Об изменениях в административно-территориальном устройстве Качирского района Павлодарской области Қолданыста
Басқа 0
Павлодар облысы Качиры ауданының әкімшілік-аумақтық құрылымындағы өзгерістер туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы"
Заңының
6 бабы 1 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы"
Заңы
11 бабының 3) тармақшасына, Качиры ауданы мәслихатының (III сайланған IV сессиясы) 2004 жылғы 5 мамырдағы "Качиры ауданының әкiмшiлiк -аумақтық құрылымындағы өзгерiстер туралы" № 5-6 шешiмiне, Качиры ауданы әкiмдiгiнiң 2004 жылғы 19 ақпандағы "Павлодар облысы Качиры ауданының әкiмшiлiк-аумақтық құрылымындағы өзгерiстер туралы" № 48/2 қаулысына облыс әкiмдiгiнiң 2005 жылғы 4 сәуiрдегi "Павлодар облысы Качиры ауданының әкiмшiлiк-аумақтық құрылымындағы өзгерiстер туралы" № 108/3 қаулысына сәйкес және Ивановка ауылдық округiнiң "Юбилейное" селосы тұрғындарының пiкiрiн ескере отырып, облыстық мәслихат пен облыс әкiмдiгi
ШЕШIМ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Качиры ауданының Качиры және Ивановка ауылдық округтерiнiң шекараларына Качиры ауылдық округiне Ивановка ауылдық округіндегi "Юбилейное" селосының жалпы көлемi 846 га жер аумағы берiлiп, өзгерiстер енгiзiлсiн:
Тармақ 2
2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың азаматтардың құқығы мен заңды мүдделерiн қорғау және ақпараттық саясат жөнiндегi тұрақты комиссиясына жүктелсiн.