О кредитовании субъектов малого предпринимательства из средств городского бюджета Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.06.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қала бюджетінің қаражатынан шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу туралы Шағын бизнесті дамытуға мемлекеттік қолдау көрсету мақсатында және Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" N 148-II Заңына , Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 05 ақпанындағы "Республикалық және жергілікті бюджеттердің орындалу Ережесін бекіту туралы" N 110 қаулысына сәйкес Алматы қалалық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шағын бизнес субъектілері үшін қысқа мерзімді несиелердің шарттары бекітілсін (1 қосымша).
Тармақ 2
2. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін қалалық бюджет қаражатынан несиелеу үшін заемшы-банктерді таңдау үшін конкурстық комиссия құрылсын (2 қосымша).
Тармақ 3
3. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін қалалық бюджет қаражатынан несиелеу үшін заемшы-банктерді таңдау үшін құрылған конкурстық комиссия, ашық конкурсты ұйымдастырып, өткізіп жеңімпаз банкіні анықтасын.
Тармақ 4
4. Алматы қаласы әкімдігінің 2002 жылғы 8 тамыздағы N 4/520 "Қала бюджеті қаражатынан шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу туралы", (Әділет Басқармасында 2002 жылғы 6 қыркүйекте N 467 болып тіркелген, "Алматы Ақшамы", "Вечерний Алматы" газеттерінде 2002 жылғы 17 қыркүйекте жарияланған), Алматы қаласы әкімдігінің 2002 жылғы 23 желтоқсанындағы N№5/814 "Алматы қаласы әкімдігінің 2002 жылғы 08 тамыздағы "Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қалалық бюджеттің қаражатынан несие беру туралы" 08 тамыздағы N№4/520 қаулысына өзгерістер енгізу жөнінде" (Әділет Басқармасында 2003 жылдың 17 қаңтарында N 509 болып тіркелген, "Вечерний Алматы", "Алматы Ақшамы" газеттерінде 2003 жылғы қаңтарда жарияланған), Алматы қаласы әкімшілігінің 2004 жылғы 11 қарашадағы N 4/926 "Қала бюджеті қаражатынан шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу туралы" қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы Әкімінің бірінші орынбасары Қ.А. Бүкеновке жүктелсін.
Басқа 6
Алматы қаласы Әкімдігінің 2005 жылғы "9" наурыздағы "Қала бюджетінің қаражатынан шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу туралы" N 1/130 қаулысына N 1 қосымша Шағын бизнес субъектілерін қалалық бюджет қорынан несиелеудің шарттары
Тармақ 1
1. Бюджет несиесінің беру үлгісі - жедел несие, заемшы-банкінің есеп шотына барлық бюджет несиесінің сомасы бір жақты аударым жолымен беріледі.
Тармақ 2
2. Бюджет несиесінің берілу мерзімі өндіріспен айналысу және бұқаралық қызмет көрсету сферасын дамыту үшін бір жылға дейін;
Тармақ 3
3. Ең соңғы заемшыға сыйлық ставкасы жылдық теңгемен - 6,42 %.
Тармақ 4
4. Ең соңғы заемшыға берілетін бюджет несиесінің мөлшері 5 000 000 (бес миллион) теңге.
Тармақ 5
5. Несие валютасы - теңге.
Басқа 12
Алматы қаласы Әкімдігінің 2005 жылғы "9" наурыздағы "Қала бюджетінің қаражатынан шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу туралы" N 1/130 қаулысына N 2 қосымша Шағын кәсіпкерлік субъектілерін қала бюджетінен несиелендіру үшін несие-банк анықтау жөніндегі конкурстық Комиссиясының ҚҰРАМЫ 1. Бүкенов Қайрат Алматы қаласы әкімінің Ахмадиұлы Бірінші орынбасары Комиссия Төрағасы 2. Жүнісбеков Серік Қазақстан Республикасы Балапашұлы Ұлттық банкісі Алматы қаласы филиалының бастығы Комиссия төрағасының орынбасары Комиссия мүшелері: 3. Ибрагимов Әли Қалалық қаржы Хамзатұлы Департаменті бастығының орынбасары 4. Мұхамбетов Мәлік Кәсіпкерлік және Айсағалиұлы өнеркәсіп Департаменті директорының міндетін атқарушы 5. Тастемірова Жанат Алматы қаласы бойынша Өрнекқызы Салық комитеті төрағасының орынбасары 6. Бексұлтанов Азамат Қазына Департаменті Иммұханбетұлы бастығының орынбасары 7. Қабдулов Сардар Экономика және бюджеттік Серікұлы жоспарлау Департаменті бастығының орынбасары