О внесении изменений в Закон Республики Казахстан "О судебной экспертизе" Қолданыста
Басқа 0
"Сот сараптамасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер енгiзу туралы
"Сот сараптамасы туралы" 1997 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 21, 276-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 21-22, 281-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; N 24, 153-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
Тармақша 1
1) 1-баптың алтыншы абзацындағы "мемлекеттiк органдар" деген сөздер "мемлекеттiк мекемелер" деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) 4-баптың 3) тармақшасындағы "мемлекеттiк органдарының" деген сөздер "мемлекеттiк мекемелерiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 3
3) 10-баптың 2-тармағының екiншi бөлiгiндегi "және Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң комиссиясында аттестациядан өтуi" деген сөздер алып тасталсын;
Тармақша 4
4) 15-бапта:
1-тармақтағы "(түрлерiн)" деген сөз алып тасталсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Сараптаманың белгiлi бiр түрiн жүргiзу құқығына сот сарапшысының бiлiктiлiк куәлiгiн тиiсiнше Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң немесе Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органының бiлiктiлiк комиссиясы бередi.
Бiлiктiлiк комиссиясының қызмет тәртiбi мен құрамын тиiсiнше Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi немесе Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органы айқындайды.";
Тармақша 5
5) 16-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"16-бап. Сот сарапшысын аттестациялау
Кәсiптiк даярлығының деңгейiн анықтау мақсатында тиiсiнше Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң немесе Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органының Аттестациялық комиссиясы сот сарапшыларын әрбiр бес жыл сайын аттестациялаудан өткiзуге тиiс.
Аттестациялық комиссияның қызмет тәртібі мен құрамын тиісінше Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі немесе Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органы айқындайды.".