Об утверждении Инструкций по оказанию социальной помощи Қолданыста
Басқа 0
Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабына сәйкес Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Бекітілсін:
Тармақша 1
1) азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі нұсқаулығы (1-қосымша);
Тармақша 2
2) аз қамтылған туберкулезбен ауыратындарға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі нұсқаулығы (2-қосымша).
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Ерболат Баекеұлы Бекмұхамедовке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Басқа 6. Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі Нұсқаулық
Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы
Қамысты ауданы әкімдігінің
2005 жылғы 4 мамырдағы
№ 116 қаулысына
1-қосымша
Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі Нұсқаулық
Осы Нұсқаулық «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек» бюджеттік бағдарламасы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің тәртібін реттейді.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Жергілікті деңгейдегі әлеуметтік көмек 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап, оны алуға құқылы осы Нұсқаудың 6-тармағында көрсетілген белгілі бір нақты отбасыларға, адамдарға жергілікті атқарушы органдардың ұсынысы және төмендегілерді сатып алу туралы азаматтардың өтініштері бойынша көрсетіледі:
Тармақша 1
1) халық тұтынатын тауарларды, дәрі-дәрмектерді, отынды, жемдік астықты, пішенді, сабанды, құсты, малды;
Тармақша 2
2) құжаттандыруға;
Тармақша 3
3) мерзімді басылымдарға жазылуды ресімдеуге;
Тармақша 4
4) оралмандарға материалдық көмек көрсету;
Тармақша 5
5) оралмандарды алып келу;
Тармақша 6
6) мерекелік күндерде азаматтардың жекелеген санаттарын құрметтеу;
Тармақша 7
7) жоғары және орта кәсіптік оқу орындарында оқуға төлеу;
Тармақша 8
8) Бір жолғы ақша төлемдері түрінде.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік көмектің аталған түрлері ақшалай және заттай беріледі.
Тармақ 3
3. Осы Нұсқаудың 6 тармағында көрсетілген отбасыларға және адамдарға әлеуметтік көмек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен жасалады (бұдан әрі-уәкілетті орган).
Тармақ 4
4. Аудандағы уәкілетті органның жанындағы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі комиссия (бұдан әрі комиссия) әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Уәкілетті органның жанындағы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және комиссия мүшелерінің көбі дауыс берген жағдайда қабылданған деп есептелінеді.
Хаттамаға комиссия мүшелерінің бәріде кол қояды. Комиссия хатшысы комиссия мүшелерінің хаттамасын ресімдейді. Комиссия мәжілісі мүшелердің үштен екі құрамы қатысса ғана, құқылы болып есептеледі.
Тармақ 6
6. Әлеуметтік көмек отбасының немесе адамның әлеуметтік тұрмыстық жағдайда қамтамасыз етілу деңгейі ескертіліп, ерекше жағдайларда тағайындалып, төмендегі санаттарға төленеді:
Тармақша 1
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;
Тармақша 2
2) Қаза тапқандардың жесір әйелдеріне;
Тармақша 3
3) Фашистік конценттраттық лагерлердің кәмелетке толмаған тұтқындарына;
Тармақша 4
4) Ауған соғысының қатысушыларына;
Тармақша 5
5) Бейбіт заманда қайтыс болған Ұлы Отаң соғысы ардагерлерінің әйелдеріне;
Тармақша 6
6) Тыл еңбеккерлеріне;
Тармақша 7
7) Төрт оданда көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларына;
Тармақша 8
8) Балалық шақ мүгедектеріне;
Тармақша 9
9) 1, 2, 3 топ мүгедектеріне;
Тармақша 10
10) жетім балаларға;
Тармақша 11
11) «Алтын алқа», «Күміс алқа», «Ардақты ана» медәлімен, 1, 2 дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған көп балалы аналарға;
Тармақша 12
12) аз қамтылған және аса мұқтаж отбасылары мен жеке адамдарға;
Тармақша 13
13) оралмандар;
Тармақша 14
14) студенттер.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі
2. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі
Тармақ 7
7. Осы Нұсқаудың 6-тармағында көрсетілген отбасылары мен жеке адамдарға әлеуметтік көмек тағайындау туралы ұсынысты немесе өтінішті жергілікті атқарушы органдары немесе оны алуға құқылы адамдар, комиссия белгілеген, тиісті құжаттарды қосып тапсырады.
Тармақ 8
8. Әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі құжаттар, оларды беру күнінен бастап он күндік мерзімінде жасалады.
Тармақ 9
9. Комиссия әлеуметтік көмек тағайындаудан бас тартқан жағдайда ол туралы өтініш берушіге хабарлауға міндетті.
Тармақ 10
10. Заңдарға сәйкес өтініш беруші өтініште және құжаттарда берілген мәліметтердің дәлдігіне және толықтығына жауапты.
Тармақ 11
11. Комиссия шешімін сот тәртібінде шағымдауға болады.
Тарау 3. 3. Қажетті құжаттардың тізімі
3. Қажетті құжаттардың тізімі
Тармақ 12
12. Осы Нұсқаудың 6 тармағында көрсетілген отбасыларға немесе адамдарға әлеуметтік көмек көрсету үшін міндетті құжаттардың бірі:
Тармақша 1
1) жергілікті атқарушы органның ұсынысы немесе оны алуға құқылы адамның өтініші;
Тармақша 2
2) жеке куәлігі;
Тармақша 3
3) Салық төлеушінің нөмірі;
Тармақша 4
4) банктағы шоттың нөмірі;
Тармақша 5
5) ерекше жағдайларда комиссия талабы бойынша отбасының немесе жеке адамның әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын;
Тармақша 6
6) тұрғылықты жерден анықтама болып табылады;
Тармақша 7
7) Жоғары және орта және кәсіптік оқу орындарында оқитын студенттердің оқитын жерінен анықтама.
Тармақ 13
13. Әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажетті құжаттар өкілетті органдар салыстыру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде беріледі.
Салыстырғаннан кейін құжаттардың түпнұсқалары арыз берушіге қайтарылады.
Тиісті уәкілетті органның қызметкерлері құжаттардың көшірмелерін растап, рәсімдейді.
Тармақ 14
14. Көрсетілген құжаттардың бірінің жоқтығы әлеуметтік көмек тағайындаудан бас тартуға әкеліп соғады.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік көмектің мөлшері
4. Әлеуметтік көмектің мөлшері
Тармақ 15
15. Нұсқаулардың 6-тармағында көрсетілген отбасылары мен тұлғаларға әлеуметтік көмек нұсқаудың 1-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген мақсаттар үшін 150 еселенген айлық есеп айырысу көрсеткішінен аспайтын мөлшерде, ал ережелердің 1-тармағының 1), 2), 3), 6), 8) тармақшаларында көрсетілген мақсаттар үшін 10 еселенген айлық есеп айырысу көрсеткішінен аспайтын мөлшерде, ал ережелердің 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген мақсаттар үшін 15 еселенген айлық есеп айырысу, ал ережелердің 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген мақсаттар үшін 50 еселенген айлық есеп айырысу көрсеткішінен аспайтын мөлшерде көрсетіледі.
Әлеуметтік көмектің көлемі әр нақты жағдайларда комиссиямен белгіленеді.
Тарау 5. 5. Әлеуметтік көмекті төлеу
5. Әлеуметтік көмекті төлеу
Тармақ 16
16. Осы Нұсқаудың 6-тармағында көрсетілген отбасыларға және жеке адамдарға әлеуметтік көмекті төлеу жергілікті қаражат есебінен жүргізіледі.
Тармақ 17
17. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі комиссия шешімінің негізінде әлеуметтік көмек тағайындалған азаматтардың тізімдерін жасап, ай сайын аудандық экономика және қаржы бөліміне қаржыландыру жөнінде өтініш береді.
Тармақ 18
18. Әлеуметтік көмекті төлеу «Қамысты аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жасаған тізімге сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің операциялардың тиісті түрлеріне берілген лицензиясы бар, заңдылықтармен белгіленген тәртіппен конкурсты жеңіп алған мекемелер арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 19
19. Қаражаттың түсуіне байланысты тағайындалған сома алушының есеп шотына барып кіреді.
Басқа 60. Аз қамтылған туберкулезбен ауыратындарға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі Нұсқаулық
Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы
Қамысты ауданы әкімдігінің
2005 жылғы 4 мамырдағы
№ 116 қаулысына
2-қосымша
Аз қамтылған туберкулезбен ауыратындарға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі Нұсқаулық
Осы Нұсқаулық «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер» бюджеттік бағдарлама бойынша аз қамтылған туберкулезбен ауыратындарға емханада емделу кезеңінде әлеуметтік көмек көрсетудің тәртібін реттейді.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Аз қамтылған туберкулезбен ауыратындарға әлеуметтік көмек (әрі қарай-әлеуметтік көмек) «Қамысты аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінен (әрі қарай - уәкілетті орган) 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап келесі түр бойынша көрсетіледі:
Тармақша 1
1) Ауру адамның облыстық туберкулездік диспансерде бақылап тексерілуіне, және емханаға баруының жол шығынын өтейді;
Тармақша 2
2) Туберкулезбен ауыратын ауру адамды емдеу сатысында қуаттау үшін, қосымша тамақтануға ақшалай қаражатпен қамтамасыз етеді.
Тармақ 2
2. Ауру адам басқа бір себептермен үзіліссіз, ұзағынан емделе алмаса, әлеуметтік көмекті пайдалануға құқығы бар.
Тармақ 3
3. Егерде жанұяның орташа айлық табысы орнатылған кедейлік шегінен төмен болатын болса, әлеуметтік көмек төленеді.
Тармақ 4
4. Егерде ауру адам емдеу бағытындағы тәртібін бұзса, әлеуметтік көмек тағайындалмайды.
Тармақ 5
5. Ауру адам емдеу бағытын толық бітіргеннен соң, облыстық туберкулездік диспансердің өтініші бойынша әлеуметтік көмек көрсетіледі.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі
2. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі
Тармақ 6
6. Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін, арыз беруші өзінің атынан тұрғылықты жеріндегі уәкілетті органға әлеуметтік көмекті алуына құқығын растайтын құжаттарын тапсырады.
Тармақ 7
7. Пакет құжаттарын толық қабылдағаннан кейін уәкілетті орган арызын тіркейді.
Тармақ 8
8. Уәкілетті орган туберкулезбен ауыратын адамға әлеуметтік көмекті тағайындауын немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешімді, арызданушы қажетті құжаттарын толығымен тапсырғаннан кейін жеті күннің ішінде қабылдайды.
Тармақ 9
9. Арыз беруші арызда және құжаттарды көрсетілген мәліметтің толықтығына, растығына заңдылықтарға сәйкес жауапты болады.
Тарау 3. 3. Қажет құжаттардың тізбесі
3. Қажет құжаттардың тізбесі
Тармақ 10
10. Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін міндетті құжат болып:
Тармақша 1
1) Отбасының жиынтық табысы туралы анықтама;
Тармақша 2
2) Отбасының жиынтық табысы туралы анықтамаға байланысты әлеуметтік көмек көрсету үшін қосымша тамақтануын қамтамасыз ететін облыстық туберкулездік диспансерден өтініш хат беріледі, (өтініш хатта құжатқа қол қоятын лауазымды адамның толық атауы мен тіркеу нөмірі көрсетіледі, жауапты адамның қолы елтаңбалы мөрмен куәләндырылады);
Тармақша 3
3) Арызданушының жеке басын куәләндыратын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 4
4) Жүру құжаттары;
Тармақша 5
5) Банктегі жеке шоты көрсетілген арыз.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік көмектің мөлшері
4. Әлеуметтік көмектің мөлшері
Тармақ 11
11. Туберкулезбен ауыратын адамның қосымша тамақтануын қамтамасыз ету үшін, ай сайын 4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетіледі.
Тармақ 12
12. (Емдейтін мекеменің тағайындаған уақытында) ауру адамның бақылап тексерілуіне және емханаға баратын жол шығынын өтейтін әлеуметтік көмек 100 пайыз мөлшерінде жолаушы көлігінің жүру құнын (таксиден басқа) немесе теміржол көлігімен жүру құжатына байланысты жіберілетін станциядан көрсетілген бір көлік жабдықтарына, емдеу мекемесі орналасқан стансаға дейін әлеуметтік көмек көрсетіледі (әрі қарай және кері қарай).
Тарау 5. 5. Әлеуметтік көмекті төлеу
5. Әлеуметтік көмекті төлеу
Тармақ 13
13. Әлеуметтік көмекті төлеу жергілікті бюджет есебінен жүргізіледі.
Тармақ 14
14. Уәкілетті орган әлеуметтік көмек тағайындалған азаматтардың ісін рәсімдеп, есептеп аудандық экономика және қаржы бөліміне қаржыландыруға тапсырыс ұсынады.
Тармақ 15
15. Әлеуметтік көмекті төлеу «Қамысты аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жасаған тізімге сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің операциялардың тиісті түрлеріне берілген лицензиясы бар, заңдылықтармен белгіленген тәртіппен конкурсты жеңіп алған мекемелер арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 16
16. Қаражаттың түсуіне байланысты тағайындалған сома алушының есеп шотына барып кіреді.