О продаже периодических печатных изданий, публикующих материалы эротического содержания Қолданыста
Басқа 0
Эротикалық мазмұндағы материалдар жариялайтын мерзімді
басылымдардың сатылуы туралы
Қазақстан Республикасының "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңының 14 бабы, 2 тармағының талабының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында, эротикалық мазмұндағы материал жариялайтын мерзімді басылымдарды бөлшек саудада сатуды реттеу туралы, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабын басшылыққа ала отырып, Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Эротикалық мазмұнда, материалдар жариялайтын мерзімді басылымдарды бөлшек саудада сату үшін тұрақты мекен-жайлардың тізбесі бекітілсін (1 қосымша).
Тармақ 2
2. Эротикалық мазмұндағы материал жариялайтын мерзімді басылымдарды бөлшек саудада сатудың ережесі бекітілсін (2 қосымша).
Тармақ 3
3. Қала әкімі аппаратының мемлекеттік құқық бөлімі Ә.А. Исақов, "Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі Ә. Әбдімомынов, "Тараз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі А.К. Жүнісбаев эротикалық мазмұндағы материалдар жариялайтын мерзімді басылымдарды бөлшек саудада сатудың ережесінің орындалуын тұрақты бақылауды жүзеге асырсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасарлары Н.Н. Әлібаев пен К.М. Тоғызбаеваға жүктелсін.
Басқа 5. Эротикалық мазмұндағы материалдарды жариялайтын мерзімді
баспасөз басылымдарының бөлшек саудасына арналған
стационарлық дүкендерінің
ТІЗБЕСІ
Тараз қаласының әкімдігінің
2005 жылғы 11 сәуірдегі
N 154 қаулысына 1 қосымша
"Эротикалық мазмұндағы материалдар
жариялайтын мерзімді басылымдардың
сатылуы туралы"
Эротикалық мазмұндағы материалдарды жариялайтын мерзімді
баспасөз басылымдарының бөлшек саудасына арналған
стационарлық дүкендерінің
ТІЗБЕСІ
Тармақ 1
1. "Өмірзақов және К" ӨС кітап дүкені, Бектұрғанов көшесі, 14
Тармақ 2
2. "Өмірзақов және К" ӨС "Жеті жарғы кітап" дүкені, Абай даңғылы, 141
Тармақ 3
3. "Шерхан Мұртаза" кітап үйі, Төле би көшесі, 50
Тармақ 4
4. "Глобус" дүкені, Қазыбек би көшесі
Тармақ 5
5. "Сенім" баспаханасы, Төле би көшесі, 22
Басқа 11. Эротикалық мазмұндағы материалдарды жариялайтын мерзімді
баспасөз басылымдарының бөлшек саудасы туралы
ТӘРТІБІ
Тараз қаласының әкімдігінің
2005 жылғы 11 сәуірдегі
N 154 қаулысына 1 қосымша
"Эротикалық мазмұндағы материалдар
жариялайтын мерзімді басылымдардың
сатылуы туралы"
Эротикалық мазмұндағы материалдарды жариялайтын мерзімді
баспасөз басылымдарының бөлшек саудасы туралы
ТӘРТІБІ
Тарау 1. 1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Тармақ 1
1. Аталмыш тәртіп Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңдарына және бөлшек сауданың негізгі ережелеріне сәйкес жасалынған.
Тармақ 2
2. Аталмыш тәртіп заңды және жеке тұлғалардың эротикалық мазмұндағы материалдарды жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдардың бөлшек саудасын реттейді.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңының 1 бабының 14 тармағына сәйкес, сексті тұрақты әрі жалпы негізде жарнамалайтын баспа басылымдары және телерадио бағдарламалары эротикалық сипаттағы өнімдер болып саналады.
Тарау 2. 2. Эротикалық сипаттағы баспа өнімдерін сату
2. Эротикалық сипаттағы баспа өнімдерін сату
Тармақ 4
4. Эротикалық сипаттағы баспа өнімдерінің бөлшек саудасы желімделген жылтыр қораптарда іске асырылады.
Тармақ 5
5. Сапасыз, әрі эротикалық сипаттағы баспа өнімдерінің өткерілгені үшін белгіленген тәртіп бойынша, меншік нысанына қарамастан бөлшек сауда ұйымдары жауапкершілікке тартылады.
Тармақ 6
6. Он сегіз жасқа толмағандарға эротикалық сипаттағы материалдар жарияланатын баспа өнімдерінің саудасын жасауға тиым салынады.
Тарау 3. 3. Аталмыш Тәртіптің сақталуына жауапкершілік
3. Аталмыш Тәртіптің сақталуына жауапкершілік
Тармақ 7
7. Эротикалық сипаттағы материалдар жарияланатын мерзімді баспасөз өнімдерінің бөлшек саудасы туралы Тәртібін бұзу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдылықтарына сай жауапкершілікке тартылады.