О проведении весеннего и осеннего месячников по благоустройству, озеленению и санитарной очистке территорий города и населенных пунктов Қолданыста
Басқа 0
Каланың және-елді мекендердің аймақтарың көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі көктемгі және күзгі айлықтарды өткізу туралы
«Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес және қала мен ауылдық елді мекендер аумағының санитарлық жағдайын жаксарту, көркейту, көгалдандыру және экологиялық сауықтыру мақсатында Арқалык каласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2005 жылғы 11 сәуірден 11 мамырға дейін каланын және елді мекендердің аумағын көркейту, санитарлық тазарту, көгалдандыру және экологиялық сауықтыру жөніндегі көктемгі айлық өткізілсін.
Тармақ 2
2. 2005 жылғы 20 кыркүйектен 20 қазанға дейін қаланың және елді мекендердің аумағын көркейту, көгалдандыру және экологиялық сауықтыру жөніндегі күзгі айлык өткізілсін.
Тармақ 3
3. «Арқалық қалалык қала құрылысы, құрылыс тұрғын үй-коммуналдык шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Р.Х. Мәжитов);
Тармақша 1
1) кәсіпорындарға, ұйымдарға және мекемелерге көшелерді, тротуарларды, даңғылдарды, алаңдарды, скверлерді және автобус аялдамаларындағы павильондарды бекітіп берсін;
Тармақша 2
2) таңдаулы үйге, аулаға, селоға және таңдаулы кәсіпорынға «Қала патриоты - 2005» конкурсының шартын әзірлесін. Қорытындысы 3 кезеңде; 1 тур - 1 маусымда, 2 тур -Конституция күніне, 3 тур - Республика күніне шығарылсын және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Тармақ 4
4. Ауылдар мен ауылдық округтер әкімдеріне және кәсіпорындардың, ұйымдардың басшыларына оларға бекітілген қала ішіндегі, орталык
мекендегі, бөлімдердегі тұрмыстық және құрылыс қоқыстарын, мал қалдықтарын шығаруды ұйымдастыруға кеңес берілсін. Бей-берекет қоқыстарды жойсын. Әр аптаның бейсенбісі «Тазалық күні» болып бекітілсін, айлық кезеңінде күн сайын сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін бекітілген участкелерде көркейту жөніндегі жұмыстар ұйымдастырылсын.
Тармақ 5
5. Ауылдар және ауылдық округтер әкімдері шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін пайдаланылатын құдықтардың жағдайын тексерсін және санитарлық нормаға сәйкестендірсін.
Тармақ 6
6. «Іскер» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (И.В. Кухарчук):
Тармақша 1
1) контейнерлік алаңдарды тиісті қоршаулармен жабдықтасын;
Тармақша 2
2) үй астындағы бөлмелерді қоқыстан тазартсын, қоқыс құбырларының санитарлық жағдайын және уақытылы тазарту мен залалсыздандыруды камтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. «Тазарту» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (А.Т. Қасымов):
Тармақша 1
1) ұйымдар, мекемелер мен тұрғын үйлер аумақтарындағы қатты тұрмыстық қалдықтардың және аса ірі қоқыстардың уақытылы шығарылуын жүзеге асырсын;
Тармақша 2
2) автобус аялдамаларының тиісті санитарлық жағдайы қамтамасыз етілсін, жеткілікті мөлшерде урналар қойылсын.
Тармақ 8
8. «Арқалық жылу-энергетикалық компаниясы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (В.Н. Радченко);
Тармақша 1
1) қаланың су өткізіп таратушы желісін алдын ала жөндеуді, тазартуды
және залалсыздандыруды жүргізсін;
Тармақша 2
2) бақылау құдықтарын тексеруді және тазартуды ұйымдастырсын.
Тармақ 9
9. «Арқалық қаласы мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Е.А. Жаманов, келісім бойынша) аумақтарды ұстау, өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды жинау мен кәдеге жарату жөніндегі санитарлық талаптарды кәсіпорындардың, шаруашылық субъектілерінің, азаматтардың орындауын тексеру бойынша тұрақты рейдтер өткізсін.
Тармақ 10
10. «Арқалық хабары» қалалық апталық газеті» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (Р.К. Бикенова, келісім бойынша), «Арқалык қалалық теледидары және радиосы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (А.М. Есенғұлова, келісім бойынша) айлықтардың өткізілуі және белгіленген іс-шаралардың орындалуы туралы материалдарды тұрақты жарияласын.
Тармақ 11
11. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме калдырамын.