О государственных закупках, имеющих важное стратегическое значение Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.05.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Маңызды стратегиялық мәнi бар мемлекеттiк сатып алу туралы "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының  21-бабы  1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Остин қаласындағы Texac Штаты Университетiнiң IC2 Институты сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар Қазақстан Республикасының технологиялық дамуына талдамалы зерттеулер жүргiзу, Қазақстан Республикасындағы технологиялық бизнес-инкубаторларды басқаруды оқыту және отандық технологиялық әзiрлемелердiң халықаралық рыноктарға, атап айтқанда Америка Құрама Штаттарына шығуына одан әрi жәрдемдесу жөнiндегi қызметтердi көрсетушi болып белгiленсiн.
Тармақ 2
2. "Ұлттық инновациялық қор" акционерлiк қоғамына заңнамада белгiленген тәртiппен: осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген заңды тұлғамен жеке қаражаты есебiнен 45278090 (қырық бес миллион екi жүз жетпiс сегiз мың тоқсан) теңге сомаға мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуды; талдамалы зерттеулер жүргiзу жөнiндегi қызметтердi мемлекеттiк сатып алу үшiн осы қаулыға сәйкес пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиiмдi жұмсаудың қағидатын сақтауды, сондай-ақ "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңы  21-бабының  3, 4-тармақтарын орындауды; осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда бірінші вице-министрі И.М.Кравченкоға жүктелсiн.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Pecпубликасының Премьер-Министрі