Тасқала ауданы бойынша табысы жағынан аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібінің Ережесі туралы
Қазақстан Республикасының 201 жылғы 23 қаңтардағы №148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару» 1997 жылғы 16 сәуірдегі №94 «Тұрғын үй қатынасы туралы» Заңдарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тасқала ауданы бойынша табысы жағынан аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібінің Ережесі туралы от 12.11.2004 г. № 9-6 (Тасқала ауданы бойынша табысы жағынан аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібінің Ережесі туралы)
1. Тасқала ауданы бойынша табысы жағынан аз қамтылған отбасыларына тұрғын үй көмегін беру тәртібі туралы Ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін (тіркемеде).
Тасқала аудандық мәслихатының
2004 жылғы 12 қараша
№ 9-6 шешімімен бекітілген
Тасқала ауданы бойынша табысы жағынан аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы Ереже
«Тасқала ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы» Ереже Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес әзірленді.
Осы Ереже меншіктің барлық нысандарындағы тұрғын үйлерде тұратын табысы отбасыларына жергілікті бюджет есебінен тұрғын үй көмегін көрсету тәртібін белгілейді.
I. Жалпы ережелер
1. Тұрғын үй көмегі аудан тұрғындарын әлеуметтік қорғау нысандарының бірі болып табылады. Ол аудан аумағында тұрақты тұратын табысы аз, кедейшілік шегінен төмен тұрмыс шегіп отырған отбасыларға тұрғын үйді ұстау, тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді тұтыну жөніндегі шығындардың орнын толтыру үшін берілетін өтем.
2. Тұрғын үй көмегі - өтем ақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормасы және тұрғын үй-коммуналдық қызметтерін тұтыну нормативтері шегінде тұрғын үйді ұстау және тұрғын үй-коммуналдық қызметтерін тұтыну үшін ақы төлеу шығындары отбасының бюджетіндегі осы мақсаттарға жұмсалатын шекті шығындар үлесінен асып кететін жағдайда беріледі. Шекті шығындар үлесі - көмек алатын отбасының жиынтық табысының 30 пайызы мөлшерінде есептеледі.
3. Тұрғын үй алаңының мөлшері Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі “Тұрғын үй қатынастары туралы” Заңына сәйкес, отбасының әр мүшесіне 18 шаршы метр көлемінде болып есептеледі, бірақ бір бөлмелі пәтерден кем болмау керек.
Жалғыз тұратын азаматтар (зейнеткерлер, мүгедектер) үшін тұратын мекен жайдың көлеміне байланыссыз 30 шаршы метр шегінде, бірақ нақтылы көлемінен аспайды.
Электр энергиясын шығындау нормасы бір адамға бір айға 45 квт.сағат. Табиғи газды пайдалану нормасы 1 м2 көлемі бар тұрғын бөлмені жылыту үшін айына 7 м3 газ.
Белгіленген нормадан жоғары тұрғын үйді ұстаумен тұрғын үй-коммуналдық қызметтерін тұтыну үшін ақы төлеу жалпы негіздерде жүргізіледі.
4. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен көлемі аудандық мәслихатпен анықталады.
5. Тұрғын үй көмегі осы жерде тұрғылықты тұратын және тұрғын үйдің иесі немесе тұрғын үйді пайдаланушы (жалдаушы) болып табылатын жеке тұлғаларға тағайындалады.
6. Тұрғын үй көмегін тағайындауды аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі жүргізеді.
7. Жеке меншігінде біреуден артық үй (пәтерлері, үйлері) бар немесе тұрғын жайды жалға беруші тұлғалар, тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.
Күтуді қажет етеді деп танылған мүгедектерді күтіп отырған, 3 жасқа дейінгі баланы бағып отырған тұлғалардан басқа жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскерде қызмет етпейтін және жұмыспен қамту жөніндегі өкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелмеген еңбекке жарамды тұлғалары бар отбасылардың тұрғын үй жәрдемақысын алуға құқығы жоқ.
8. Ұсынылған жұмыстан немесе жұмысқа орналастырудан дәлелсіз себептермен бас тартқан, белсенді түрде жұмыс істемеген және қоғамдық жұмыстарға қатысуды, оқуын немесе қайта оқуын өз бетімен тоқтатқан жұмыссыздар тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.
9. Тұрғын үй көмегі жылға 2 рет өтініш берген айдан бастап оның алдындағы тоқсанға тағайындалады. Осы көмекті алушыларды қайта тіркеу-рәсімдеудің алғашқы рәсімі секілді жүргізіледі, қоса беріліп отырған аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметке ақы төлеуге тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібі туралы уақытша ереже бекітілсін.
10. Тұрғын үй көмегін алушылар өз тұрғын үйінің меншік нысанындағы, отбасы құрамындағы және оның жиынтық табысындағы кез келген өзгерістер туралы, сондай-ақ көмектің дұрыс есептелмеген жағдайлары туралы аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімін 10 күн ішінде хабардар етуге тиіс.
Заңсыз тұрғын үй көмегін тағайындауға апарып соғатын жалған мәлімет бергені үшін меншік иесі немесе жалдаушысы бір жылға тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады, ал заңсыз алған тұрғын үй көмегі заңда белгіленген тәртіппен қайтарылады.
II. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі
11.Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау үшін үйді жалға алушы немесе меншік иесі төмендегі құжаттарды жергілікті атқару органына тапсырады:
өтініш
отбасы құрамы және жеке қосалқы шаруашылығының бар-жоғы жөніндегі анықтама
тұрғын үйдің техникалық төлқұжаты немесе үйдің жекешелендіру шарты немесе тұрғын үйге меншік туралы куәліктің көшірмесі, жалдап тұрғаны туралы келісім шарт
коммуналдық қызметтерге (табиғи газ және электр жарығы) ақы төлеу шығындары жөнінде анықтама
отбасының жиынтық табысы жөніндегі мәліметтер.
Отбасының жиынтық табысына отбасының барлық мүшелерінің жалақы, кәсіпкерлік табыс, мемлекеттік және мемлекеттік емес зейнетақы, жәрдемақы және әлеуметтік көмектің атаулы әлеуметтік көмектен басқа түрлері, балаларға және басқа да күтудегі тұлғаларға берілетін алимент, стипендия, ақшалай және табиғи формада алынған ұтыстар, жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табыстар түріндегі табыстары қосылады.
12. Берілген құжаттарды қаралғаннан кейін отбасымен келісім шарт құрылып, мұнда жәрдемақының тағайындау есебі енгізіледі. Келісім шарт 2 данада құрылып, біреуі меншік иесіне (жалдаушыға) беріледі. Келісім шарт тұрғын үй көмегін берудің негізі болып табылады.
13. Мемлекеттік тұрғын үй көмегі тағайындауды, тұрғын үй көмегін көрсетуге арналған тиісті бюджетте көзделген қаржы шегінде уәкілетті орган жүзеге асырады.
14. Ауыл (село) әкімі арыз берушілерден құжаттарды қабылдап, оларды тіркейді және учаскелік комиссияның қорытындысымен аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөліміне тапсырылады.
III. Тұрғын үй көмегін есептеу
15. Тұрғын үй көмегін көрсету туралы арызды аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі учаскелік комиссиямен бірге қарап, қабылдаған айдың ішінде тұрғын үй көмегін тағайындау немесе одан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
16. Арыз берушінің берген құжаттарының растығына күдік туған жағдайда аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі қажет мәліметтер сұратуға құқылы, ал заңды және жеке тұлғалар тұрғын үй көмегін алуға үміткер тұлғаның табысы туралы ақпарат беруге міндетті.
17. Тұрғын үй көмегі тұрғын үйді ұстаумен коммуналдық қызметтер үшін төлемді меншік иесіне (жалдаушыға) аудару арқылы беріледі. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге берілетін тұрғын үй көмегінің мөлшері нақтылы есептелген сомадан аспауы керек.
18. Көмек мөлшері меншік иесінің (жалдаушының) өтемақымен қамтамасыз етілетін нормалар шегінде тұрғын үйді ұстау мен тұрғын үй-коммуналдық қызметтерін тұтыну үшін нақты төлемі мен осы отбасының бұл мақсаттарға жұмсайтын шығындарының шекті деңгейінің айырмасы ретінде есептеледі.
IV. Тұрғын үй жәрдемақыларын қаржыландыру көздері
19. Барлық меншік түріндегі үйлерде тұрып жатқан тұрғындарға тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызмет ақысына материалдық көмек жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен қаржыландырылады.
20. Тұрғын үй көмегін көрсету қызметі меншік иелерінің (жалдаушының) тізімдеріне сәйкес берілген көмектің сомасын әр айдың 25-не, сатылап аудару аудандық пошта бөлімі және оның ауылдардағы құрылымдары арқылы жүзеге асырылады.
21. Құжаттардың дұрыс ресімделмеуіне байланысты тұрғын үй көмегінің заңсыз тағайындалуына жол берген лауазым иелері заңмен белгіленген тәртіп бойынша жауап береді.