Об утверждении Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Монголии о сотрудничестве и взаимопомощи в таможенных делах Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Монғолия Үкіметінің арасындағы кеден ісіндегі ынтымақтастық пен өзара көмек туралы келісімді бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. 1998 жылғы 12 наурызда Алматы қаласында жасалған Қазақстан
Республикасының Үкіметі мен Монғолия Үкіметі арасындағы кеден ісіндегі
ынтымақтастық пен өзара көмек туралы келісім бекітілсін.
Тармақ 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Монғолия Үкіметі
арасындағы Кеден істеріндегі ынтымақтастық пен
өзара көмек туралы
Келісім
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Монғолия Үкіметі
арасындағы Кеден істеріндегі ынтымақтастық пен
өзара көмек туралы
Келісім
1999 жылғы 19 желтоқсанда күшіне енді - ҚР халықаралық шарттары
бюллетені, 2000 ж., N 6, 68-құжат
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
Монғолия Үкіметі,
екі мемлекет арасындағы, соның ішінде кеден ісі саласындағы ынтымақтастық арқылы тату көршілік қатынастарды дамытуға ниет білдіре отырып,
кеден қызметтерінің ынтымақтастығы арқылы екі мемлекет арасында
тауарлар мен жолаушыларды өткізуді жеңілдетуге және жеделдетуге жағдай
жасауға ұмтыла отырып,
кеден заңдарының бұзылуы екі мемлекеттік экономикалық, әлеуметтік
және салық мүдделеріне нұқсан келтіретіндігін ескере отырып,
кеден заңдарының бұзылуын болдырмау және кедендік тәртіп
бұзушылықпен күрес жөніндегі күш-жігерлер Тараптардың кеден қызметтерінің
ынтымақтастығы арқасында неғұрлым тиімді болатынына кәміл сене отырып,
мына төмендегілер туралы келісті:
Бап 3. 1-бап
Анықтамалар
1-бап
Анықтамалар
Осы Келісімнің мақсаттары үшін қолданылатын атаулар мыналарды
білдіреді:
Тармақша а
а) "кеден заңдары" - мемлекеттік шекара арқылы тауарлардың, жүктердің, жолаушылардың, халықаралық почта жіберілімдерінің, валюталық және басқа да құндылықтардың әкелінілуі, әкетілуі және транзиті, кеден бажын және басқа да салықтарды, алымдарды алу, жеңілдіктер, тыйым салулар, шектеулер және рұқсаттар, тауарларды және өзге заттарды өткізуге бақылау жасау тәртібін реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы;
Тармақша b
b) "кеден ережелерін бұзу" - кез келген кеден заңдарының бұзылуы осы заңдарды бұзуға дәл осындай кез келген әрекет;
Тармақша с
с) "кеден қызметтері" - Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кеден комитеті; Монғолияда - Мемлекеттік кеденнің бас басқармасы;
Тармақша d
d) "тұлға" - кез келген жеке немесе заңды тұлға.
Бап 2. 2-бап
Келісімнің қолданылу аясы
2-бап
Келісімнің қолданылу аясы
Тармақ 1
1. Тараптар мемлекеттерінің кедендік қызметтері осы Келісім негізінде өз мүмкіндіктері мен құзыреттері шегінде және өз мемлекеттерінің аумағында қолданылатын заңдарды сақтаған жағдайда:
Тармақша а
а) екі мемлекет арасында тауарлар мен жолаушыларды өткізуді жеңілдету және жеделдету;
Тармақша b
b) кеден төлемдері мен салықтарын дұрыс алуды, сондай-ақ кеден жеңілдіктерін қолдануды қамтамасыз ету;
Тармақша с
с) тауарлардың әкелінуі және әкетілуі кезінде алынатын кеден бажын, салықтар мен алымдарды дәл есептеуді қамтамасыз ету;
Тармақша d
d) кеден ісі саласында өз қызметі тәжірибесімен және ақпараттармен алмасу мақсатында қарым-қатынас жасайды және бір-біріне өзара жәрдем көрсетеді.
Тармақ 2
2. Осы Келісім өзге халықаралық шарттар мен келісімдерде көзделген
ынтымақтастықты, атап айтқанда, қылмыстық істер жөнінде құқықтық жәрдем
көрсетуді реттейтін ережелерді қозғамайды.
Бап 3. 3-бап
Ақпаратпен алмасу
3-бап
Ақпаратпен алмасу
Тармақ 1
1. Тараптар мемлекеттерінің кеден қызметтері өз бастамасы бойынша
немесе талап-тілек бойынша:
Тармақша а
а) әкелу немесе әкету кеден баждарын, салықтарды және алымдарды алуды
қамтамасыз етуге көмегі тиюі мүмкін;
Тармақша b
b) өткізуге байланысты жасалған немесе дайындалып жатқан құқық
бұзушылықтар:
Тармақша i
i) қоршаған орта немесе халықтың денсаулығы үшін қатер тудыратын
тауарлар немесе материалдар;
Тармақша ii
ii) есірткі құралдар мен жүйкеге әсер ететін заттар;
Тармақша iii
iii) қару-жарақтар, оқ-дәрілер, жарылғыш заттар және жару құрылғылары;
Тармақша iv
iv) айтарлықтай тарихи, көркем, мәдени немесе археологиялық құндылығы
бар нәрселер;
Тармақша v
v) акцизделетін тауарлар;
Тармақша vi
vi) жойылып кету қауіп бар жабайы жануарлар және жабайы өсімдіктер,
олардың топтары, сарқындары;
Тармақша vii
vii) Тараптар мемлекеттерінің кеден қызметтері алмаса алатын тізбелерге сәйкес ерекше маңызы бар тауарлар туралы бір-біріне қолдағы бар барлық ақпараттарды береді.
Тармақ 2
2. Тараптар мемлекеттерінің кеден қызметтері өз бастамасы бойынша және мейлінше қысқа мерзім ішінде:
Тармақша а
а) олардың әдеттегі қызметі барысында алынған және екінші Тарап мемлекетінің аумағында елеулі кедендік құқық бұзушылық жасалуы мүмкін деп санауға толық негіз беретін;
Тармақша b
b) құқық бұзушылықты табуға және жолын кесуге жағдай жасайтын;
Тармақша с
с) егер олар контрабандалық тауарлардың түсу көздері және өткізілу маршруттары жөнінде екінші бір Тарапқа қатысты болса, бір Тарап мемлекетінің кеден қызметі анықтаған жағдайлар жөнінде қолдағы бар барлық ақпараттарды бір-біріне беріп отырады.
Бап 4. 4-бап
Арнайы байқау
4-бап
Арнайы байқау
Бір Тарап мемлекетінің кеден қызметі екінші Тарап мемлекетінің кеден қызметінің талап-тілегі бойынша өз құзыреті мен мүмкіндіктері шеңберінде белгілі бір мерзім ішінде:
Тармақша а
а) сұраушы Тарап мемлекетінің аумағында кедендік құқық бұзушылық жасауға кәсіби немесе жай қатысы бар деп күдік тудыруға жеткілікті негіз болған жағдайда нақты тұлғалардың жүріп-тұруына, әсіресе өз аумағына келуіне және одан кетуіне;
Тармақша b
b) сұратушы Тарап мемлекетінің кеден қызметі осы Тарап ел мемлекеті
аумағына немесе аумағынан заңсыз өткізу заттары болып табылады деп
анықтаған тауарларға;
Тармақша с
с) сұратушы Тарап мемлекетінің аумағында кедендік құқық бұзушылық
жасалған кезде сезікті адамдар пайдаланғандығына жеткілікті негіз болған
жағдайда нақты жер үсті, су, әуе және басқа да көлік құралдарына арнайы
байқауды жүзеге асырады:
Осы байқаулардың нәтижелері сұратушы Тарап мемлекетінің кеден
қызметіне беріледі.
Бап 5. 5-бап
Ақиқаттықты растау
5-бап
Ақиқаттықты растау
Тармақ 1
1. Бір Тарап мемлекетінің кеден қызметі екінші Тарап мемлекеті кеден қызметінің талап тілегі бойынша осы кеден қызметіне:
Тармақша а
а) сұратушы Тарап мемлекетінің кеден қызметіне көрсететін жүк декларациясына байланысты берілген ресми құжаттардың ақиқаттығы жөніндегі;
Тармақша b
b) сұратушы Тарап мемлекетінің аумағына әкелінген тауарлар екінші
Тарап мемлекетінің аумағынан заңды түрде әкетілді ме, жоқ па;
Тармақша с
с) сұратушы Тарап мемлекетінің аумағынан әкетілінген тауарлар
сұралған Тарап мемлекетінің аумағына заңды түрде әкелінді мен, жоқ па
деген ақпаратты береді.
Бап 6. 6-бап
Талап-тілектің нысаны және мазмұны
6-бап
Талап-тілектің нысаны және мазмұны
Тармақ 1
1. Осы Келісімге сәйкес жәрдемдесу жөніндегі талап-тілектер жазбаша
нысанда жасалады. Талап-тілекке оларды жүзеге асыруға қажетті құжаттар
қоса тіркеледі. Төтенше оқиға жағдайларында ауызша да сұрату салынуы
мүмкін, алайда олар жазбаша нысанда дереу расталуы тиіс.
Тармақ 2
2. Мұндай талап-тілектер төмендегідей мәліметтерді:
Тармақша а
а) талап-тілек жасаушы кеден қызметін;
Тармақша b
b) сұралып отырған іс-әрекеттерді;
Тармақша с
с) талап-тілектің мәні және негіздемесін;
Тармақша d
d) істің мәнін және оған қатысты мән-жайлардың қысқаша суреттемесін;
Тармақша е
е) іске қатысы бар заңдар, ережелер және басқа да заң актілерін;
Тармақша f
f) сұрау салудың объектілері болып табылатын жеке және заңды тұлғалар
туралы мүмкіндігінше неғұрлым дәл және егжей-тегжейлі мәліметтер қамтуы
тиіс.
Тармақ 3
3. Талап-тілек сұралған Тарап мемлекетінің ресми тілінде, не сұралған
Тарап мемлекетінің кеден қызметі үшін ыңғайлы ағылшын немесе орыс тілінде
жасалады.
Тармақ 4
4. Сұралған Тарап мемлекетінің кеден қызметі қажет болған жағдайда осындай талап-тілектерді түзетуді немесе толықтыруды сұрай алады.
Бап 7. 7-бап
Талап-тілекті орындау
7-бап
Талап-тілекті орындау
Тармақ 1
1. Сұраныс бойынша көрсетілетін кез келген жәрдем көрсету сұралған тарап мемлекетінің аумағында қолданылатын заңдарға сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Бір Тарап мемлекетінің кеден қызметінің сұрауы бойынша басқа Тарап мемлекетінің кеден қызметі құқық бұзушылыққа қатысты міндеттемелерді өз құзыреті шегінде тексеру немесе анықтау жүргізеді, оны тергеу сұралған мемлекеттің аумағында болады.
Тармақ 3
3. Деректі материалдар мен басқа да құжаттарды алмасу талап-тілектерді орындау түрлерінің бірі болып табылады.
Расталған көшірмелерді тапсыру олардың заңды күшінің ережелері бойынша жеткіліксіз болған жағдайларда құжаттардың түп нұсқасы сұралады. Алынған құжаттардың түп нұсқалары мүмкіндік болған сәтте бірден қайтарылады.
Тармақ 4
4. Сұралған Тарап мемлекетінің кеден қызметі талап-тілекті орындау үшін өз мемлекетінің заңдарына сәйкес барлық қажетті шараларды қолданады.
Тармақ 5
5. Егер сұралған Тарап мемлекетінің кеден қызметі оның құзыретіне жатпайтын талап-тілек алса, ол оны сұралған Тараптың тиісті ведомствосына тапсырады және бұл туралы, сондай-ақ осы талап-тілектің орындалу нәтижелері туралы сұраушы Тарап мемлекетінің кеден қызметіне хабарлайды. Бұл орайда талап-тілектің орындалуы сұралған Тараптың тиісті ведомствосының қарауында болады.
Егер талап-тілекті орындаудан бас тартылған болса, сұралған Тарап мемлекетінің кеден қызметі бұл туралы, бас тартудың себептерін көрсете отырып, сұраушы тарап мемлекетінің кеден қызметіне жазбаша түрде хабарлайды. Сұралған Тарап мемлекетінің кеден қызметі аталған талап-тілекте көрсетілген істі одан әрі жүргізу үшін пайдалы болуы мүмкін, қолда бар барлық ақпаратты береді.
Бап 8. 8-бап
Ақпараттар мен құжаттарды пайдалану
8-бап
Ақпараттар мен құжаттарды пайдалану
Тармақ 1
1. Осы Келісімнің ережелеріне сәйкес алынған ақпараттар, құжаттар мен басқа да мәліметтер Осы Келісімнің 3-тармағында айқындалған мақсаттар үшін ғана пайдаланылады.
Тармақ 2
2. Ақпараттар, құжаттар мен басқа да мәліметтер өзге мақсаттарға, сот
немесе әкімшілік тергеулері кезінде дәлелдемелер ретінде пайдалануды қоса
алғанда, оларды берген мемлекеттің кедендік қызметінің жазбаша келісімімен
ғана, және осы кеден қызметі белгіленген кез келген шектеулер сақталған
жағдайда ғана, өзге мақсаттар үшін пайдаланылады.
Бап 9. 9-бап
Құпиялылық
9-бап
Құпиялылық
Осы Келісімнің ережелеріне сәйкес алынған кез келген ақпаратқа,
құжаттарға немесе мәліметтерге алушы елде оның өз аумағында алынған осы
елдің сондай ақпараттары, құжаттары немесе мәліметтері сияқты жариялаудан
қорғау жасалады.
Бап 10. 10-бап
Жәрдем көрсету жөніндегі
міндеттемелерден айрықшалықтар
10-бап
Жәрдем көрсету жөніндегі
міндеттемелерден айрықшалықтар
Тармақ 1
1. Егер бір Тарап мемлекетінің кеден қызметі сұралып отырған жәрдем оның мемлекетінің егемендігіне, қауіпсіздігіне немесе басқа да елеулі мүдделеріне зиян келтіреді, не кез келген мемлекеттік немесе жеке кәсіпорынның заңды коммерциялық мүдделеріне зиян келтіреді, не сұраған Тарап мемлекетінің аумағында жүргізіліп жатқан тергеуге бөгет жасайды деп есептесе, ол жәрдем беруден бас тарта алады, не белгілі бір жағдайлар немесе талаптар сақталған жағдайда ғана оны көрсетеді.
Тармақ 2
2. Егер бір Тарап мемлекетінің кеден қызметі, басқа Тарап мемлекетінің кеден қызметі осындай тілек білдірілгенде өзі жәрдем көрсете алмаған жәрдемді көрсету туралы талап қойса, өз талап-тілегінде ол бұл туралы ескертеді. Мұндай талап-тілекті орындау сұралған кеден қызметінің қарауына беріледі.
Бап 11. 11-бап
Есірткі құралдары мен жүйкеге әсер ететін
заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес
11-бап
Есірткі құралдары мен жүйкеге әсер ететін
заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес
Тармақ 1
1. Тараптар мемлекеттерінің кедендік қызметтері есірткі құралдары мен жүйкеге әсер ететін заттардың заңсыз айналымының алдын алу, тергеу және жолын кесу жөніндегі әрекеттерді күшейту мақсатында өз бастамасымен және мүмкіндігінше қысқа мерзімде бір-біріне:
Тармақша а
а) есірткі құралдары мен жүйкеге әсер ететін заттардың заңсыз айналымына тартылғаны белгілі немесе осындай күдік тудыратыны белгілі тұлғалар;
Тармақша b
b) есірткі құралдары мен жүйкеге әсер ететін заттардың заңсыз айналымына пайдаланылып жүргені белгілі немесе осы жөнінде күдік тудыратын жер үсті, су, әуе немесе басқа көлік құралдары, контейнерлер және сауқаттар туралы хабарлайды.
Тармақ 2
2. Тараптар мемлекеттерінің кедендік қызметтері өз бастамасы бойынша бір-біріне есірткі құралдар мен жүйкеге әсер ететін заттардың заңсыз айналысының олар қолданып жүрген тәсілдері туралы, сондай-ақ контрабандамен пәрменді күрес жүргізудің жаңа әдістері туралы қолдарында бар барлық ақпаратты бір-біріне береді.
Тармақ 3
3. Егер Тараптар өзара келісе отырып есірткі құралдар мен жүйкеге әсер ететін заттардың заңсыз айналысына қатысы бар тұлғаларды анықтау мақсатымен бақыланып отырған жеткізу әдісін пайдалану туралы шешімге келсе, Тараптар мемлекеттерінің кедендік қызметтері олардың мемлекеттерінің ішкі заңдарына сәйкес өздерінің мүмкіндіктері мен құзыретті шектерінде осы саладағы ынтымақтастыққа жәрдем көрсетеді.
Тармақ 4
4. Тараптар мемлекеттерінің кедендік қызметтері есірткі құралдар мен жүйкеге әсер ететін заттарды өндіру үшін пайдаланылатын заттарға осы баптың қолданылуын кеңейте алады.
Бап 12. 12-бап
Кедендік нысандылықты жеңілдету
12-бап
Кедендік нысандылықты жеңілдету
Тармақ 1
1. Тараптар мемлекеттерінің кедендік қызметтері екі мемлекет арасындағы жолаушы және жүк қатынастарын, тауарлар транзитін қоса алғанда, жеңілдету және жеделдету мақсатында кедендік рәсімдеуді оңайлату жөнінде өзара келісу арқылы қажетті шаралар қолданады.
Тауарлар мен көлік құралдарының ауысуы өзара уағдаластық бойынша белгіленген бекеттер арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Тараптар мемлекеттерінің кедендік бір-бірінің кедендік қамтамасыз етуін және кедендік құжаттарын тану туралы қызметтері кеңестер өткізеді және мәселені жеке келіседі.
Бап 13. 13-Бап
Тәжірибе алмасу
13-Бап
Тәжірибе алмасу
Тармақ 1
1. Тараптар мемлекеттерінің кедендік қызметтері өзара түсіністікке қол жеткізу мақсатында мынадай салаларда өз қызмет тәжірибелерін алмасып отырады:
Тармақша а
а) кеден заңдары;
Тармақша b
b) тауарларды, жолаушыларды және почталық жіберілімдерді кедендік бақылауды ұйымдастыру және қолданылып жүрген әдістер;
Тармақша с
с) кедендік бақылаудың техникалық құралдарын пайдалану;
Тармақша d
d) контрабанда әрекеті, оның түрлері, жасыру құралдары, құқық
бұзушылықтың жаңа әдістері, әшкерелеу әдістері мен олардың нәтижелері
туралы ақпараттар;
Тармақша е
е) басқа кедендік қызметтермен, Дүниежүзілік кеден ұйымымен және өзге
халықаралық ұйымдармен;
Тармақша f
f) өзара мүдделілік тудыратын басқа да мәселелер.
Тармақ 2
2. Тараптар мемлекеттерінің кедендік қызметтері төмендегілерді қоса
алғанда, мынадай салаларда ынтымақтасады:
Тармақша а
а) өзара мүдделілік туған жағдайда, оның ішінде кедендік бақылаудың
техникалық құралдарымен, компьютерлік техникамен және басқа да осы заманғы
ғылыми-техникалық құралдармен танысу мақсатында, кедендік қызметтердің
қызметшілерімен және сарапшыларымен алмасу;
Тармақша b
b) кеден қызметшілерін кәсіби оқыту;
Тармақша с
с) кеден ісіне қатысты кәсіби, ғылыми және техникалық мәліметтермен
алмасу.
Бап 14. 14-бап
Шығындар
14-бап
Шығындар
Тармақ 1
1. Тараптар мемлекеттерінің кедендік қызметтер кедендік қызметте істемейтін куәгерлерге, сондай-ақ сарапшылар мен аудармашыларға ақы төлеу жөніндегі, осы келісімнің ережелеріне сәйкес талап-тілектерді орындау кезінде жұмсалған шығындарды қоспағанда, осы Келісімді орындауға байланысты шығындардың орнын толтырудың кез келген талаптарын қабылдамайды.
Тармақ 2
2. Осы Келісімнің 13-бабының ережелерін орындауға байланысты
шығындардың орнын толтыру Тараптар мемлекеттерінің кедендік қызметтері
арасында жеке уағдаластықтың тақырыбы болуы мүмкін.
Бап 15. 15-бап
Келісімді орындау
15-бап
Келісімді орындау
Тармақ 1
1. Тараптардың кедендік қызметтері олардың орталық бөлімшелері
арасында байланыстың тікелей арналарын орнатуды көздейді және өздерінің
жергілікті бөлімшелеріне өзара байланыстарды жүзеге асыруға өкілеттік бере
алады, бұл Тараптардың кедендік қызметтерінің жеке уағдаластығымен
келісілетін болады.
Тармақ 2
2. Тараптардың кеден қызметтері осы Келісімнің ережелерін пайымдау
немесе қолдану кезінде кеңестер өткізеді және пайда болатын мәселелерді
шешіп отырады.
Бап 16. 16-бап
Келісімнің аумақтық қолданысы
16-бап
Келісімнің аумақтық қолданысы
Осы Келісім Қазақстан Республикасының кедендік аумағында және
Монғолия Республикасының кедендік аумағында қолданыста болады.
Бап 17. 17-бап
Дауларды шешу
17-бап
Дауларды шешу
Осы келісімнің ережелерін орындауға байланысты даулар Уағдаласушы
Тараптар арасындағы кеңестер және келіссөздер жолымен шешілетін болады.
Бап 18. 18-бап
Келісімнің күшіне енуі және қолданысының
тоқтатылуы
18-бап
Келісімнің күшіне енуі және қолданысының
тоқтатылуы
Осы Келісім, дипломатиялық арналар бойынша, осы келісімнің іске
қосылуы үшін қажетті ішкі мемлекеттік заң рәсімдерін Тараптардың
орындағаны туралы соңғы хабарламаны алған сәттен отыз күн өткен соң 5
жылдық мерзіммен күшіне енеді және егер осы Келісім әрекетінің мерзімі
біткенге дейін кемінде 6 ай бұрын Тараптардың бірі оның әрекетін өзінің
тоқтататын ниеті туралы мәлімдемесе, ол өздігінен ұзартылатын болады.
Бап 19. 19-бап
Өзгертулер мен толықтырулар енгізу
19-бап
Өзгертулер мен толықтырулар енгізу
Осы Келісімге Тараптардың өзара келісуі бойынша өзгертулер мен
толықтырулар енгізілуі мүмкін.
Алматы қаласында 1998 жылғы 12 наурызда екі данада, әрқайсысы қазақ,
монғол және орыс тілдерінде жасалды, сондай-ақ барлық мәтіндердің заңды
күші бірдей.
Осы келісімнің ережелерін пайымдауда пікір алшақтығы пайда болған
жағдайда, Тараптар орыс тіліндегі мәтінді басшылыққа алатын болады.