Об утверждении Правил представления информации и ведения государственной статистики в области безопасности и охраны труда с созданием банка данных Күшін жойған
Басқа 0
Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласында деректер банкiн құрып ақпарат беру және мемлекеттiк статистика жүргізу ережесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Еңбек қауiпсiздiгі және еңбектi қорғау саласында деректер банкiн құрып ақпарат беру және мемлекеттік статистика жүргiзу ережесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Басқа 0. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласында деректер банкiн құрып ақпарат беру және мемлекеттік статистика жүргiзу epежеci
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2005 жылғы 17 мамырдағы
N 463 қаулысымен
бекiтiлген
Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласында деректер банкiн құрып ақпарат беру және мемлекеттік статистика жүргiзу epежеci
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 28 ақпандағы " Еңбек қауiпсiздігі және еңбекті қорғау " және 1997 жылғы 7 мамырдағы " Мемлекеттік статистика туралы " Заңдарына сәйкес әзiрленген.
Тармақ 2
2. Ереже еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласында деректер банкiн құрып ақпарат берудiң және мемлекеттік статистика жүргiзудiң тәртiбiн айқындайды.
Тармақ 3
3. Еңбек қауіпсiздiгi және еңбектi қорғау саласында статистикалық есеп жүргiзу "Мемлекеттiк статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және өзге де нормативтік құқықтық кесiмдерге сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) еңбек қауіпсiздiгi және еңбекті қорғау саласындағы статистикалық есеп - статистикалық стандарттар негiзiнде еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы жай-күй мен үрдiстер туралы жиынтық деректердi жинау, өңдеу және тарату;
Тармақша 2
2) еңбек қауiпсiздiгi және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттiк статистикалық есептілік - жалпымемлекеттiк және ведомстволық статистикалық қадағалау, оның кезiнде жеке және заңды тұлғалар бастапқы құжаттамадан алынған мәлiметтерi қамтитын, хабарланатын мәлiметтердiң берiлу мен дұрыстығына жауапты адамдар қол қойған есептердi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттік статистика органдарына ұсынады;
Тармақша 3
3) бастапқы құжаттама - еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы жеке фактiлердi, оқиғалар мен құбылыстарды тiркеуге арналған құжаттар;
Тармақша 4
4) еңбек қауіпсiздiгi және еңбекті қорғау саласындағы деректер банкi - бастапқы құжаттамадан алынатын, еңбек қауiпсiздiгi және еңбекті қорғау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның функцияларын iске асыруына байланысты құрылатын, мәлiметтер жиынтығы.
Тарау 2. 2. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласында ақпарат беру және мемлекеттік статистика жүргiзу
2. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласында ақпарат беру және мемлекеттік статистика жүргiзу
Тармақ 5
5. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы ақпаратты жеке және заңды тұлғалар бастапқы құжаттаманың негiзiнде еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның аумақтық бөлiмшелерiне, сондай-ақ статистикалық деректердi қалыптастыру үшiн статистикалық жұмыстардың жоспарына сәйкес статистика органдарына бередi.
Тармақ 6
6. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы статистикалық есепке алуды мемлекеттiк статистика саласындағы уәкілеттi орган барлық жеке және заңды тұлғалардың еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы жай-күй мен үрдiстердi сипаттайтын статистикалық деректерге деген қажеттілігiн қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырады.
Тармақ 7
7. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы статистикалық деректер бастапқы құжаттамадан алынған деректердi өңдеу жолымен қалыптасады.
Тармақ 8
8. Статистика органдары статистикалық деректердi жүргiзу үшiн еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттік статистикалық есептілiк негiзiнде жиналатын ақпаратты пайдаланады.
Тармақ 9
9. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласында мемлекеттік статистикалық есептілiктi жүргiзу Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн статистикалық жұмыстар жоспарына және мемлекеттік статистика саласындағы уәкілеттi органның нормативтік құқықтық кесiмдерiне сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 3. 3. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласында деректер банкiн құру
3. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласында деректер банкiн құру
Тармақ 10
10. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы жиынтық деректердi сақтауды және қалыптастыруды қамтамасыз ету мақсатында еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi уәкілеттi мемлекеттiк орган деректер банкiн құрады.
Тармақ 11
11. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбекті қорғау саласындағы деректер банкi еңбек қауiпсiздiгi және еңбекті қорғау саласындағы статистикалық деректердiң және еңбек қауіпсiздігі мен еңбектi қорғау жөнiндегi уәкілеттi мемлекеттiк органның аумақтық бөлiмшелерi беретiн ақпараттың негiзiнде қалыптасады.
Тармақ 12
12. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы деректер банкiнен алынған мәлiметтер жиынтық статистикалық деректердi қалыптастыру үшiн, пайдаланушылардың қалың топтары арасында ресми статистикалық ақпарат ретiнде тарату үшiн пайдаланылады.