О проведении в районе традиционного трехмесячника по санитарной очистке, благоустройству и озеленению территорий населенных пунктов Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.05.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ауданның елді мекен аумақтарында көріктендіру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жүргізу жөнінде ауданда дәстүрлі үш айлық өткізу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, Ақмола облысы әкімдігінің 2005 жылғы 31 наурыздағы № а-4/93 «Елді мекен аумақтарын көріктендіру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жүргізу жөнінде облыста үш айлық өткізу туралы» Ақмола облыстық әділет Департаментінде 2005 жылғы 12 сәуірде № 3116 тіркелген, қаулысына сәйкес, ауданның елді мекендерін тиісті санитарлық тәртіпке келтіріп, тазалық жүргізу мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Көріктендіру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жүргізудегі үш айлықты ұйымшылдықпен, тиімді өткізу жөнінде аудандық комиссия (бұдан әрі - комиссия) құрылсын (қосымша №1).
Тармақ 2
2. Бекітілсін:
Тармақша 1
1) Елді мекендерді көріктендіру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жүргізу жөніндегі аудандық конкурсты өткізу Ережесі (бұдан әрі - Конкурс) (қосымша № 2).
Тармақша 2
2) Көріктендіру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жүргізу жөніндегі іс-шаралар (қосымша № 3).
Тармақ 3
3. Экономика және қаржы бөлімі (Лисина О.М.), Конкурс жеңімпаздарына сыйақы тағайындау үшін бюджеттен ақшалай қаржы қарастырсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау, аудан әкімінің орынбасары А.И.Тимошинге жүктелсін.
Басқа 7. Көріктендіру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жүргізу жөніндегі үш айлықты ұйымшылдықпен және тиімді өткізудегі аудандық комиссияның құрамы
Аудан әкімдігінің 2005 «03» мамыр № а-5/121 қаулысына қосымша № 1 «Елді мекендерді көріктендіру көгалдандыру және санитарлық тазалық жүргізу жөнінде ауданда үш айлық өткізу туралы» Көріктендіру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жүргізу жөніндегі үш айлықты ұйымшылдықпен және тиімді өткізудегі аудандық комиссияның құрамы Тимошин А.И. - аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Елисеев В.В. - ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары Кривицкий А.К. - қала әкімі, комиссия төрағасының орынбасары Додонова Л.А. - қала құрылысы, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көліктері мен автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы, комиссия хатшысы Шереметова Л.А. - қала құрылысы, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көліктері мен автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы, бөлім бастығы Дуйсенова Ж.Е. - санитарлық-эпидемиологиялық Департаменті бөлімінің бастығы (келісім бойынша) Рамазанов Х.Қ. -қоршаған ортаны қорғау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік инспектор (келісім бойынша) Ермак Т.А. - аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша) Жүнісов Б.Ғ. - орталық аудандық аурухананың бас дәрігері (келісім бойынша) Оразалина Г.А. - аудандық білім және спорт бөлімінің бастығы Елкин Ю.П. -аудандық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеттің төрағасы (келісім бойынша) Жақыпов Қ.С. - аудан әкімі аппаратының АҚ және ТЖ жөніндегі жетекші маманы Дүйсенов Л.Ж. - ауыл шаруашылығы Министрлігінін аудандық аумақтық басқармасының бастығы (келісім бойынша) Дятлов В.И. - «Ақкөл Коммун Сервис МКК директоры» Мананбаева А.К. - жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Латыпова Г.М. – экономика және қаржы бөлімі бастығының орынбасары Сейітов М.М. - өндірістік-жол учаскесінің бастығы (келісім бойынша)
Басқа 8
Қосымша 2 Аудан әкімдігінің 2005 «03» мамыр № а-5/121 қаулысымен Бекітілді «Елді мекендерді көріктендіру көгалдандыру және санитарлық тазалық жүргізу жөнінде ауданда үш айлық өткізу туралы» Елді мекенцерді көріктендіру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жүргізу жөніндегі аудандық конкурсты өткізу Ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Аудандық конкурс, қала мен селолық елді мекендерді көріктендіру көгалдандыру, тазалықта ұстау жөніндегі жұмыстарды ынталандыру, көркейту құрылыс жұмыстарына қаржы инвесторларын тарту, қала мен әр селоны таза ұстау, жағымды қоғамдық климатқа жағдай жасау, сонымен бірге осы бағыттағы қалалық және селолық деңгейдегі атқару билік органдарының жұмыстарының белсенділін арттыру, жергілікті жердегі халықтың үздік деп танылған тәжірибесін туралы кеңінен қоғамдық ақпараттандыру мақсатында өткізіледі.
Тарау 2. 2. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу
2. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу
Тармақ 3
3. Конкурс келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
Тармақша 1
1) «Үздік қалалық, селолық округ»
Тармақша 2
2) «Үздік кәсіпорын, ұйым және мекеме»
Тармақша 3
3) «Үздік білім мекемесі»
Тармақша 4
4) «Үздік денсаулық нысаны»
Тармақша 5
5) «Көріктендірудегі аумаққа бекітілген үздік кәсіпорын мен ұйым»
Тармақша 6
6) «Үздік шағын село»
Тармақша 7
7) «Үздік таза, көрікті үй»
Тармақ 4
4. Конкурсқа қалалық және селолық округтердің тұрғындары, қоғамдық бірлестіктер, мекемелер, ұйымдар, ауыл шаруашылығының құрылымдары, шағын және орта бизнес кәсіпорындары қатысады.
Тармақ 5
5. Конкурс қорытындысы осы жылдың маусым айында шығарылады
Тармақ 6
6. Конкурсы ұйымдастырып, өткізу үшін аудан әкімі орынбасарының басшылығымен санитарлық қызметтің, сәулет, денсаулық, білім және қоршаған ортаны қоргау т.б. қызметтердің қатысуымен аудандық комиссия құрылады.
Тарау 3. 3. Жеңімпаздарды марапаттау және сыйақы беру
3. Жеңімпаздарды марапаттау және сыйақы беру
Тармақ 7
7. Бірінші, екінші және үшінші орын алған конкурс жеңімпаздары аудандық бюджеттен бөлінетін ақшалай сыйақымен марапатталады.
Тармақ 8
8. 2005 жылдың үш айлық іс-шаралары бойынша аудандық конкурс жеңімпаздарына келесі сыйақылар белгіленсін: а) «Үздік қала және селолық округ» номинациясы бойынша: 1 орын - 20000 теңге 1 орын - 10000 теңге 2 орын - 5000 теңге б) «Үздік кәсіпорын, ұйым және мекеме» номинациясы бойынша: 1 орын - 5000 теңге 2 орын - 3000 теңге 3 орын - 2000 теңге в) «Үздік білім мекемесі» номинациясы бойынша: 1 орын - 6000 теңге 2 орын - 5000 теңге 3 орын - 3000 теңге д) «Көріктендірудегі аумаққа бекітілген үздік кәсіпорын және ұйым» номинациясы бойынша: 1 орын - 4000 теңге 2 орын - 3000 тенге 3 орын - 2000 теңге е) «Үздік шағын село» номинациясы бойынша: 1 орын - 5000 теңге 2 орын - 4000 теңге 3 орын - 3000 теңге ж) «Үздік таза, көрікті үй» номинациясы бойынша 1 орын - 3000 теңге 2 орын - 2000 теңге 3 орын - 1000 теңге
Басқа 26. Ақкөл ауданында көріктендіру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жүргізу жөнінде дәстүрлі үш айлық өткізудегі Іс-шаралар
Қосымша 3 Аудан әкімдігінің 2005 «03» мамыр № а-5/121 қаулысымен Бекітілді «Елді мекендерді көріктендіру көгалдандыру және санитарлық тазалық жүргізу жөнінде ауданда үш айлық өткізу туралы» Ақкөл ауданында көріктендіру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жүргізу жөнінде дәстүрлі үш айлық өткізудегі Іс-шаралар № р/с Іс - шаралар Орындалу мерзімі Орындауға жауаптылар 1 2 3 4 1 Қаланы және селолық елді мекендерді көріктендіру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жүргізу жөніндегі аудандық іс-шаралардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру тұрақты Қалалық, селолық округтердің әкімдері 2 Тұргындар арасында қала мен елді мекендерді көріктендіру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жүргізуде үш айлық өткізу жөнінде жиналыстар өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізі. Аудандық газетте материалдар жариялау тұрақты Қалалық, селолық округтердің әкімдері, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау Департаментінің бөлімі (келісім бойынша), қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор (келісім бойынша), кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары (келісім бойынша) 1 2 3 4 3 Республикалық «Жасыл Ел» Бағдарламасына сай ағаштар мен талдар, гүлдермен гүлазарлар отырғызу Ағаш отырғызатын мерзімде Қалалық, селолық округтердің әкімдері, кәсіпорындар, ұйымдар басшылары (келісім бойынша) 4 Коғамдық ғимараттардың, тұрғын үйлердің көше жақ беттеріне, қоршауларға, автобус аялдамаларына жөндеу жүргізу. Жарнамаларды, үгіт-насихат щиттерін, маңдайшаларды, биллбордтарды жаңарту. Тұрақты Қалалық, селолық округтердің әкімдері кәсіпорындар ұйымдар басшылары (келісім бойынша) 5 Тозығы жеткен ғимараттарды құлатып, орнын тегістеу жұмыстарын ұйымдастыру Тұрақты Қалалық, селолық округтердің әкімдері, кәсіпорындар, ұйымдар басшылары (келісім бойынша) 6 Қала мен селолық елді мекендерде балалардың спорт алаңдарын жайластыру Мамыр- маусым Қалалық, селолық округтердің әкімдері, кәсіпорындар, ұйымдар басшылары (келісім бойынша) 7 Елді мекендердегі көшелер мен алаңдардың жарықтануына тексеру жүргізу, қажетті қосымша жарықтар орнату Маусым, шілде Қалалық, селолық округтердің әкімдері, кәсіпорындар, ұйымдар басшылары (келісім бойынша) 8 Елді мекендердегі орнатылған ескерткіштер маңайы мен демалыс орындарын көріктендіру жұмыстарын жүргізу Мамыр - маусым Қалалық, селолық округтер әкімдері 1 2 3 4 9 Сәулеттік және санитарлық нормалар талаптарына базарларды, сауда дүңгіршектерін, дүкендерді, жанаржағар май құю стансаларын және жол бойындағы қызмет көрсету нысандарына сәйкестендіру Тұрақты Қалалық, селолық округтер әкімдері, кәсіпорындар мен ұйымдар басшылары (келісім бойынша) 10 Қоқыс төгілетін полигондарды, өлген малдар көмілетін орындарды т.с. орындарды санитарлық норма талаптарына сәйкестендіру тұрақты Қалалық, селолық округтер әкімдері, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау Департаментінің бөлімі (келісім бойынша), қоршаған ортаны қорғау мемлекеттік инспекторы (келісім бойынша) 11 Жұмыссыздарды (қоғамдық ақылы жұмыстағы) қала мен селоылқ елді мекендерді санитарлық тәртіпке келтіру, көріктендіру және көгалдандыру жұмыстарына тарту тұрақты Қалалық, селолық округтердің әкімдері 12 Аптаның әр бейсенбісінде ауданың барлық елді мекендерінде тазалық күні болып саналсын, оның үнемі өткізілуін қамтамасыз етсін Үш ай кезен, ішінде Қалалық, селолық округтердің әкімдері, кәсіпорындар мен ұйымдар басшылары (келісім бойынша) 13 Елді мекендер аумақтарында өткізілген көріктендіру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жүргізу жөніндегі үш айлық қорытындысын шығару Үш айлық қорытындысы бойынша Аудандық комиссия