О проведении смотра готовности оздоровительных организаций к работе в летний период Қолданыста
Басқа 0
Сауықтыру мекемелерінің жазғы кезеңдегі жұмысқа дайындығының байқауын өткізу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 бабына, "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы Заңына, "Қазақстан Республикасындағы азаматтардың денсаулығын қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы Заңына сәйкес жазғы сауықтыру ұйымдарында балалар арасында жұқпалы аурулар мен тағамнан уланудың алдын алу мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыстың Ақтөбе қаласы мен аудандарының әкімдері 2005 жылғы
1-маусымнан 21-маусымға дейін сауықтыру мекемелерінің жазғы кезеңдегі
жұмысқа дайындығының байқауын өткізсін.
Тармақ 2
2. "Нефтяник", "Ақбөбек", "Дружба", "Космос", "Восток" санаторий түріндегі, сауықтыру лагерьлерінің басшыларына:
сауықтыру мекемелерін қыздырғыш технологиялық, тоңазытқыш, құрал-жабдықтармен, өндірістік керек-жарақтармен ас бөлмелік және
асханалық ыдыс-аяқтармен, тиісті мөлшерде жуушы және дезинфекциялаушы заттармен қамтамасыз ету;
оларды шаюды жэне дезинфекциялауды қарастыра отырып, ауыз сумен қамтамасыз ететін көздерді тиісті санитарлық-техникалық қалыпқа келтіру;
жазғы сауықтыру мекемелерінің аумақтарын тазарту және абаттандыру, ойын және спорт алаңдарын дайындау;
балалардың толыққанды тамақтануының ұйымдастырылуына, тамақ әзірлеу технологиясының сақталуына тұрақты зертханалық бақылау жүргізу;
сәйкестік сертификаты, гигиеналық қорытындысы, ветеринарлық куәлігі жоқ тағамдарды сатып алуға жол бермеу;
жазғы сауықтыру мекемелерінде балалардың жеке басының гигиенасын, дезинфекциялау режимін, санитарлық жай күйін, тұру жағдайын сақтауын бақылауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 3
3. "Ақтөбе облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті" (Қ. Ә. Әлжанова), «Ақтөбе облысының білім департементі» (Қ. Т. Алдияров) мемлекеттік мекемелері өткізілген байқау қорытындысы туралы облыс өкімінің аппаратын 2005 жылғы 25 маусымға хабардар етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ә. Н. Қартовқа жүктелсін.