Әлеуметтік жағынан нашар қамтылған отбасыларына атаулы әлеуметтік материалдық көмектер көрсету туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.04.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әлеуметтік жағынан нашар қамтылған отбасыларына атаулы әлеуметтік материалдық көмектер көрсету туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31 бабының 1 тармағының 14 тармақшасына сәйкес халықтың әлеуметтік жағынан нашар қамтылған отбасыларына атаулы әлеуметтік материалдық көмектерді көрсетуді үйлестіру мақсатында аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Әлеуметтік жағынан нашар қамтылған отбасыларына атаулы әлеуметтік материалдық көмек көрсетуді жүзеге асырудың тәртібі, № 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік жағынан нашар қамтылған, мұқтаж адамдарға, Ұлы Отан Соғысының 60 жылдығына байланысты - Ұлы Отан Соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан Соғысында қайтыс болғандардың қайта некеге тұрмаған жесірлеріне, Ұлы Отан Соғысының қайтыс болған мүгедектерінің жесірлеріне, Кеңес Одағының тылда еңбек етіп орден, медальдарымен марапатталған тыл еңбеккерлеріне, Ұлы Отан Соғысында қайтыс болған қатысушыларының жесірлеріне, Ұлы Отан Соғысы кезінде 1941-1945 жылдар аралығында тылда 6 айдан кем емес жұмыс істеген тыл еңбеккерлеріне көрсетілетін бір жолғы атаулы әлеуметтік материалдық көмектің жоғарғы деңгейі - 20 мың теңгеге дейін көзделсін. Аз қамтылған отбасыларына тұрмыс жағдайын ескере отырып, жерлеу көмегін көрсетудің жоғарғы деңгейі - 15 мың теңгеге дейін көзделсін.
Тармақ 3
3. Аудандық комиссияның құрамы № 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 4
4. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Д.А.Жақсыбаевқа, аудандық қаржы бөлімінің бастығы Ә.Мажитовке атаулы әлеуметтік материалдық көмектің уақытында тағайындалып, төленуін қамтамасыз ету тапсырылсын.
Тармақ 5
5. Аудан әкімдігінің 2004 жылғы 25 наурыздағы № 53 «Әлеуметтік жағдайлары дәрменсіз отбасыларына атаулы әлеуметтік қайырымдылық көмектер көрсету туралы» Қаулысы облыстық әділет Департаментінде 2004 жылы 6 сәуірде №2603 ретпен тіркеуден өткен күші жойылсын.
Тармақ 6
6. Қаулының орындалуы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Д.А.Жақсыбаевқа жүктеліп, бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Д.Жұматоваға тапсырылсын. Келісілді Аудан әкімінің орынбасары М.Д.Жұматова Келісілді Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Д.А.Жақсыбаев Келісілді Аудандық экономика және қаржы бөлімінің бастығы Ә.Х.Мәжитов
Басқа 7. Әлеуметтік жағынан нашар қамтылған отбасыларына атаулы әлеуметтік материалдық көмек көрсетуді жүзеге асырудың тәртібі.
№ 1 қосымша Аудан әкімдігінің 2005 жылғы 26 сәуірдегі № 103 Қаулысымен бекітілген Әлеуметтік жағынан нашар қамтылған отбасыларына атаулы әлеуметтік материалдық көмек көрсетуді жүзеге асырудың тәртібі.
Тармақ 1
1. Аудандық әкімшілік жанынан құрылған комиссиясының әлеуметтік жағынан нашар қамтылған отбасыларына әлеуметтік материалдық көмек көрсету жұмысы төмендегіше ұйымдастырылады:
Тармақша 1
1) аудандық комиссия азаматтардың әлеуметтік материалдық көмек сұрап берген арызын қабылдайды және өз отырысында қарайды;
Тармақша 2
2) көмек сұраған отбасының әлеуметтік тұрмыстық жағдайын және өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейін тексереді;
Тармақша 3
3) осыған байланысты жергілікті жердегі (ауылдық) комиссиялардан арыз беруші отбасыларының әлеуметтік жағдайларын зерттеу актілерін және жергілікті (ауылдық) комиссияның төрағасының әлеуметтік материалдық көмек беру қажеттігі жөнінде ұсынысын сұратады;
Тармақша 4
4) аудандық комиссия жергілікті (ауылдық) жердегі комиссияның азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы ұсынысын, зерттеу актісін қарап, көмек көрсету қажет деп тапқан жағдайда әлеуметтік материалдық көмектің кесімді шегі және мөлшерін анықтайды;
Тармақша 5
5) Әлеуметтік көмекті тағайындау немесе кейінге қалдыру туралы хаттама қабылдайды. Жанжал немесе талас туындаған жағдайда оларды шешудің жолы қарастырылады.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік материалдық көмекті көрсету үшін әр отбасының жиынтық табыс көзі есептеліп, аз қамтылған отбасы қатарына жататындығы анықталады.
Тармақша 1
1) Жиынтық табысына: малы , қосалқы шаруашылығы, тағы басқа табыстары негізге алынады.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік көмек аудандық комиссияның шешімі бойынша төмендегідей бағытта берілуі мүмкін: ақшалай көмек ретінде, нақты отбасының қажетіне бағытталған (киім-кешек, дәрі-дәрмек, отын), тұрмыстық қызмет көрсетуге, жерлеуге, емделуге - бір жолғы көмек ретінде.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік материалдық көмектің мөлшері әр арыз берушінің әлеуметтік – тұрмыстық жағдайынан және мақсатты пайдалануына қарай ең жоғарғы деңгейі 20,0 мың теңгеге дейін қаралады.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік жағынан нашар қамтылған азаматтарға әлеуметтік көмек мүмкіндігіне қарай жергілікті бюджеттен көрсетіледі.
Тармақ 6
6. Аудандық бюджеттен әлеуметтік көмекті азаматтарға төлеу халықтық банктің аудандық филиалы және «Казпошта» арқылы ұйымдастырылады.
Тармақ 7
7. Ауданда әлеуметтік көмектің есебін жүргізу және бақылау, төлеу тәртібін ұйымдастыру, көрсетілген әлеуметтік көмектің мәліметін беріп отыру аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен жүргізіледі.
Басқа 21. Аудандық комиссияның құрамы:
№ 2 қосымша Аудан әкімдігінің 2005 жылғы 26 сәуірдегі № 103 Қаулысымен бекітілген Аудандық комиссияның құрамы:
Тармақ 1
1. Жұматова Мензипа Дүйсенбайқызы – аудан әкімдігінің орынбасары, комиссия төрайымы
Тармақ 2
2. Жақсыбаев Даулетжан Абдрахманұлы – аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы, төрайымының орынбасары
Тармақ 3
3. Хисмединова Фарида Жексенбайқызы – комиссия хатшысы
Тармақ 1
1. Мәжитов Әнжан Хамитұлы – аудандық қаржы бөлімінің бастығы
Тармақ 2
2. Қоспаев Хасен Жақауұлы – аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)
Тармақ 3
3. Сарсенов Мұрат – аудандық мүгедектер қоғамының төрағасы (келісім бойынша)
Тармақ 4
4. Хабулов Айсахат Жәрдемұлы – Чапаев аумақтық медицина бірлестігінің Мемлекеттік мекемесінің бас дәрігері