Об образовании областной комиссии по содействию в организации и проведении единого национального тестирования Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.05.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізуге жәрдемдесу жөніндегі облыстық комиссия құру туралы "Ұлттық бірыңғай тестілеуді енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Өкіметінің 2004 жылғы 13 наурыздағы N 317 қаулысын орындау үшін, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 21) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізуге жәрдемдесу жөніндегі облыстық комиссия құрылсын (бұдан әрі - Комиссия).
Тармақ 2
2. Қосымша беріліп отырған Комиссия туралы Ереже бекітілсін.
Тармақ 3
3. Қалалар мен аудандардың әкімдері жергілікті жерлерде ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу жұмысын ұйымдастыруға жәрдемдесу жөніндегі қалалық және аудандық комиссиялар құрсын.
Тармақ 4
4. Комиссияның дербес құрамы Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті сессиясына бекітуге ұсынылсын.
Тармақ 5
5. "Шығыс Қазақстан облысында 2004 жылы жалпы орта білім беретін ұйымдарды бітірушілердің ұлттық бірыңғай тестілеуін ұйымдастыру және өткізу туралы" 2004 жылғы 25 мамырдағы N 474 Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі қаулысының (2004 жылғы 1 маусымдағы N 53 облыстық "Дидар" газетінде, 2004 жылғы 1 маусымдағы N 82 облыстық "Рудный Алтай" газетінде жарияланған, тіркеу нөмірі 1809) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары А.В.Гречухинге жүктелсін.
Басқа 7. Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізуге жәрдемдесу жөніндегі облыстық комиссия туралы ереже
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2005 жылғы 12 мамырдағы N 191 қаулысымен бекітілген Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізуге жәрдемдесу жөніндегі облыстық комиссия туралы ереже
Тармақ 1
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізуге жәрдемдесу жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) консультативтік-кеңес органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, "Ұлттық бірыңғай тестілеуді енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Өкіметінің қаулысын, басқа да нормативтік-құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
Тармақ 2
Тарау 2. 2. Негізгі міндеттері мен өкілеттіктері
2. Негізгі міндеттері мен өкілеттіктері
Тармақ 3
3. Комиссияның негізгі міндеттері мен өкілеттіктері мыналар:
Тармақша 1
1) ҰБТ ұйымдастыру және өткізуге қатысты мәселелер бойынша мүдделі органдар мен ұйымдар қызметін үйлестіру;
Тармақша 2
2) санитарлық нормалар мен ережелер талаптарына сәйкес ҰБТ өткізілетін пункттері (әрі қарай - ҰБТӨП) үшін үй-жай бөлуді ұйымдастыру;
Тармақша 3
3) оқушылардың ҰБТӨП бару және қайту жолдарындағы қауіпсіздігін, сондай-ақ ҰБТ өткізуге арналған емтихандық материалдардың сақталуы мен тасымалдауын қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) санитарлық-гигиеналық нормаларға сәйкес келетін үй-жайларға ҰБТ өтетін қалалар мен аудан орталықтарында мектеп бітірушілердің орналастырылуын бақылау;
Тармақша 5
5) мектеп бітірушілердің ҰБТ өтетін пункттерінде және мекендеу орындарында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша ІІББ, АІІБ қызметкерлердің тәулік бойы кезекшілігін ұйымдастыру.
Тармақ 4
4. Комиссия:
Тармақша 1
1) мектеп бітірушілердің тамақтануын ұйымдастыруға;
Тармақша 2
2) ҰБТ өтетін пункттерінде және мекендеу орындарында медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыруға;
Тармақша 3
3) мектеп бітірушілердің ҰБТ өтетін пункттерінде және мекендеу орындарының санитарлық-эпидемиологиялық жағдайына;
Тармақша 4
4) балалардың ҰБТ өтетін пункттерінде бару және қайту жолдарындағы қауіпсіздігіне;
Тармақша 5
5) балаларды тасымалдау үшін техникалық жарамды автобустардың бөлінуіне бақылауды жүзеге асырады.
Тармақ 3
Тарау 3. 3. Комиссия органдары
3. Комиссия органдары
Тармақ 5
5. Комиссияның төрағасы облыс әкімінің орынбасары болып табылады, оның орынбасары - облыстың білім департаментінің өкілі.
Тармақ 6
6. Комиссия төраға бекіткен іс-шаралар жоспарына сәйкес қызмет етеді. Комиссия құрамына:
Тармақша 1
1) Шығыс Қазақстан облысы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Департаментінің ( келісім бойынша);
Тармақша 2
2) Шығыс Қазақстан облысы Ішкі істер бас басқармасының (келісім бойынша);
Тармақша 3
3) облыстың денсаулық сақтау департаментінің;
Тармақша 4
4) мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің;
Тармақша 5
5) жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының;
Тармақша 6
6) бұқаралық ақпарат құралдарының (келісім бойынша) өкілдері кіреді. Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, комиссия мәжілістерінде төрағалық етеді, оның шешімдерінің орындалуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және комиссия атқаратын қызметіне дербес жауапты болады. Төраға болмаған жағдайда оның міндетін төраға орынбасары атқарады.
Тармақ 4
Тарау 4. 4. Комиссияның құқықтары
4. Комиссияның құқықтары
Тармақ 7
7. Өзінің міндеттеріне сәйкес Комиссияның:
Тармақша 1
1) ұсынымдар әзірлеп, өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша облыс әкіміне ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 2
2) Комиссия міндеттерін іске асыруға қажетті материалдарды мемлекеттік және басқа ұйымдардан заңнамада белгіленген тәртіппен сұрауға және алуға;
Тармақша 3
3) өз құзыретіне жататын басқа құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар. Облыстың білім департаментінің директоры