О порядке выплаты единовременной материальной помощи участникам и инвалидам Великой Отечественной войны и другим категориям граждан Қолданыста
Басқа 0
Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне, қатысушыларына және азаматтардың басқа да санаттарына біржолғы материалдық жәрдемді төлеу тәртібі туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1468 «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне біржолғы көмек төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді бөлу және пайдалану туралы» және облыстық мәслихаттың 2005 жылғы 11 ақпандағы № 3 С-10-2 «2004 жылғы 10 желтоқсандағы № 3 С-9-4 «2005 жылға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» сессиясының шешіміне сәйкес, сондай ақ Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне, қатысушыларына және азаматтардың басқа да санаттарына біржолғы материалдық жәрдемді төлеуге бөлінген нысаналы трансферттерді тиімді және мақсаттылы пайдалануын қамтамасыз ету мақсатында Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосымша берілетін Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне, қатысушыларына және азаматтардың басқа да санаттарына біржолғы материалдық жәрдемді төлеу ережесі (бұдан әрі ережелер) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі біржолғы материалдық жәрдемді 2005 жылғы сәуірдің 15-нен бастап төлеуін жүзеге асырсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Жанбаевқа жүктелсін.
Басқа 4
Қосымша Целиноград ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 28.03 № 27 Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне, қатысушыларына және азаматтардың басқа да санаттарына біржолғы материалдық жәрдемді төлеу тәртібі туралы» қаулысымен БЕКІТІЛДІ
Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне, қатысушыларына және азаматтардың басқа да санаттарына біржолғы материалдық жәрдемді төлеу ережелері
Осы ережелер Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1468 «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне біржолғы көмек төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді бөлу және пайдалану туралы» және облыстық мәслихаттың 2005 жылғы 11 ақпандағы № 3С-10-2 «2004 жылғы 10 желтоқсандағы № 3С-9-4 «2005 жылға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» сесссиясының шешіміне сәйкес әзірленді.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Біржолғы материалдық жәрдем төмендегілерге беріледі:
Тармақша 1
1) Ұлы Отан соғысының катысушыларына және мүгедектеріне;
Тармақша 2
2) бұрыңғы ҚСРО ордендары және медальдарымен наградталған, тұлғалар;
Тармақша 3
3) бұрыңғы концлагерлердің кәмелетке толмаған тұтқындарына
Тармақша 4
4) Күйеуге шықпаған Ұлы Отан соғысында қайтыс болғандардың жесірлеріне және ата-аналарға.
Тармақ 2
2. Біржолғы материалдық жәрдем төмендегідей мөлшерде төленеді:
Тармақша а
а) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне - 10000 (он мың) теңге.
Тармақша б
б) бұрыңғы ҚСРО ордендары және медальдарымен наградталған, тұлғалар 5000 (бес мың) теңге.
Тармақша в
в) бұрыңғы концлагерлердің кәмелетке толмаған тұтқындарына - 5000 (бес мың) теңге.
Тармақша г
г) Күйеуге шықпаған Ұлы Отан соғысында қайтыс болғандардың жесірлеріне және ата-аналарға - 5000 (бес мың) теңге.
Тармақ 3
3. Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемдер» бағдарламасының басшысы болып табылады.
Тармақ 4
4. Біржолғы материалдық жәрдемді төлеу жұмыстары сәйкестенген қаржы жылына аудан бюджетімен қарастырылған қаражаттар шегінде жүргізіледі.
Тарау 2. 2. Қаржыландыру көзі
2. Қаржыландыру көзі
Тармақ 5
5. Аудандық бюджет Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне, қатысушыларына және азаматтардың басқа да санаттарына біржолғы материалдық жәрдемді көрсетуін қаржыландыру көзі болып табылады.
Тарау 3. 3. Біржолғы материалдық жәрдемді төлеу тәртібі
3. Біржолғы материалдық жәрдемді төлеу тәртібі
Тармақ 6
6. Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне, қатысушыларына және азаматтардың басқа да санаттарына біржолғы материалдық жәрдемді алушылар тізімін рәсімдейді.
Тармақ 7
7. Біржолғы материалдық жәрдемді төлеу жұмыстары Қазақ пошта бөлімдеріндегі жеке шоттарына қаражаттарды аудару арқылы жүргізіледі.