О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Аудан аумағындағы Ойыл ауылдық округіне қарасты Қаракемер елді мекенінде жануарлардың листериоз ауруына шектеуді алу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабына сәйкес аудан әкімияты қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Аудан аумағындағы Ойыл ауылдық округіне қарасты Қаракемер елді мекенінде жануарлардың листериоз ауруына енгізілген шектеу негізінде белгіленген ветеринариялық, санитарлық-эпидемиологиялық шаралардың іске асырылуына байланысты, ауру ошағының жойылуына сәйкес Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 27 бабы негізінде аудандық бас мемлекеттік ветеринариялық инспектордың (Ж. Нұрғалиев) ұсынысы бойынша 2005 жылдың 11 шілдеден бастап жануарлардың листериоз ауруына шектеу алынсын.
Тармақ 2
2. Аудандық аумақтық басқармасы (Б. Тумышев) Ақтөбе облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің аудандық бөлімімен (Р. Қабдолова) бірлесе отырып, алдағы уақытта жұқпалы ауруларды болдырмау шараларын күшейтсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Абдуллинге жүктелсін.