Қолданыстағы ред. 30.11.2004

Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы Ережені бекіту туралы от 30.11.2004 г. № 11-3 (Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы Ережені бекіту туралы)

0

Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы Ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-ІІ Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» және Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94-1 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабының 2 тармағын басшылыққа ала отырып аудандық мәслихаттың кезектен тыс он бірінші сессиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1

1. Қоса беріліп отырылған «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы Ереже» бекітілсін.

2

2. Осы Ереженің сақталуын қадағалау аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қамту бөлімінің меңгерушісі У.Нұрғалиевке жүктелсін.

3

3. Аудандық мәслихаттың 2003 жылғы 24 сәуірдегі № 28-2 «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы Ережені бекіту туралы» (2003 жылғы 16 маусымдағы тіркеу № 2132 «Орда жұлдызы газетінде 2003 жылғы 30 мамырдағы 10 номерінде жарияланған), 2004 жылғы 26 ақпандағы № 4-2 «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы» аудандық мәслихаттың 2003 жылғы 24 сәуірдегі № 28-2 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (2004 жылғы 9 наурыздағы тіркеу № 2543 «Орда жұлдызы» газетінде 2004 жылғы 2 сәуірдегі 13 номерінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылған деп танылсын.

4

4. Аудандық мәслихаттың 2004 жылғы 10 қарашадағы № 10-3 «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы Ережені бекіту туралы» шешімінің күші жойылсын.

5. Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы Ереже

Аудандық мәслихаттың
2004 жылғы 30 қарашадағы сессиясының
№ 11-3 шешімімен бекітілді
Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы Ереже

1. 1. Жалпы ережелер

1. Жалпы ережелер

1

1. Тұрғын үй көмегі кедейшілік шегінен төмен тұрмыс кешіп отырған отбасыларына көрсетіледі. Ол халықты әлеуметтік қорғаудың бір түрі болып есептеледі.

2

2. Тұрғын үй көмегі ауданымыздың тұрғылықты тұрғындарына коммуналдық қызметтер мен тұрғын үйді күтіп ұстауға жұмсалған шығындардың орнын толтыру үшін берілетін өтем.

3

3. Ол тұрғын үйді ұстау нормалары мен коммуналдық қызметтерін тұтыну нормативтері шегінде, бірақта нақтылы отырған тұрғын жайының жалпы көлемінен асырмай есептеліп, отбасы бюджетіндегі осы мақсаттарға жұмсалатын ұйғарымды шекті шығындар үлесінен асып кететін жағдайда беріледі. Ұйғарымды шекті шығындар үлесі — көмек алатын отбасының жиынтық табысының 30 пайызы мөлшерінде есептеледі. Белгіленген мөлшерден асатын тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтерін тұтыну ақысын өтеу жалпы негізде жүргізіледі.

4

4. Өтемақымен отбасына айына 11 келілік 1 баллон газ, 92 квт/сағат электр қуатының шығындары және отбасының әр мүшесіне шаққанда 360 литр суға және отынға жұмсалатын қаржы арасындағы айырма ретінде есептеледі. Өтемақымен қамтамасыз етілетін мекенжайдағы жылыту шығындары белгіленген нормаларға сай тұрғын үй көмегіне жұмсалатын отын мөлшерінде белгіленеді. Тұрғын үй алаңының мөлшері тұрғын үй заңнамасында отбасының әр мүшесіне белгіленген мөлшерге тең, яғни тұратын мекен-жай көлемінің бір адамға 18 шаршы метрін құрайды, бірақ бір бөлмелі пәтерден кем емес. Жалғыз тұратын азаматтар үшін тұратын мекен-жайдың көлеміне байланыссыз 30 шаршы метр шегінде, бірақ нақтылы көлемнен аспауға тиіс. 18-36 шаршы метр тұрғын үйге 1 пештің, одан артық алаңға тек екі пешке есептеліп, бірақта нақтылы саннан аспай, отынның құны беріледі. 1 пешке айына 660 кг көмір жағу нормативі бойынша есептеледі. (Ескерту БТИ-дің анықтамасы болмаса 1 пешке төленеді)

5

5. Тұрғын үй көмегін аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау тағайындайды және келесі айдан бастап өтеледі.

6

6. Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін жергілікті өкілді орган белгілейді.

7

7. Тұрғын үй көмегі осы жерде тұрғылықты тұратын үйдің иесі немесе пайдаланушысы болатын (жалдаушы) жеке тұлғаға тағайындалады.

8

8. Тұрғын үй көмегінің мөлшері тұрғын үй және коммуналдық қызметтер үшін нақты есептелген ақыдан артық болмауы тиіс.
Тағайындалған тұрғын үй көмегі арыз берушінің өтініші бойынша қызмет көрсетушілерге бөлініп беріледі және оларға аударылады.

9

9. Жеке меншігінде бірден артық тұрғын үйі (пәтері) бар, немесе тұрғын үйді (пәтерді) жалға берушілер тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады. Күтуді қажет етеді деп табылған мүгедектерді күтуді жүзеге асырушы, немесе 3 жасқа дейін (1 немесе одан да көп) бала тәрбиелеп отырған, сондай-ақ ең кішісі 9-дан аспаған 4 және одан да көп баланы тәрбиелеумен шұғылданушы тұлғалардан басқа жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскерде қызмет етпейтін және жұмыспен қамту орталығында тіркелмеген жұмысқа жарамды тұлғалары бар отбасылардың тұрғын үй көмегін алуға құқы болмайды. Ұсынылған жұмыстан бас тартқан, белсенді түрде жұмыс іздемеген және ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысудан бас тартқан жұмыссыздар тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.

10

10. Тұрғын үй көмегі жалпы 6 айға көрсетіледі, осы көмекті алушылар тоқсан сайын қайта тіркеу-рәсімдеуден алғашқы процедурасы секілді өткізіледі. Тұрғын үй көмегін алушылар өз тұрғын үйінің меншік нысандағы, отбасы құрамындағы және оның жиынтық табысындағы кез-келген өзгерістері туралы, сондай-ақ, көмектің дұрыс есептелмеген жағдайлары туралы, аудандық еңбек жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөліміне 10 күн ішінде хабардар етуге тиіс. Жоғары немесе заңсыз өтем тағайындауға апарып соғатын жалған мәліметтерді әдейі бергені үшін меншік иесі бір жыл бойы көмек алу құқығынан айырылады, ал тұрғын үй көмегі ретінде заңсыз алынған қаржы белгіленген тәртіппен қайтарылады.

2. ІІ. Тұрғын үй көмегін есептеу.

ІІ. Тұрғын үй көмегін есептеу.

11

11. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешім тұрғын үй иесінің (жалдаушының) арызының және оған қоса берілген отбасының құрамы, арыз берушінің алдындағы тоқсан ішіндегі отбасының жиынтық табысы, отырған үйдің (пәтердің) оған жататындығы туалы құжаттардың негізінде қабылданады. Кірістерге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек енгізілмейді. Тұрғын үй көмегін алушы отбасының құрамына мерзімді әскери қызметтегі адамдар, студенттер мен курсанттар, бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдар кірмейді.

12

12. Ұсынылған құжаттарды қараудың нәтижесі бойынша отбасына келісім-шарт жасалады. Шарт екі данада жасалып, оның біреуі меншік иесінде (жалдаушыда) сақталады. Аталған келісім-шарт тұрғын үй көмегін беру үшін негіз болып табылады.

13

13. Ақпараттың растығына күдік туған жағдайда аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі сұрау салуға құқылы, ал заңды және жеке тұлғалар жеке тұрғын үй көмегін алуға үміткер тұлғаның табысы туралы ақпарат беруге міндетті.

3. ІІІ. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру көздері

ІІІ. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру көздері

14

14. Барлық меншік түріндегі үйлерде тұрып жатырған тұрғындарға тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызмет ақысына материалдық көмек жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен қаржыландырылады.

15

15. Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтер көрсетуге жұмсалатын есептік-нормативтік шығындарды анықтау баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі аумақтық комитеттің және атқарушы өкіметтің басқа уәкілетті органдарының бақылауымен жүргізіледі.

16

16. Аудандық еңбек жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөліміне көмек алушылардың тізімдерін рәсімдеп, берген жәрдемақысының сомасын көрсетіп, әр айдың басында тиісті қаржы органдарына өтеу үшін тізімдемелерді береді.

17

17. Тұрғын үй көмегін өтеу агенттік келісім-шартқа сай «Казпочта» бөлімшесінде ашылған алушылардың жеке есептеріне аудару арқылы атқарылады.

18

18. Аудандық қаржы бөлімі тұрғын үй көмегін үй көмегіне төленген бюджеттік қаражаттың дұрыс жұмсалғанын бастапқы құжаттар бойынша жылына бір рет тексеруге міндетті.

19

19. Құжаттардың дұрыс рәсімделмеуіне байланысты тұрғын үй көмегінің заңсыз тағайындалуына жол берген лауазым иелері заңмен белгіленген тәртіп бойынша жауап береді.