Азаматтардың жекелеген санаттарына бірмезгілдік материалдық көмек төлеу жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.04.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Азаматтардың жекелеген санаттарына бірмезгілдік материалдық көмек төлеу жөніндегі нүсқаулығын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардагы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 14 тармақшасына сәйкес, Президенттің Қазақстан халқына 2005 жылғы 18 ақпандағы "Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында" Жолдауын жүзеге асыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ұлы Отан соғысындағы Жеңісті жақындатуға үлес қосқан және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60 жылдығын мерекелеу құрметіне 1898 жылдан 1931 жылы аралығында туған адамдарға бірмезгілдік материалдық көмек беру жөніндегі Нұсқаулығы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (С. Мүқатаев) "Жергілікті өкілетті органдар шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер" бағдарламасы арқылы төлемдерді жүзеге асыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Закирьяновқа жүктелсін.