Некоторые вопросы специальных экономических зон в Республике Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтардың кейбір мәселелері
Отандық тауар өндірушілерді қорғау, теріс пиғылды бәсекелестікті шектеу мақсатында және "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 26 қаңтардағы N 2823 заң күші бар Жарлығының 16-бабына сәйкес қаулы етемін:
Тармақ 1
1. Заңда белгіленген тәртіппен мыналар:
Лисаков арнайы экономикалық аймағы;
Қызылорда арнайы экономикалық аймағы;
Жәйрем-Атасу арнайы экономикалық аймағы таратылсын.
Тармақ 2
2. Мыналардың күші жойылған деп танылсын:
Тармақша 1
1) "Лисаков арнайы экономикалық аймағы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 23 тамыздағы N 3094 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 34, 316-құжат, N 6, 40-құжат, 1998 ж., N 20, 175-құжат);
Тармақша 2
2) "Қызылорда арнайы экономикалық аймағы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 8 қазандағы N 3123 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 40, 375-құжат, 1997 ж., N 41, 382-құжат);
Тармақша 3
3) "Жәйрем-Атасу арнайы экономикалық аймағы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 14 қарашадағы N 3219 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 45, 429-құжат).
Тармақ 3
3. Таратылатын арнайы экономикалық аймақтардың Әкімшілік кеңестерінің төрағалары:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметіне өз қызметі туралы есеп табыс ететін болсын;
Тармақша 2
2) арнайы экономикалық аймақтың тарату процесінде екендігі туралы мәліметтерді заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркеліміне енгізу үшін әділет органдарын арнайы экономикалық аймақтың таратылуы туралы жазбаша хабардар етсін;
Тармақша 3
3) орталық және жергілікті ресми басылымдарда арнайы экономикалық аймақтың таратылуы туралы, оның несие берушілерінің өтініштері мен талап қою тәртібі мен мерзімі туралы жарияланымдар жасасын.
Тармақ 4-5
4-5. 4-5-тармақтардың күші жойылды - ҚР Президентінің 2000.07.28. N 421 жарлығымен.
Тармақ 6
6. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.