О создании государственной областной инспекции по контролю за использованием и охраной земель Күшін жойған
Басқа 0
Жерді пайдалану және қорғауға бақылау жасау жөніндегі мемлекеттік облыстық инспекция құру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімінің 19.11.2004 № 50 шешімімен.
Қазақстан Республикасы Президентінің Заң, күші бар «Жер туралы Жарлығының 108 бабы және «Жер пайдалану және қорғауға мемлекеттік бақылау жасауды жүзеге асыру тәртібі жайындағы Ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 19 ақпандағы № 235 қаулысы негізінде ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Облыс әкімі жанынан аудандар мен қалаларда қүрылымдық бөлімдері бар жер пайдалану мен қорғауға бақылау жасайтын облыстық инспекция құрылсын.
Тармақ 2
2. Жер пайдалану және қорғауға бақылау жасайтын облыстық инспекцияны ұстау жер учаскелерін сатып алу және жалдау, айыппұл салудан бюджетке қосымша түскен төлемдердің жалпы сомасының 10 пайыздық бөлігі есебінен жүзеғе асырылсын.
Тармақ 3
3. Жер пайдалану және қорғауға бақылау жөніндегі инспекция инспекция жөніндегі ережені әзірлесін және облыс әкімінің бекітуіне берсін.
Тармақ 4
4. Облыс әкімі аппаратының істер басқармасы Е. А. Мүсабеков белгіленген тәртіпте инспекцияны материалдық - техникалық қамтамасыз етуді және орналастыруды шешсін.
Тармақ 5
5. Жер пайдалану және қорғауға бақылау жасау жөніндегі инспекцияның бастығы болып Ж. X. Құрмангалиев тағайындалсын.
Тармақ 6
6. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімі орынбасарының міндетін атқарушы С. А. Құламбаевқа жүктелсін.