатқа бекітуге ұсынылсын.

2

2. Отбасы және әйелдер ісі жөніндегі аудандық комиссия туралы ереже бекітілсін.

3

3. Аудан әкімдігінің 2004 жылғы 27 тамыздағы № 188 «Отбасы және әйелдер ісі жөніндегі комиссия туралы» қаулысы жойылды деп танылсын.

4

4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Беркалиевке жүктелсін.

5. Отбасы және әйелдер ісі жөніндегі аудандық комиссия туралы ереже

Аудан әкімдігінің 2004 жылғы
24 қыркүйектегі № 214
қаулысымен бекітілген
Отбасы және әйелдер ісі жөніндегі аудандық комиссия туралы ереже

1. 1. Жалпы ережелері

1. Жалпы ережелері

1

1. Аудан әкімдігі жанындағы отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) аудан әкімдігі жанындағы консультативтік кеңесші орган болып табылады.

2

2. Комиссия қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілері, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері, Отбасы және әйелдер істері жөніндегі облыстық комиссияның ұсынымдары мен ұсыныстары, сондай-ақ осы Ереже құрайды.

2. 2. Комиссияның негізгі міндеттері

2. Комиссияның негізгі міндеттері

3

3. Комиссияның негізгі міндеттері:

1

1) Комиссияның ұсынымдарына сәйкес, отбасы, әйелдер мен балалар мәселелері жөніндегі кешенді аймақтық /аудандық/ бағдарламаларды қалыптастыру;

2

2) отбасын, әйелдер мен балаларды әлеуметтік, экономикалық, заңдық және психологиялық қолдау жөніндегі өзге іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу;

3

3) халықтың денсаулық жағдайын, ана мен баланы қорғауды, отбасының тыныс - тыршілігінің әлеуметтік-экономикалық шарттарын қайта өркендету процестеріне кешенді талдау жүргізу;

4

4) отбасының, әйелдер мен балалардың қоғамының қоғамының экономикалық, әлеуметтік-саяси және мәдени өміріндегі нақты жағдайы мәселелерін қалыптастыруға қатысу;

5

5) әйелдердің жергілікті өкілді және атқарушы органдарға өкілдігін кеңейтуге жәрдемдесу;

6

6) әйелдерді тарта отырып шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері жөнінде ұсыныс әзірлеу және оны іске асыруға қатысу;

7

7) жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің (келісім бойынша) отбасының, әйелдер мен балалардың жағдайын жақсартуға бағытталған ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын қарауға қатысу;

8

8) көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсетуді жүзеге асыруға, мектепте жаппай оқуды қамтамасыз етуге, жетім балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға, отбасы, әйелдер мен балалар мәселелері жөніндегі өзге де әлеуметтік жобаларды іске асыруға жәрдемдесу;

9

9) жергілікті өкілді және атқарушы органдар үшін Комиссияның құзіретіне кіретін мәселелер бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар дайындау;

10

10) отбасының, әйелдер мен балалардың жағдайы аспектілерін неғұрлым толық және объективті көрсету мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау;

11

11) өз құзіретінің шегінде барлық мүдделі ұйымдармен ынтымақтасу, сондай-ақ отбасы, әйелдер мен балалар мәселелері жөнінде аймақтық конференциялар, семинарлар, кеңестер өткізу;

3. 3. Комиссияның өкілеттігі

3. Комиссияның өкілеттігі

4

4. Комиссияның өз құзіретінің шегінде:

1

1) өзінің отырыстарына, мемлекеттік органдардың басшыларын шақыруға және тындауға;

2

2) белгіленген тәртіппен өз қызметін жүзеге асыру үшін қажет құжаттар, материалдар және ақпаратар сұратуға;

3

3) тиісті жергілікті мемлекеттік органдардың басшыларына отбасы, әйелдер мен балалар мәселелерін реттейтін заңдардың жол берілген бұзылуы фактілері бойынша тексерулер мен қызметтік тексерістер жүргізу туралы ұсыныс енгізуге;

4

4) белгіленген тәртіппен Комиссияның отырыстарын дайындауға, тексерулерге және аймақтық бағдарламаларды әзірлеуге қатысу үшін штаттан тыс сарапшылар ретінде қоғамдастықтың беделді және кәсіби даярланған өкілдерін тартуға;

6

6) әйелдердің арасынан кандидатураларын басшы лауазымдарға ұсынуға жәрдемдесуге;

7

7) отбасының, әйелдер мен балалардың жағдайын жақсарту мақсатында жергілікті мемлекеттік органға, қоғамдық бірлестіктерге және өзге ұйымдарға статистикалық, талдаулық, әдестемелік және өзге ақпараттық материалдар жолдауға құқылы;

8

8) Комиссия азаматтардың келіп түскен өтінімдердін қараудың қортындысы бойынша, мәні бойынша шешім қабылдау үшін тиісті мемлекеттік органның немесе лауазымды тұлғаның қарауына материалдар жолдай алады.

4. 4. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру

4. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру

5

5. Комиссия өз қызметін осы ережеге сәйкес жүзеге сырады.

6

6. Комиссияны төраға басқарады. Комиссияның төрағасының орынбасары бола алады.

7

7. Комиссияға, әдетте жергілікті мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың өкілдері кіреді.
Комиссиялардың сандық және жеке құрамын Комиссия төрағасының ұсынысы бойынша әкім белгілейді.

8

8. Комиссиялардың отырысы қажетіне қарай, бірақ кемінде тоқсанына бір рет өткізіледі.

9

9. Комиссия шешімді Комиссия мүшелерінің отырысқа қатысып отырған санының қарапайым көпшілік даусымен қабылдайды. Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.
Комиссия отырысы, егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының 2/3 қатысса құқықтық күші бар болып саналады.
Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді.

10

10. Комиссияның төрағасы:

1

1) Комиссияның қызметіне басшылық жасауды ұйымдастырады және жүзеге асырады.

2

2) Комиссияның отырысының күн тәртібін жасайды;

3

3) Комиссияның отырыстарын шақырады және оларға төрағалық етеді. Комиссияның төрағасы болмаған кезде оның тапсырмасы бойынша отырыстарға оның орынбасары немесе Комиссия мүшелерінің бірі төрағалық етеді;

4

4) Комиссия мүшелерінің қатарынан Комиссия отырысының күн тәртібіне енгізілген мәселе бойынша баядамашыны белгілейді;