О декларировании отдельных категорий товаров в определенных таможенных органах Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының белгілі бір кеден органдарында тауарлардың жекелеген санатын декларациялау туралы
Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 373-бабына сәйкес тауарлардың жекелеген санаттарына кедендік бақылауды жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың жекелеген санаттарын кедендік ресімдеу (бұдан әрі - тауарлар) 1-қосымшаға сәйкес, кеден органдары (бұдан әрі - уәкілетті кеден органдары) 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде орналасқан Қазақстан Республикасының кеден органдары тауарларды мөлшеріне қарамастан тауарларды уәкілетті кеден органдарына жіберсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық мынадай тауарларға қатысты қолданылмасын:
Қазақстан Республикасының кедендік аумағына көрмелiк iс-шараларды өткізу үшін уақытша әкелінетін;
iзгiлiк және техникалық көмек ретiнде әкелінетін;
дипломатиялық, консулдық және оларға теңестірілген өкілдіктердің, белгіленген тәртіппен аккредиттелген шетел бұқаралық ақпарат құралдарының корреспонденттік пунктінің атына әкелінетін;
халықаралық почта жөнелтімдерімен әкелінетін;
транзит кедендік режиміне сәйкес өткізілетін;
жеке тұлғалар әкелетін және өндірістік немесе өзге де коммерциялық қызметке арналмаған, сондай-ақ жеке тұлғалар оңайлатылған тәртіппен әкелетін.
Тармақ 4
4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) "Қазақстан Республикасының белгілі бір кедендерінде тауарлардың жекелеген санатын декларациялау бойынша нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 26 маусымдағы N 326 бұйрығы (ҚР Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 20 қазандағы N 474 бұйрығымен енгізілген Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін тіркеудің мемлекеттік тізілімінде N 2401 болып тіркелген);
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде N 2401 болып тiркелген "Қазақстан Республикасының белгiлi бiр кеден органдарында тауарлардың жекелеген санаттарын декларациялау жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi төрағасының 2003 жылғы 26 маусымдағы
N 326 бұйрығына толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 20 қазандағы N 474 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін тіркеудің мемлекеттік тізілімінде N 2540 болып тіркелген, "Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде" 2004 жыл, N 33-36, 982-құжат жарияланған)
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасы (Ө.К.Бейіспеков) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Б.Т.Әбдішевке жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған сәтінен бастап он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 10. Жекелеген санат тауарларының тізбесі
Қазақстан Республикасы
Қаржы вице-министрі -
Қаржы министрлігінің
Кедендік бақылау комитеті
төрағасының 2005 жылғы
5 мамырдағы N 167 бұйрығына
1-қосымша
Жекелеген санат тауарларының тізбесі
Р/б
N
ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН-ға сәйкес тауардың атауы
ЕурАзЭҚ
СЭҚ ТН
бойынша
тауар-
дың
коды
1
2
3
1
Тамақты дайындауға және жылытуға арналған
құрылғылар: газ немесе газ және басқа да отын
түрлерінде
7321 11
2
Газ су жылытқыштары
7321 81
3
Тамақты дайындауға және жылытуға арналған
құрылғылардың бөліктері
7321 90
4
Желдеткіштер: қуаты 125 Вт-тан аспайтын электр
двигателі орнатылған үстелдік, қабырғалық,
кедендік, төбелік, шатырларға немесе терезелерге
арналған
8414 51
5
Ең үлкен көлденең мөлшері 120 см-ден аспайтын
қалпақтар немесе тартпалы шкафтар
8414 60
6
Ылғалдылығы жеке реттелмейтін кондиционерлерді
қоса алғанда, ауаның температурасы мен
ылғалдылығын өзгертуге арналған двигателі мен
аспаптары бар желдеткіштермен жабдықталған ауаны
тазалауға арналған қондырғылар, терезелік немесе
қабырғалық түрдегі, бірыңғай корпуста немесе
сплит-жүйеде
8415 10
7
Ылғалдылығы жеке реттелмейтін кондиционерлерді
қоса алғанда, ауаның температурасы мен
ылғалдылығын өзгертуге арналған двигателі мен
аспаптары бар желдеткіштермен жабдықталған ауаны
тазалауға арналған қондырғылар, тоңазыту
қондырғысы орнатылмаған
8415 83
8
Ауаны тазалауға арналған қондырғылардың
бөліктері
8415 90
9
Компрессорлық тұрмыстық тоңазытқыштар
8418 21
10
Сыйымдылығы 800 литрден аспайтын ларь
түріндегі мұздатқыштар
8418 30
11
Сыйымдылығы 900 литрден аспайтын тік үлгідегі
мұздатқыш шкафтар
8418 40
12
Тоңазытқыш немесе мұздатқыш камералар, жайма
сөрелер, сөрелер және тоңазытқыш немесе
мұздатқыш жабдықтар орнатылған ұқсас жиһаздар,
өзгелері
8418 50
13
Инерттік емес газ су жылытқыштары
8419 11
14
Тұрмыстық ыдыс жуатын машиналар
8422 11
15
Емшектегі балаларды қоса алғанда, адамдарды
өлшеуге арналған таразылар; тұрмыстық таразылар
8423 10
16
Сығу құрылғысымен жарақтандырылған машиналарды
қоса алғанда, 10 кг астам құрғақ кір сыятын,
толығымен автоматты тұрмыстық немесе кір жуатын
орындарға арналған кір жуғыш машиналар
8450 11
17
Сығу құрылғысымен жарақтандырылған машиналарды
қоса алғанда, 10 кг астам құрғақ кір сыятын,
ортадан тепкіш сығу құрылғылары орнатылған өзге
де тұрмыстық немесе кір жуатын орындарға
арналған кір жуғыш машиналар
8450 12
18
10 кг астам құрғақ кір сыятын кептіру
машиналары
8451 21
19
Сыртқы тоқ көздерінсіз жұмыс істеуге қабілетті
электронды калькуляторлар және жазуға, дыбысын
шығаруға және деректерді көзбен көрсетуге
арналған есептеу функциялары бар қалта
машиналары
8470 10
20
Бір корпуста есте сақтау құрылғысын қамтитын
немесе қамтымайтын енгізу немесе шығару
құрылғылары
8471 60
21
Есептеу машиналарының өзге де құрылғылары
8471 80
22
Көшіру-көбейту машиналары
8472 10
23
8471 тауар позициясына арналған бөліктер мен
керек-жарақтар
8473 30
24
Құрғақ және ылғалды жинауға арналған
шаңсорғыштарды қоса алғанда, шаңсорғыштар
8509 10
25
Тамақ өнімдерін ұсатқыштар және араластырғыштар;
жеміс-жидек немесе көкөністерге арналған шырын
сыққыштар
8509 40
26
Өзге де құралдар
8509 80
27
Орнатылған электр двигательдері бар тұрмыстық
электромеханикалық машиналардың бөліктері
8509 90
28
Электрұстаралар
8510 10
29
Шаш қиюға арналған машинкалар
8510 20
30
Шаш алуға арналған құрылғылар
8510 30
31
Электрұстара, шаш қиюға арналған машинка және
орнатылған электр двигательдері бар шаш алуға
арналған құрылғылардың бөліктері
8510 90
32
Шамдар
8513 10
33
Инерциясыз немесе аккумуляторлаушы электрлі су
жылытқыштары, сүңгімелі электр жылытқыштар
8516 10
34
Жылуды аккумуляторлаушы радиаторларды
қоспағанда, өзге де кеңістікті жылытуға және
топырақты жылытуға арналған электр жабдықтары
8516 29
35
Шашқа арналған электр кептіргіштері
8516 31
36
Шаштараздық мақсаттарға арналған өзге де электр
құралдары
8516 32
37
Электр үтіктері
8516 40
38
Қысқа толқынды пеш
8516 50
39
Өзге де пештер; электр плиталар, электрплиткалар,
ас пісіретін электр қазандары; грилдер және
тостерлер
8516 60
40
Кофе немесе шай дайындауға арналған электр
жылыту құралдары
8516 71
41
Тостерлар
8516 72
42
Өзге де электр жылыту құралдары
8516 79
43
Қыздырғыш электр кедергілері
8516 80
44
8516 тауар позициясы электр жылыту құралдарының
бөліктері
8516 90
45
Сымсыз трубкасы бар сымды байланысқа арналған
телефон аппараттары
8517 11
46
Өзге де телефон аппараттары, бейнефондар
8517 19
47
Факсты аппараттар
8517 21
48
Телефон немесе телеграф байланыстарына арналған
коммутаторлар
8517 30
49
Сымсыз трубкалары бар телефон аппараттары мен
тасымалдаушы жиіліктегі сымды байланыс жүйесіне
немесе сымды сандық байланыс жүйесіне арналған
аппараттарды қоса алғанда, сымды байланысқа
арналған электр телефонды немесе телеграфты
аппараттардың бөліктері
8517 90
50
Микрофондар және оларға арналған тағандар
8518 10
51
Корпусқа орнатылған дара дауыс ұлғайтқыштар
8518 21
52
Корпусқа орнатылған немесе орнатылмаған өзге
де дауыс ұлғайтқыштар
8518 29
53
Микрофонмен біріктірілген немесе біріктірілмеген
құлаққа киетін және басқа киілетін телефондар
және бір немесе одан да көп дауыс ұлғайтқышты
микрофоннан тұратын жиынтықтар
8518 30
54
Дыбыс жиілігін электрлі ұлғайтқыштар
8518 40
55
Микрофондар және оларға арналған тағандардың;
корпусқа орнатылған немесе орнатылмаған дауыс
ұлғайтқыштардың; микрофонмен біріктірілген
немесе біріктірілмеген құлаққа киетін және басқа
киілетін телефондар және бір немесе одан да көп
дауыс ұлғайтқышты микрофоннан тұратын
жиынтықтардың; дыбыс жиілігін электронды
ұлғайтқыштардың; электрлі дыбыс ұлғайтқыш
жиынтықтардың бөліктері
8518 90
56
Өзге де электрлі ойнатқыш (деки) жабдықтар
8519 39
57
Қалталы кассеталы плейерлер
8519 92
58
Дыбыс шығаруға арналған өзге де аппаратура,
өзге де кассета түрлері
8519 93
59
Дыбыс шығаруға арналған өзге де аппаратура
8519 99
60
Дыбыс шығару қондырғылары бар өзге де
магнитофондар: дыбысты сандық жазуымен
8520 32
61
Дыбыс шығару қондырғылары бар өзге де
магнитофондар, өзге де кассета түрлері
8520 33
62
Магнит таспасы бар, бейнетюнермен қосарланған
немесе қосарланбаған бейнежазу немесе
бейнешығару аппаратуралары
8521 10
63
Өзге де бейнетюнермен қосарланған немесе
қосарланбаған бейнежазу немесе бейнешығару
аппаратуралары
8521 90
64
37-топтың бұйымдарынан басқа, дыбыс жазбасын
жазуға немесе басқа да ұқсас құбылыстарды жазуға
арналған, жазылмаған дайын тасығыштар: ені 4
мм-ден аспайтын магнит таспалар
8523 11
65
37-топтың бұйымдарынан басқа, дыбыс жазбасын
жазуға немесе басқа да ұқсас құбылыстарды жазуға
арналған, жазылмаған дайын тасығыштар: ені 6,5
мм-ден аспайтын магнит таспалар
8523 13
66
37-топтың бұйымдарынан басқа, дыбыс жазбасын
жазуға немесе басқа да ұқсас құбылыстарды жазуға
арналған, жазылмаған дайын тасығыштар: магнитті
дисктер
8523 20
67
Өзге де магнит тасығыштар
8523 90
68
Өзінде қабылдау құрылғылары бар беру
аппаратуралары
8525 20
69
Кадр бойынша бейнелейтін бейнекамералар және
өзге де жазу бейнекамералары: цифрлы
бейнекамералар
8525 40
70
Радио қабылдағышы бар қалталы кассеталы
плейерлер
8527 12
71
Қабылдағыштарды қоса алғанда, сыртқы тоқ
көздерінсіз жұмыс істеуге қабілетті, сол сияқты
радиотелефондық немесе радиотелеграфтық
дабылдарды қабылдауға қабілетті кең ауқымды
хабар беру радио қабылдағыштары, өзгелері
8527 19
72
Қабылдағыштарды қоса алғанда, моторлы көлік
құралдарында пайдаланылатын тек сыртқы тоқ
көздерінен жұмыс істеуге қабілетті, сондай-ақ
радиотелефон немесе радиотелеграф дабылдарын
қабылдауға қабілетті кең ауқымды хабар беру
радио қабылдағыштары, жазуға немесе дыбыс
шығаруға арналған құрылғыларымен біріктірілген
8527 21
73
Қабылдағыштарды қоса алғанда, сондай-ақ
радиотелефон немесе радиотелеграф дабылдарын
қабылдауға қабілетті кең ауқымды хабар беру
радио қабылдағыштары, жазуға немесе дыбыс
шығаруға арналған құрылғыларымен біріктірілген
8527 31
74
Қабылдағыштарды қоса алғанда, сондай-ақ
радиотелефон немесе радиотелеграф дабылдарын
қабылдауға қабілетті кең ауқымды хабар беру
радио қабылдағыштары, жазуға немесе дыбыс
шығаруға арналған құрылғыларымен біріктірілме-
ген, бірақ бөлшектермен біріктірілген
8527 32
75
Өзге де аппаратура
8527 90
76
Радио хабарларын тарату қабылдағыштарымен немесе
дыбысты немесе бейнені жазатын немесе қайта
жаңғыртатын қабылдау аппаратурасымен
біріктірілген немесе біріктірілмеген теледидар
байланыстарына арналған түрлі-түсті бейнелеу
аппаратурасы
8528 12
77
Түрлі-түсті бейнелеу бейнемониторлар
8528 21
78
Антенналар және осы бұйымдармен бірге
пайдаланылатын барлық түрдегі бейнелеу
антенналары
8529 10
79
Тек немесе негізінен 8525-8528 тауар позиция-
ларының аппаратуралары үшін арналған өзге де
бөлшектер
8529 90
80
Герметикалық бағытты жарық лампалары
8539 10
81
Бейне мониторларға арналған электр-сәулелі
түтіктерді қоса алғанда, электр-сәулелі
телевизиялық түрлі-түсті бейнелеу түтіктері
8540 11
82
Кернеуі 80 В асатын, бірақ 1000 В аспайтын өзге
де электр өткізгіштер, қосушы құрылғылармен
жабдықталған
8544 51
83
Микрофильмдерге, микрофиштерге немесе басқа да
микротасығыштарға арналған құжаттардың бейнеле-
рін таспаға көшіру үшін пайдаланылатын
фотокамералар
9006 20
84
Су астында түсіруге, аэрофототүсіруге немесе
ішкі органдарды медициналық немесе хирургиялық
тексеруге арналған фотокамералар; сот немесе
криминалистика мақсаттары үшін салыстыру
жүргізуге мүмкіндік беретін камералар
9006 30
85
Өзге де фотокамералар
9006 59
86
Фотокамералар үшін бөліктер мен керек-жарақтар
9006 91
87
Өзге де бейнелеу проекторлары
9008 30
88
Орнатылған оптикалық жүйесі бар өзге де
фотокөшіру машиналары
9009 21
89
Оптикалық жүйесі бар немесе контактілі үлгідегі
фотокөшіру машиналары және термокөшіру
машиналарының өзге де бөліктері мен
керек-жарақтары
9009 99
90
Механикалық терапияға арналған аппаратура;
массаждық аппараттар; кәсіптік жарамдылығын
психологиялық тексеруге арналған аппаратура
9019 10
91
Аккордеондардан басқа, клавишалық аспаптар
9207 10
92
Өзге де бөліктер
9209 99
Қазақстан Республикасы
Қаржы вице-министрі -
Қаржы министрлігінің
Кедендік бақылау комитеті
төрағасының 2005 жылғы
5 мамырдағы N 167
бұйрығына
2-қосымша
Жекелеген санат тауарларын кедендік ресімдеуді жүзеге асыруға уәкілетті кеден органдарының тізбесі
Тармақ 1
1. Астана қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінің "Астана - Кедендік ресімдеу орталығы" кеден бекеті.
Тармақ 2
2. Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінің "Алматы - Кедендік ресімдеу орталығы" кеден бекеті.
Тармақ 3
3. Алматы облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің "Алатау - Кедендік ресімдеу орталығы" кеден бекеті.
Тармақ 4
4. Ақмола облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің "Көкшетау - Кедендік ресімдеу орталығы" кеден бекеті.
Тармақ 5
5. Ақтөбе облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің "Ақтөбе - Кедендік ресімдеу орталығы" кеден бекеті.
Тармақ 6
6. Атырау облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің "Ақ-Жайық - Кедендік ресімдеу орталығы" кеден бекеті.
Тармақ 7
7. Шығыс Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің "Өскемен - Кедендік ресімдеу орталығы" кеден бекеті.
Тармақ 8
8. Шығыс Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің "Семей - Кедендік ресімдеу орталығы" кеден бекеті.
Тармақ 9
9. Жамбыл облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің "Тараз - Кедендік ресімдеу орталығы" кеден бекеті.
Тармақ 10
10. Батыс Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің "Орал - Кедендік ресімдеу орталығы" кеден бекеті.
Тармақ 11
11. Қарағанды облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің "Қарағанды - Кедендік ресімдеу орталығы" кеден бекеті.
Тармақ 12
12. Қарағанды облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің Ұлытау кедені.
Тармақ 13
13. Қостанай облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің "Қостанай - Кедендік ресімдеу орталығы" кеден бекеті.
Тармақ 14
14. Қызылорда облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің "Қызылорда - Кедендік ресімдеу орталығы" кеден бекеті.
Тармақ 15
15. Қызылорда облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің "Байқоңыр" кедені.
Тармақ 16
16. Маңғыстау облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің "Ақтау - Кедендік ресімдеу орталығы" кеден бекеті.
Тармақ 17
17. Павлодар облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің "Павлодар - Кедендік ресімдеу орталығы" кеден бекеті.
Тармақ 18
18. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің "Петропавл - Кедендік ресімдеу орталығы" кеден бекеті.
Тармақ 19
19. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің "Шымкент - Кедендік ресімдеу орталығы" кеден бекеті.
Тармақ 20
20. Астана қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінің "Әуежай - Астана" кеден бекеті.
Тармақ 21
21. Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінің "Жетісу" кеден бекеті.
Тармақ 22
22. Ақмола облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің "Ақсу" кеден бекеті.
Тармақ 23
23. Шығыс Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің "Оба" кеден бекеті.
Тармақ 24
24. Ақтөбе облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің "Ембі" кеден бекеті.
Тармақ 25
25. Ақтөбе облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің "Мұғалжар" кеден бекеті.
Тармақ 26
26. Ақтөбе облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің "Шұбар-Құдық" кеден бекеті.
Тармақ 27
27. Атырау облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің "Теңіз" кеден бекеті.
Тармақ 28
28. Атырау облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің "Әуежай - Атырау" кеден бекеті.
Тармақ 29
29. Батыс Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің "Ақсай" кеден бекеті.
Тармақ 30
30. Қарағанды облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің "Теміртау" кеден бекеті.
Тармақ 31
31. Қарағанды облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің "Әуежай - Қарағанды" кеден бекеті.
Тармақ 32
32. Қостанай облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің "Қаратомар" кеден бекеті.
Тармақ 33
33. Маңғыстау облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің "Қара-Шекпен" кеден бекеті.
Тармақ 34
34. Маңғыстау облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің "Әуежай - Ақтау" кеден бекеті.
Тармақ 35
35. Павлодар облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің "Ақсу" кеден бекеті.
Тармақ 36
36. Павлодар облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің "Екібастұз" кеден бекеті.
Тармақ 37
37. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің "Түркістан" кеден бекеті.
Тармақ 38
38. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің "Әуежай - Шымкент" кеден бекеті.
Тармақ 39
39. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің "Сарыағаш" кеден бекеті.
Тармақ 40
40. "Қорғас" кедені.
Тармақ 41
41. "Қордай" кедені.
Тармақ 42
42. "Бақты" кедені.
Тармақ 43
43. "Майқапшағай" кедені