Об утверждении Правил «О порядке предоставления малообеспеченным гражданам жилищных пособий на содержание жилья и оплату коммунальных услуг по Теректинскому району» Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.11.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Теректі ауданы бойынша тұрғын үй ұстау және коммуналдық қызмет төлеу үшін аз қамтылған азаматтарды тұрғын үй жәрдемақымен қамтамасыз ету тәртібі жөнінде» Ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мемлекеттік жергілікті басқару туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй жөніндегі қатынастар туралы» Заңын басшылыққа ала отырып аз қамтылған отбасылардың тұрмыстық деңгейін жақсарту мақсатында Теректі аудандық Мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. «Теректі ауданы бойынша тұрғын үй ұстау және коммуналдық қызмет төлеу үшін аз қамтылған азаматтарды тұрғын үй жәрдемақымен қамтамасыз ету тәртібі жөнінде» Ереже бекітілсін.
Басқа 2. «Теректі ауданы бойынша тұрғын үй ұстау және коммуналдық қызмет төлеу үшін аз қамтылған азаматтарды тұрғын үй жәрдемақымен қамтамасыз ету тәртібі жөнінде» Ереже.
Аудандық Мәслихат сессиясының 2004 жылғы 2 қарашадағы №13-4 шешімімен бекітілген «Теректі ауданы бойынша тұрғын үй ұстау және коммуналдық қызмет төлеу үшін аз қамтылған азаматтарды тұрғын үй жәрдемақымен қамтамасыз ету тәртібі жөнінде» Ереже.
Тарау 1. 1. Жалпы жағдайы.
1. Жалпы жағдайы.
Тармақ 1
1. Тұрғын үй жәрдемақысы халықтың аз қамтылған тобына тұрғын үй ұстауға, коммуналдық қызметті тұтынуына және мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалдауына (жалға алуына) төлемдердің орнын толтыруға берілетін өтемақы.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй жәрдемақысы тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызмет шығындарын өтеу үшін төленеді.
Тармақ 3
3. Тұрғын үй жәрдемақысы арыз берген, күннен бастап 6 айға тағайындалады.
Тармақ 4
4. Тұрғын үй жәрдемақысын алушылар тұрғын үйінің жекеменшіктік түрі, отбасы құрамы мен жанұяның жиынтық кірісі өзгерген жағдайда, сондай-ақ жәрдемақы дұрыс, есептелген жағдайда, тұрғын үй жәрдемақасы бөліміне 10 күн ішінде хабарлауға, тиісті.
Тармақ 5
5. Тұрғын үй жәрдемақысын Алу үшін, тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау және төлеу бөлімінің растауына сәйкес кәсіпорынға коммуналдық қызметке борышкер болуына қарамастан, кәсіпорыннан анықтамалар тегін беріледі.
Тарау 2. 2. Тұрғын үй жәрдемақы алу құқығы.
2. Тұрғын үй жәрдемақы алу құқығы.
Тармақ 6
6. Аз қамтылған отбасына тұрғын үй жәрдемақысы отбасының нақты шығыны тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызмет төлемдерінен асып кеткен жағдайда тағайындалады, және ол отбасы жиынтық кірісінің 30% мөлшерінде белгіленеді.
Тармақ 7
7. Өтемақы өлшемімен қамтылған тұрғын үй көлемі нормасы тұрғын үй беру нормасына эквивалентті және Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй жөніндегі қатынастар тұралы” Заңымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жыл 12 сәуірдегі №437 “Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызмет төлемдерінің жаңа қағидалары туралы» Қаулысымен отбасының әрбір мүшесіне белгіленеді жалғыз тұратын азаматтарға 30 шаршы метр; - бір бөлмелі пәтерде жалғыз тұратын азаматтарға тұрғын үйінің нақты көлемі; - 3 және одан да көп кісілі отбасында әрбір мүшесіне 18 шаршы метр, бірақ үйдің нақты пайдаланатын жалпы көлем мөлшерінен артық емес;
Тармақ 8
8. Тұрғын үй жәрдемақысын жеке меншіші бір тұрғын үйден (пәтер, үй) аспайтын азаматтығы баржоқтығына қарамастан Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұратын барлық азаматтар, оралмандар, босқындар сұрауға құқылы.
Тармақ 9
9. Егер, 18 жасқа толған, еңбекке қабілетті мүшелері жұмыс істемесе, оқымаса, әскер қызметінде болмаса және жұмыспен қамту орталығының есебінде тұрмаса, тұрғын үй жәрдемақысын алуға құқығы жоқ. Оларға күтімге мұқтаж етіп таңылған мүгедектерді күтушілер 3 жасқа деінгі (бір және одан да астам) баланы тәрбиелеуші, сондай ақ 4 және одан да астам балаларды тәрбиелеуші ең кішісі 1-сыныпты бітіргенге дейін (9 жастан аспаған) жатпайды.
Тармақ 10
10. Жұмысқа жарамсыз тұлғалар ДКК анықтамасын әкелген жағдайда тұрғын үй жәрдемақысын алуға құқылы.
Тармақ 11
11. Кәмелетке толған жұмысқа жарамды, жұмыс істемейтін, жұмыссыз санатындағы жұмыспен қамту орталығының есебінде тұрмаған балаларымен бірге тұратын зейнеткерлер жалғыз тұратын азамат есебінде тұрғын үй жәрдемақысын алуға құқылы.
Тармақ 12
12. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушылар осы Ережеге сәйкес, жалпы негіздеме арқылы тұрғын үй жәрдемақысын алуға құқылы.
Тармақ 13
13. Тұрғын үй жәрдемақысына құқығы анықталмаған жекеменшік иесінің (жалға алушы) отбасы құрамы ауылдық әкімшіліктің анықтамасымен тұрғын үй жәрдемақысы берілетін мерзімге байланысты анықталады.
Тарау 3. 3. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау тәртібі.
3. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау тәртібі.
Тармақ 14
14. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау туралы шешім Теректі аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімімен арыз берушінің белгіленген нұсқада жазбаша арызы және оған қосымша бекітілген тізбеге сәйкес құжаттар мен анықтамалар негізінде қабылданады. Арыз берушінің тұрғын үй жәрдемақысын алуға құқығын растайтын құжаттар тізбесіне енетін:
Тармақ 1
1. Отбасының барлық мүшелерінің жеке куәліктері, балалардың туу туралы куәліктері;
Тармақ 2
2. Тұрғын үйдің жеке меншіктік (пайдалану) құқығын растайтын құжат (пәтердің жекешелендіру келісімі, сату - сатып алу, жалға алу, ордер, нотариалдық сендірілген сенімхат, т,б.,) отбасы құрамын анықтайтын құжат.
Тармақ 3
3. Отбасының кірісі туралы анықтамалар: еңбек ақы, жұмыспен қамту қызметінің анықтамасы, әкімшіліктен анықтама, (жұмыс істемейтіндерге), алимент туралы анықтама, сот үкімінен көшірме (жылға бір рет), стипендия туралы анықтама (студент), ДКК қосымша көлемге құқықты болуы туралы анықтама.
Тармақ 15
15. Отбасы құрамына тіркеуге сәйкес, мемлекет қарауындағы, жедел әскер қызметіндегі, бостандығынан айыру орынындағы, еріксіз емделу орынындағылардан басқа тұлғалар енгізіледі.
Тармақ 16
16. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындағанда зейнетақы және жәрдемақы мөлшерін нақтылап, Мемлекеттік зейнетақы және жәрдемақы орталығының мәліметтер жиынтығы пайдаланылуы тиісті.
Тармақ 17
17. Арыз берушінің тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау үшін өткізген құжаттарының растығына күмән туған жағдайда Теректі аудандық әлеуметтік қорғау бөлімі арыз берушіге құжат берген (отбасының кірісі мен шығысы туралы ұйымдармен көрсетілген мәліметтерді салыстырып, тексеруге құқылы.
Тармақ 18
18. Арыз беруші өзінің электрқуатын пайдалану төлемінде борышы болса, арызында өз бетімен төлейтіндігін ( бекітілген формада) көрсетуі керек. Осы міндетін орындамаған болса 6 айға жәрдемақы алу құқығынан айырылады.
Тармақ 19
19. Мәліметтердің күмәнділігі жағдайы туындаса, тұрғын үй жәрдемақы бөлімі тұрғын үй жәрдеақысын алуға үміткердің кірісі туралы ақпарат сұратуға құқылы, ал заңды және жеке тұлғалар қажетті ақпаратты беруге міндетті.
Тарау 4. 4. Отбасының жалпы жиынтық кірісін есептеу.
4. Отбасының жалпы жиынтық кірісін есептеу.
Тармақ 20
20. Отбасының жалпы жиынтық кірісін есептеу колданысты заңымен негізінде жүргізіледі.
Тармақ 21
21. Отбасының жалпы жиынтық кірісіне тұрғын үй жәрдемақы көмегі, мемлекеттік атаулы әлеуметтік жәрдемақысынан басқа барлық кірістер енгізіледі.
Тармақ 22
22. Отбасының жалпы жиынтық кірісіне зейнетақы қоры, кіріс салығы есептеулері енбейді.
Тармақ 23
23. Отбасының жалпы жиынтық кірісі мөлшері алдыңғы жартыжылдық кірісімен есептеледі.
Тармақ 24
24. Егер балаға әкелік (аналық) құқығынан айырылған жағдайда немесе бала әжесінде (атасында) тәрбиеленсе, отбасының жалпы жиынтық кірісіне баланың ата-анасының нақты табысы енгізіледі.
Тарау 5. 5. Тұрғын үй жәрдемақысын есептеу мөлшері.
5. Тұрғын үй жәрдемақысын есептеу мөлшері.
Тармақ 25
25. Тұрғын үй жәрдемақысы барлық қажетті құжаттармен бірге арыз берілген 6 айға тағайындалады.
Тармақ 26
26. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау шешімі тұрғын үй меншік иесінің (жалдаушы) арызы және оған қосымша құжаттар негізінде қабылданады.
Тармақ 27
27. Көмек мөлшері жеке меншік иесі (жалдаушы) бюджетіндегі өтемақымен қамтамасыз етілетін тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді пайдалану төлемақыларының нақты төлеуі мен осы отбасының бұл мақсатқа шағаратын шығынының айырмашылығы мөлшерінде көрсетіледі.
Тармақ 28
28. Тұрғын үй жәрдемақы көмегі мөлшерін есептеуде тұрғын үй ұстау шығындары есепке алынады, оған коммуналдық қызмет пайдаланудың келесі түрлерінің есептеулері енеді: жылыту (отын, көмір), электроқуаты.
Тармақ 29
29. Тұрғын үй жәрдемақысының төленуі жергілікті бюджеттен тұрғын үй жәрдемақысын алушының есепшотына аударым арқылы жүргізіледі.
Тарау 6. 6. Тұрғын үй жәрдемақысын қаржыландыру.
6. Тұрғын үй жәрдемақысын қаржыландыру.
Тармақ 30
30. Тұрғын үй жәрдемақы төлеу жергілікті бюджет есебінен жүргізіледі.
Тармақ 31
31. Теректі аудандық бөлімінде әр айдың 1 күніне арыз берушілердің адресі мен жәрдемақының сомасы көрсетілген тізімі жәрдемақыларының қалыптасады.
Тармақ 32
32. Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үй төлемдері орынын толтыруға байланысты шығындар орынын толтыру тәртібі қолданысты заңымен анықталады.
Тармақ 33
33. Тұрғын үй жәрдемақы қаржысы жұмсалынуының есептелінуі мен есеп беруін Теректі аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі жүзеге асырады.