Об Инструкции по оказанию социальной помощи безработным, направленным на профессиональную подготовку, повышение квалификации и переподготовку, по возмещению затрат на проживание, питание, медицинское освидетельствование и проезд к месту обучения в пределах региона Күшін жойған
Басқа 0
Кәсіпке даярлауға, біліктілігін
көтеруге және қайта даярлауға
жіберілген жұмыссыздарға әлеуметтік
көмек көрсету, тұратын орнына, тағамына, медициналық куәландыруға
және аймақ шегінде оқитын орынға
жол жүруге арналған шығындарды
өтеу жөніндегі Нұсқаулық туралы
Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 19-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31- бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген, жұмыссыздарды кәсіпке даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру мен қаржыландыру Ережелеріне сәйкес Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Кәсіпке даярлауға, біліктілігін көтеруге және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсету тұратын орнына, тағамына, медициналық куәландыруға және аймақ шегінде оқитын орынға жол жүруге арналған шығындарды өтеу жөніндегі ұсынылып отырған Нұсқаулық бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.Ж. Шамшинге жуктелсін.
Басқа 3. Кәсіпке даярлауға, біліктілігін көтеруге және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсету, тұратын орнына, тағамына, медициналық куәландыруға және аймақ шегінде оқитын
орынға жол жүруге арналған шығындарды өтеу жөніндегі Нұсқаулық
Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 12 сәуірдегі № 166 қаулысымен бекітілген
Кәсіпке даярлауға, біліктілігін көтеруге және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсету, тұратын орнына, тағамына, медициналық куәландыруға және аймақ шегінде оқитын
орынға жол жүруге арналған шығындарды өтеу жөніндегі Нұсқаулық
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Нұсқаулықта пайдаланылатын негізгі түсініктер:
Тармақша 1
1)жергілікті уәкілетті орган - қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі;
Тармақша 2
2)өтініш иесі - әлеуметтік көмек алуға үміткер адам.
Тармақ 2
2. Кәсіпке даярлауға, біліктілігін көтеруге және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсетуді, тұратын орнына, тағамына, медициналық куәландыруға және аймақ шегінде оқитын орынға жүруге арналған шығындарды өтеуді жергілікті уәкілетті орган жүзеге асырады (әрі қарай - әлеуметтік көмек).
Егер жұмыссыздың өтініші оқу аяқталған күннен бір ай мерзімнен кешіктірілмей іле берілген болса әлеуметтік көмек төленеді.
Жергілікті уәкілетті орган азаматтардың әлеуметтік көмек көрсету туралы өтініштерін қарайды және оны тағайындау немесе бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік көмек алу құқығына жергілікті уәкілетті органда ресми тіркелген және білім ұйымдарына кәсіпке даярлауға, біліктілігін көтеруге, қайта даярлауға жіберілген, заңнама тәртібімен белгіленген конкурста жеңіске жеткен жұмыссыздар ие болады.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік көмекті алуға өтініш беру
2. Әлеуметтік көмекті алуға өтініш беру
Тармақ 4
4. Өтініш иесі жергілікті уәкілетті органға өтініш береді және оны алуды растайтын құжаттарды ұсынады.
Тармақ 5
5. Өтініш иесі өтініштер мен құжаттарда көрсетілген мәліметтердің толықтығына және шүбәсіздығына Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап береді.
Тарау 3. 3. Қажетті құжаттар тізбесі
3. Қажетті құжаттар тізбесі
Тармақ 6
6. Әлеуметтік көмекті тағайындауға арналған құжаттар мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1)тұрғылықты жері бойынша банкідегі жеке шотының нөмірі көрсетілген әлеуметтік көмекті алу туралы жазбаша өтініші;
Тармақша 2
2)өтініш иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 3
3)өтініш иесінің жұмыссыз есебінде ресми тіркелгендігін растайтын жергілікті уәкілетті орган құжатының көшірмесі;
Тармақша 4
4)жергілікті уәкілетті органның жұмыссызға кәсіби оқуға берген жолдамасының көшірмесі.
Жолдамада жұмыссыздың толық аты-жөні, тегі, білім беретін ұйымның және алатын мамандығының атауы көрсетіледі.
Жолдама тиісті бланкіде рәсімделеді, онда кұжатқа қол қоятын адамның толық лауазымының атауы, жеке қолы және оның ашылған мағынасы, берілген уақыты көрсетіледі. Жауапты адамның қолы мөрмен куәландырылуы тиіс;
Тармақша 5
5)жергілікті уәкілетті органның кәсіпке даярлауға, біліктілігін көтеруге және қайта даярлауға жіберілген жұмыссызбен келісім-шарттың көшірмесі;
Тармақша 6
6)темір жол, жолаушылар көлігі (таксиден басқа) бойынша жол жүрген құжаттарының тұпнұсқасы немесе уәкілетті тұлға қол қойған және мөрмен куәландырылған көрсетілген тасымалдау түрін жүзеге асырған ұйымның жол құны туралы анықтамасы (оқу басталар алдындағы күндері);
Тармақша 7
7)медициналық куәландырудан өткені және оның өту үшін төлегені жөніндегі төлем кұжаттары туралы емдеу орындары анықтамаларының көшірмесі.
Тармақ 7
7. Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті кұжаттарды жергілікті уәкілетті органда салыстырып тексеру үшін тұпнұсқа және көшірме түрінде ұсынады. Құжаттардың тұпнұсқалары салыстырып тексерілгеннен кейін өтініш иесіне қайтарылады.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі
4. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі
Тармақ 8
8. Жергілікті уәкілетті органның әлеуметтік көмекті берудегі тағайындау немесе бас тарту туралы шешімі өтініш иесіне өтініш берілгеннен кейін 10 күн ішінде барлық қажетті құжаттырымен беріледі. Бас тартылған жағдайда өтініш иесі оның себептері көрсетіле отырып жазбаша хабарландырылады.
Әлеуметтік көмекті тағайындау немесе бас тартылғаны туралы шешімге жергілікті уәкілетті органның басшысы қол қояды.
Тармақ 9
9. Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті құжаттардың болмауы оны тағайындаудан бас тартуға себепші болады.
Тарау 5. 5. Әлеуметтік көмектің көлемі
5. Әлеуметтік көмектің көлемі
Тармақ 10
10. Шығынды өтеуге арналған әлеуметтік көмек мынадай мөлшерде көрсетіледі:
Тармақша 1
1) тұратын орнына - айына бір айлық есептік көрсеткіш.
Кәсіпке даярлауға, біліктілігін көтеруге және қайта даярлауға жіберілген басқа жерден келген жұмыссызға оқу орны орналасқан елді мекеннен тыс жерде тұрақты тұратын адам жатады;
Тармақша 2
2)тағамына - айына екі айлық есептік көрсеткіш;
Тармақша 3
3)медициналық куәландыру - осы Нұсқаулықтың 6-тармағы 7)-тармақшасында көрсетілген, құжаттармен расталатын тексерудің толық құны;
Тармақша 4
4)аймақ (аудан) шегінде оқу орнына жол жүру - осы Нұсқаулықтың 6- тармағы 6)-тармақшасында көрсетілген, құжаттармен расталған жол жүрудің толық құны.
Тарау 6. 6. Әлеуметтік көмекті төлеу
6. Әлеуметтік көмекті төлеу
Тармақ 11
11. Әлеуметтік көмекті төлеу жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Тағамға және тұратын орнына арналған шығындарды өтеу жөніндегі әлеуметтік көмекті төлеу оқу орындары берген сабаққа қатынасу табельдары негізінде оқу аяқталған соң төленеді.
Медициналық куәландыру мен аймақ (аудан) шегінде оқу орнына жол жүруге арналған шығындарды өтеу жөніндегі әлеуметтік көмекті төлеу осы Нұсқаулықтың 3-бөлімі 6-тармағының 6), 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынған сәттен бір ай мерзім ішінде жүргізіледі.
Тармақ 13
13. Жергілікті уәкілетті орган есептеуді жүргізеді, әлеуметтік көмек тағайындалған азаматтардың тізімін қалыптастырады және қалалық қаржы органына қаржыландыруға арналған өтінімді ұсынады.
Әлеуметтік көмекті төлеу заңнама тәртібі белгілеген конкурста ұтқан Қазақстан Республикасының Ұлтық Банкісінің тиісті операция түрлеріне лицензиясы бар ұйымдарына, жергілікті уәкілетті органның тізімі бойынша ұсынылған, жұмыссыздардың жеке шотына ақшалай түрде аудару жолымен жүзеге асырылады.
Қаржы кем болғанда оқып жатқан жұмыссыздарға әлеуметтік көмек өтінішті тіркеудің хронологиялық тәртібімен төленеді.