Об утверждении Инструкции по организации и финансированию социальных рабочих мест Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.03.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекттік басқару туралы» Заңының 31-бабына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5-бабының 2-тармағының негізінде халықтың нысаналы топтарын әлеуметтік қорғау жөнінде қосымша шаралар белгілеу үшін Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындаулына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Ерболат Баекеұлы Бекмұхамедовке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы 2005 жылдың 1 сәуірінен бастап күшіне енеді.
Басқа 4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі нұсқаулық
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 30 наурыздағы № 95 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі нұсқаулық
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы нұскаулық халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін анықтайды, әлеуметтік жұмыс орындарын беретін (меншік нысанына қарамастан) ұйымдармен есеп айырысу мен негізгі жағдайларды реттейді.
Тармақ 2
2. Осы нұсқаулықта пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) әлеуметтік жұмыс орны - жұмыс берушілердің жұмысқа қабылдаған қызметкерлерге еңбек ақы төлеген шығынын жергілікті бюджет есебінен ішінара өтеп, халықтың нысаналы топтарының ішіндегі жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушілердің жазбаша келісімімен берілетін жұмыс орны;
Тармақша 2
2) нысаналы топтар - жұмысқа орналасуда киындық көріп жүрген және әлеуметтік қорғауды қажет ететін адамдар ретінде осы заңмен белгіленген адамдар топтары.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек, зейнетақымен қамтамасыз ету және қамсыздандыру туралы заңнамалары тарайды.
Тармақ 4
4. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдар халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарына әлеуметтік жұмыс орындарына орналасуға жәрдемдеседі.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру және ұйымдастыру тәртібі
2. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру және ұйымдастыру тәртібі
Тармақ 5
5. Әлеуметтік жұмыс орындары жұмысқа қабылданған жұмыссыздарға еңбекақы шығынын мәслихаттың шешіміне сәйкес жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен ішінара өтеумен өз қаражатынан қаржыландырылып, жұмыс берушілермен анықталады немесе құрылады.
Тармақ 6
6. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарының еңбегіне ақы төлеу шығынын ішінара төлеуге қызмет көрсету жөнінде жұмыс берушілермен шарт жасасады.
Тармақ 7
7. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруды және олардың еңбегіне акы төлеуге белгіленген бюджет қаражатын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында аудандық әкімдік жұмыс берушілердің жазбаша келісімімен халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын құрған немесе берген ұйымдардың тізімін анықтайды.
Тармақ 8
8. Жұмыссыздарды ұйымдарға әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен келісімге сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға нысаналы топтарға жататын аз қамтылған жұмыссыздар басымдық құқыққа ие.
Тарау 3. 3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру жағдайлары және көздері
3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру жағдайлары және көздері
Тармақ 10
10. Әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыспен қамтылғандардың еңбегіне ақы төлеуді қаржыландыруға қаражат тиісті аудандық мәслихаттың шешімімен қарастырылады. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа қабылданған жұмыссыздарға еңбекақы төлеу және жеке еңбек шартына сәйкес және орындалған жұмыстың күрделілігі мен сапасына, санына байланысты жұмыс берушімен ай сайын жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздардың еңбек ақысына төленген жұмыс берушілердің шығыны мәслихаттың шешіміне сәйкес жергілікті бюджеттің қаражатынан ең төменгі жалақының 50 пайызы көлемінде алты айға дейінгі мерзімде өтеледі. Бюджет қаражатын аудару жөніндегі есеп айырысу жұмыс берушінің есеп шотына жүргізіледі.
Тармақ 12
12. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға мәслихаттың шешіміне сәйкес жергілікті бюджеттің қаражатынан төленетін еңбек ақыға заңнама белгілеген тәртіппен салық салынады.
Тармақ 13
13. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған жұмыссыздардың еңбек ақысы нақты орындалған көлеміне жүргізіледі.
Тармақ 14
14. Жұмыс берушілер мәслихаттың шешіміне сәйкес жергілікті бюджеттен түскен ақшаны әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған жұмыссыздардың еңбекақысына шыққан өздерінің шығындарын өтеуге пайдаланады.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін бақылау
4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін бақылау
Тармақ 15
15. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру нұсқаулығын сактауға бақылау жасауды заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдар жүзеге асырады.